Алеп құмайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Құмай(өсімдік) (Үлгі:Lang-la)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Starr 030612-8001 Sorghum halepense.jpg
Құмай (дәні, жапырағы, сабағы).

Таралу аймағы

Құмай құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі және азықтық құндылығы жоғары. Жерорта теңізінен Үнді және Қытайға дейінгі аралықта, Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде және Солтүстік Кавказда таралған.

Құрамы

Құмай көміртекке, белокқа, амин қышқылдарына, каротинге, минералды заттарға, А провитаминіне, В тобының дәрумендеріне бай. Оның дәнінде 70-73% крахмал, 12-15% белок, 3,5-4,5% май болады.

Емдік қасиеті

Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күз айларында жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң және жүйке ауруларын емдейді.

Шаруашылықтағы қолданысы

Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ қызыл бояу және балауыз алынады.
Көк шалғыны мал жайылымы, сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады.
Тұқымы, жасыл шөбі құнарлы жемшөп, пішені құстарға, ауыл шаруашылығы малдарына және тоған балықтарына бағалы азық.
Құмай суғармалы егістікке, мақтаға көп зиян келтіреді.

Дереккөздер

<references/>