Алмаз Тұрдыметұлы Ибрагимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Алмаз Тұрдыметұлы Ибрагимов 1948 жылы 26 мамырда Қырғыз КСР Ыстықкөл ауданының Ананьево ауылында туған.

  • Халықтар достығы орденді Ташкент халық шаруашылығы институтын (1977) экономист мамандығы бойынша; Мәскеу осы заманғы бизнес институтын (1999) менеджер мамандығы бойынша; Бүкілресейлік алюминий-магний институтының (Санкт-Петербург қ., 1994) мамандану курсын бітірген. Ресейдің экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік қызметі академиясының коммерция докторы (1998). ҚР Минералдық ресурстар академиясының қүрметті академигі (1998).
  • «Лигнит бокситтерін енеркәсіпте пайдаланудың болашағы» (2005); «Төмен сортты бокситтер кен орындарын кешенді игеру» (2005) жарияланған мақалаларын; «Патенттік,өнертапқыштық және өнертабыстық қызмет - «Қазақстан Алюминийі» АҚ инновациялық саясатының негізі» (2005) баяндамалар жинағының, «Қазақстан Алюминийі» АҚ-та ұнтақтардың шикі құрамдарының жентектелу үдерістерін күшейту» (2006) ғылыми мақалалар жинағы, «Алюминий тотығы өндірісін қойылтқыш заттарын жетілдіру» (2007) баяндамалар жинағының авторы.
  • 1966-1967 жылдары - Қырғыз КСР-і Ыстықкөл облысының «Бірінші мамыр» кеңшарының жұмысшысы. 1970-1985 жылдары - «Бірінші мамыр» кеңшарының слесары, жабдықтау женіндегі инженері, инженердің орынбасары.1990 жылдан - «Полимер» зауытының (Алматы облысы, Қаскелең қ.) директоры. 1994 жылдан - Павлодар алюминий зауытының бірінші вице-президенті. 1995 жылдан - Павлодар алюминий зауытының бірінші вице президенті - бас директоры. 2001 жылдан - «Қазақстан алюминийі» АҚ (Павлодар қ.) президенті. 2005 жылдан бері - «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (Павлодар қ.) президенті.
  • «Құрмет» (2001), «Отан» (2007), «Достастық Жұлдызы» (2007) ордендерімен, II дәрежелі Халықаралық Жаңғыру орденімен (2007), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005); 3-ші (2002), 2-ші (2003), 1-ші (2006) дәрежелі «Еңбек даңқы», «Облыс алдыңцағы еңбегі үшін» (2004) белгілерімен марапатталған. Академик Е. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты (2006).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>