Алматы орталық автовокзал ғимараты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы орталық автовокзал ғимараты, 1983 ж. ірге көтерді. Арх. В.В. Неровня. Үлкен Алматы өзенінің бойындағы Сайран бөгенінің жағалауына орналасқан. Ғимараттың архитектуралық-жоспарлау композициясы біртұтас, жинақы пішінге негізделген. Құрылысы үстіңгі деңгейдегі перронның вокзалдан оқшау салынып, бір-бірімен ашық аспалы көпірлер арқылы байланысуымен ерекшеленеді. Ішкі еңсесі биік, кең әрі жарық. Жолаушылар үшін қалалық аялдамаларға шығатын қысқа әрі ыңғайлы жолдары бар. Ғимараттың құрылысына табиғи материалдар - мәрмәр, ұлутас, гранит, ағаштың бағалы түрлері пайдаланылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}