Алғашқы қауым өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алғашқы қауым өнері алғашкы кауымдық құрылыс тұсындағы өнер. Б.з.б. 40 - 30 мыңжылдықтар шамасында алғаищы тас дәуіріндегі (палеолит) адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде пайда болған. Палеолит өнері бізге Альтамира үңгірлерінің қабырғаларында бейнеленген Испан, Нио, Фонде-Гом, Ляско, т.б. жерлерде омір сүрген тайпалардың жартастарға салынған суреттері, қолтаңбалары арқылы жеткен. Палеолит өнерінде жанжануарлар бейнесі кең орын алды. Осы балаң реалистік өнерден алғашқы адамдардың табиғатқа деген құштарлығы мен бағыныштылығы, дүниетанымдарының тарлығы мен діни нанымдарының басымдылығы байқалады. Неолит, энеолит өнерінде жер өңдеуге байланысты едәуір терең ұғымдар пайда болды. Алғашқы қауым өнері кезінде өнердің барлық түрлерінің негізі қаланды. Діни нанымсенімге байланысты мінажат ететін орындар, бағаналы құрылыс үлгісінде сәулет және мүсін, қолөнер қалыптаса бастады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}