Алқым шалу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алқым шалу - кимешек пен бой киімдерінің алдыңғы өңіріне әшекейлеу үшін салынған сәндік бөлігінің атауы. Кимешектің ойығының жиегін түрлі-түсті жіппен шалып тігуді алқым шалу деп атайды. ҚР МОМ қорында кимешек бар. Төбесі 18 см; арқа жағының ұзындығы 108 см; өңірі 83x80x80 см; бет ойығы 2x32x32 см. Алдыңғы өңірі мен күләпара бөлігі тұтас пішілген, артқы бөлігі ортадан біріктірілген екі үшбұрыштан құралған. Өңірі мен күләпара тұсына астар салынған. Алқымын бүрмелеп тіккен. Бет ойығы трапеция пішінді, айналдыра қызыл, күміс, зер жіптермен көгеріс өрнек кестеленген. Маңдай тұсы мен жағындағы өрнектің үстіне ұсақ шытырлар қондырған. Кестені айналдыра жағы мен алқымына төрт, маңдайына екі қатар етіп маржан қадалған. Оған қоса, маңдайына алалы қиықша өрнек пен сәдептен көз салған. Өңіріне екі қатар су (өрнегі) «жүгіртіліп», кереге, сағатбау, етегіне екі қатар су, қосарланған гүл, кереге сияқты көркем тігістер қызыл жіппен сырылған. Күйеуі дүниеден озған соң әйел адам киімнің алқымы, кимешектің жағындағы әшекейді алып тастап, аза жолы ретінде оның қарапайым түріне көшеді. Бұл ғұрыпты жақ бұзу деп атайды.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алқым шалу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}