Алик Серікұлы Айдарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Алик Серікұлы Айдарбаев - Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі, инженер-мұнайшы.

Өмірбаяны

В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген <ref>Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты</ref>.

1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды.

«Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды.

2011 жылдың сәуірінен бері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры.

2011 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2011 жылдың желтоқсанында ҚМГ БӨ бас директоры болып жұмыс жасады.

Дереккөздер

<references/>