Алишер Егембердиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алишер Егембердиев (14 ақпанда 1990 жылы Талдықорған қаласында туған) - әнші, "The Jigits" тобының мүшесі, "Жұлдыздар фабрикасы" шоуының жеңімпазы.

Бала кезі

Алишер Егембердиев Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 мектебінде оқыған. 5 жасынан бастап Қазақстанның атақты бапкері Егембердиевтің- әкесінің жетекшілігімен спортпен айналыса бастаған.

Спорт жетістіктері

Алишер кикбоксинг бойынша спорт шебері. 5 рет кикбоксинг бойынша Қазақстан чемпионы және 2 рет жастар арасында өткен чемпионатта Әлем чемпионы атағын алған.

Мамандыққа келуі

Алдымен ән айтуды қызығушылық ретінде қарастырған Алишер спортта едәуір жетістіктерге жетіп қойған еді. Бірақ Жұлдыздар Фабрикасындағы жеңісі және "The Jigits" тобында ән айтқанынан соң өмірін ән айтумен байланыстыруды шешті.

Ірі жеңістері

"The Jigits" тобының қатарында 2012 жылы Алишер Егембердиев Қазақстан атынан Новая Волна 2012 қатысқан. Бұл байқауда Қазақстандық топ бірінші күні 6 орында, екінші күні 13 орында, үшінші күні 8 орында болған. Жалпы нәтижеде Италия, Украина және Латвия елдері әншілеріне жол беріп 4 орынға қол жеткізген болатын.