Алтын босаға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын босаға- адамның өсіп-өнген шаңырағы деген мағына білдіретін метафоралық атау. Атаудың түп төркіні көшпелі ортадағы жылжымалы баспана киіз үйдегі ерекше семантикалық мәнге ие қасиетті орын саналатын босағаны ардақтауға байланысты туған. Туған үй, ержеткен, бойжеткен үй, қыз әкесінің үйінің балама атауы, шыр етіп дүниеге келген, өмірге көз ашқан босаға. Қыздың әке үйіндегі кезінен екі жастың отау құрып кетерінде аттандырып салушылар «Алтын босағадан ақ, босағаға бара жатырсың» деп басу айтып, қыз көңілін аулап, ақыл-кеңестерін айтады. Бұл ұғым С.Мұқанов Ж.Аймауытовтың және т.б. халық жазушыларының шығармаларында кездеседі. «Шәмшиді шырғаланған қыз-келіншек үлкен үйдің ығында үйме-жүйме боп тұрғанда, жеңгелері күйеуді ертіп, үйдің оң жағын орап, «алтын босағасын» аттатты» (Ж.Аймауытов).<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтын босаға|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}