Амангелді Әбдішұлы Мұсабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амангелді Әбдішұлы Мұсабеков - 1948 жылы 10 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қарқаралы ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Мұсабеков Әбдіш, марқұм, орта мектептің мүғалімі болған. Анасы - Манамбаева Мәкен Қабайқызы, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.

Қарағанды педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін бітірген (1979), дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1965 жылдан - Қарағанды машина жасау зауытыныңқұрастырушысы.
  • 1966 жылдан - Қарағанды дене шынықтыру техникумының жаттықтырушысы.
  • 1969 жылдан - «Динамо» БЕСҚ Кеңесінің Қарағанды облыстық еркін күрестен жаттықтырушысы.
  • 1970 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1972 жылдан - №3 Қарағанды мектеп-интернатының жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1982 жылдан - Қарағанды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің еркін күрестен жаттықтырушысы.
  • 1987 жылдан - Қарағанды спорт кәсіптік мектеп-интернатының жаттықтырушысы.
  • 1991 жылдан - «Құра» дүкенінің сатушысы.
  • 1998 жылдан - Қарағанды облыстық Ақбастау орта мектебінің директоры.
  • 2003 жылдан - №1 БЖСМ еркін күрестен жаттықтырушысы (Орал қаласы).
  • 2004 жылдан - №3 БЖСМ еркін күрестен жаттықтырушысы.
  • 2008 жылдан бері - Шымкент қаласындағы№1 БЖСМ еркін күрестен жаттықтырушы. ҚазКСР 5 мәрте чемпионы (1967-1971); жастар арасындағы КСРО біріншілігінің қола жүлдегері (1968). Әлем чемпиондары - С. Алшымбаевты, А. Жандаровты, КСРО кубогының жеңімпазы М. Маяузовты тәрбиелеген. Еркін күрестен КСРО спорт шебері (1967). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1982).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің экономикалық алдыңғы қатарлы елдерінің бірі».
Хоббиі - музыка.
Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев және т.б. шығармалары.

Үйленген. Жұбайы - Ахметжанова Нұрбике Ағзымқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Үлдары - Мұсабеков Есен (1972 ж. т.), кәсіпкер; Мұсабеков Ержан (1974 ж. т.), кәсіпкер; қызы - Мұсабекова Ботагөз (1976 ж. т.), кәсіпкер.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub