Алтын Қыран ордені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Altyn Qyran star.jpg
«Алтын Қыран» орден жұлдызы
Сурет:Altyn Qyran sign.jpg
«Алтын Қыран» белгі ордені

«Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасы жоғары дәрежелік ерекше белгісі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

«Алтын Қыран» ордені 1995 ж. белгіленді.

Бұл орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген айырықша мемлекеттік қызметі үшін марапатталады. «Алтын Қыран» орденімен наградтауға лайықтыларды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды.

Қазақстан Республикасы Пpeзидeнтiнiң өзі лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иегері болып табылады.

Орден жұлдыздан және ілмекті алқалық белгіден тұрады.

Марапатталғандар

Ағымда «Алтын Қыран» орденімен 7 тұлға марапатталған, соның ішінде:

  1. Нұрсұлтан Назарбаев
  2. Ислам Каримов (1997) - Өзбекстан президенті
  3. Борис Ельцин (1997) - Ресей президенті
  4. Герхард Шрёдер (2003) - Алмания канцлері
  5. Леонид Кучма - Украина президенті
  6. Елизавета II - Британия патша ханымы

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>