Алтай Абылайұлы Тілеубердин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтай Абылайұлы Тілеубердин 1949 жылы 2 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Тілеубердин Абылай, марқұм. Анасы - Тәшенова Шәмсия Тимурқызы, марқұм.

Алматы халық шаруашылығы институтының есеп-экономикалық факультетін бітірген (1971), инженер-экономист. КОКП мүшесі (1991 жылға дейін).

1971 жылдың тамыз айынан - ҚазКСР Орталық статистикалық басқармасы Алматы қалалық есептік-машина стансасының инженері . 1971 жылдың қараша айынан -Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (Қиыр Шығыс әскери округі). 1972 жылдан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінде экономист, 1974 жылдан - жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа әдістерін ендіру бөлімінде бас инженер. 1975 жылдан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінде басқаруды және экономикалық басқару әдістерін жетілдіру бөлімінің бас маманы. 1978 жылдан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінің басқаруды және экономикалық басқару әдістерін жетілдіру бөлімінің астыңғы бөлімнің бастығы.

1981 жылдың наурыз айынан - ҚазКСР Мемжоспар комитетінің халық шаруашылығын жоспарлаудың жиынтық бөлімінің астыңғы бөлімнің бастығы. 1981 жылдың шілде айынан - Қазақстан Компартиясы ОК экономикалық бөлімінің нұсқаушысы. 1986 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы обкомының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы обкомының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 1989 жылдан - ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының көмекшісі. 1991 жылдың қаңтар айынан - ҚазКСР Министрлер Кабинеті төрағасының көмекшісі. 1991 жылдың шілде айынан - ҚазКСР Президенті Аппаратының және Министрлер Кабинетінің Нарықтық экономика тобының кеңес берушісі. 1991 жылдың қазанынан - ҚазКСР вице-президентінің кеңесшісі. 1992 жылдан - ҚР вице-президентінің кеңесшісі. 1993 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі. 1994 жылдың маусым айынан - ҚР Президенті Хатшылығының меңгерушісі. 1994 жылдың қазан айынан - ҚР экономика министрі. Сонымен бір уақытта 1994 жылдың желтоқсан айынан -Еуропа қайта Құру және даму банкінің Қазақстаннан өкілі -басқарушысы. 1995 жылдың ақпан айынан - Халықаралық қайта Құру және даму банкі басқарушысының ҚР бойынша орынбасары. 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президентінің кеңесшісі . 1998 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі. 1999 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау керсету жөніндегі агенттігінің төрағасы. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселер комитетінің мүшесі. «Құрмет» орденімен (1999), 6 мерейтой медальмен (1998-2008) марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы - «Діндар емеспін, тағдырға сенемін, тәңіршілдікке бейіммін».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Барлық кумирлерім уақыт көкжиегінен ауып, ғайып болды».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақ халқының және Қазақстанның дербес мемлекет ретінде гулденетініңе сенемін».

Хоббиі - әрқилы бағыттағы әдебиеттерді оқу, табиғат аясында жеке, кебінесе аңшы мылтығын алып жүріп серуендеу. Инструменталдық музыка, бард әнінің классикасы (Б. Окуджава, Ю. Визбор, В. Кунин, Б. Вахнюк, Н. Матвеева, А. Якушева, Е. Клячкин, тағы басқа); аңшылық, бильярд, преферанс.

Сүйіп оқитын әдебиеті - «Түрлі бағыттағы - орыс және француз классикасынан жақсы детективтер мен поэзия, әсіресе күміс ғасыр авторлары».

Үйленген. Жұбайы - Бидасбекова Дина Қалыққызы (1949 жылы туған). Ұлы - Арсен; қызы - Әйгерім. Немерелері - Сабина (2003 жылы туған), Сауат (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Дереккөздер

<references/>