Алмас Мұсабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алмас Мұсабеков(1958 ж.т., Байзақ ауданы Кеңес ауылы) – белгілі спортшы, палуан. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1981). 1981 – 85 ж. институттың денешынықтыру кафедрасының оқытушысы, 1985 – 87 ж. облысы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының жаттықтырушысы, 1987 – 89 ж. Байзақ ауданы тұтынушылар қоғамының спорт жөніндегі нұсқаушысы, 1989 жылдан кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі «Самбо», «Азия-спорт» серіктестіктерінің директоры. Әлем Кубогінің жеңімпазы (Венесуэла, 1984), Еуропа чемпионы (Ленинград, 1986), КСРО чемпионы (1981, 1984), КСРО кубогінің жеңімпазы (1984), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1982), КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. КСРО құрама командасының 13 жыл қатарынан мүшесі болды. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен екі рет марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}