Амандос Әтібекұлы Ақанаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақанаев Амандос Әтібекұлы — (19.11.1948 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Белбұлақ ауылында) — кескіндемеші. Алматы көркем-сурет училищесін (М.Қисамединов пен С.Айтбаев класы бойынша) бітірген (1968).<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

  • 1968 -1980 жылдарда сол училищеде оқытушы болған.
  • 1974 -1978 жылдарда Мәскеу қаласындағы КСРО көркем-сурет академиясында (проф. Д.К.Мочальский мен Е.А.Кибриктің жетекш.) тәжірибе жинақтаудан өтті.
  • 1982 -1985 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясын басқарады.
  • 1985 -1987 жылдары көркем-сурет қорын басқарды.

Оның Қазақстанда, Ресейде (1974, 1992), АҚШ -та (1995) және Испанияда (1998) көрмелері ұйымдастырылды. А.Ақанаев — "Ағаш пен өзен", "Т.Көкеев операция жасау кезінде" (екеуі де 1978), "Үлкейтілген фотография" (1981), "Буырқанған дүние" (1983), "Мәңгілік туралы жыр" (1983-84), "1730 жыл" (1998), "Тотықұс" (1988-89), "Ә.Қастеевтің портреті" (1980), "Дала адамдары", "Бақсылық", т.б. кескіндемелік туындылардың авторы. Бірнеше еңбегі журналдарда, кітаптарда жарияланды. А.Аканаев туындылары Қазақстан Мемл. өнер мұражайында, Мәскеудегі Третьяков галереясында, т.б. қойылған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}