Амангелді Орынбайұлы Бәлдеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Амангелді Орынбайұлы Бәлдеков (1945 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – мұнайшы.

Өмірбаяны

  • И.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын бітірген.
  • Бүкілодақтық сыртқы политехника институтын бітірген (1968).
  • 1968 – 1979 ж. Орталығы және ауданы инженер-технология қызметтердің операторы, ауысым бастығы, аға инженер
  • «Жетібаймұнай» басқармасы мұнай игеру цехының аға технологы
  • 1979 – 1986 ж. Ғылыми-зерттеу және жобалық институты мұнай зертханасының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі
  • 1986 – 1991 ж. «Маңғышлақмұнайөндірісхим» аумақтық өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бас инженері, Өндірісті басқару қызметінің бастығы, Өндірістік-технология бөлімінің бастығы
  • 1991 – 1995 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ маркетинг және сыртқы экономика байланыс қызметінде бөлім бастығының орынбасары
  • 1995 – 1997 ж. «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы Мұнай игеру басқармасының бөлім бастығы.
  • 1997 – 2001 ж. «Қазақойл-Коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өнімдерін өткізу департаментінің бас менеджері, мұнайды тарату департаментінің бас менеджері
  • 2001 – 2002 ж. «Қазақойл-Продактс» ЖШС мұнайды тарату департаменті директорының орынбасары
  • 2002 – 2005 ж. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы теңіз жобаларын басқару департаментінің бас менеджері болды.
  • 2005 жылдан «Қазмұнайтеңіз» компаниясында «Құрманғазы» теңіз құрылымын игеру жобасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестірушісі және бас менеджер қызметін атқарды.

Марапаттары

  • «Құрмет белгісі» ордені
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «КСРО өнертапқышы» атағының иегері.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}