Алексей Тимофеевич Лукьянов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}

Алексей Тимофеевич Лукьянов (12.4.1922 жыл, Ресей, Краснодар өлкесі, Армавир округі, Отрадно-Ольгинск селосы - 2010 жыл) — ғалым, физика-математика ғылым докторы (1969), профессор (1972), Қазақстан ҰА-ның академиясы (1991), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974)<ref>Математическое моделирование процессов тепло и массопереноса с подвижными границами, А., 1992 (соавт.);</ref>. <ref>Резонансное равновесие в задачах теории горения, А.-А., 1989 (соавт.);</ref>

Өмірбаяны

  • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
  • 1950 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия және физика-математика факультеттерін, аспирантураны бітірген (1959 ж.).
  • ҚазМУ-да математикалық пішіндеу проблемалық зертханасын (1967 ж.), кейін өзі бірнеше жыл бойы басқарған қолданбалы математика кафедрасын ұйымдастырды (1967 ж.).
  • Ғылыми істер жөніндегі проректор қызметінде жүріп ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мәселесіне көп көңіл бөлген (1977-1986 жж.). Оның бастамасымен ғылыми құралдар жасау тәжірибелік-сынақ зауыты құрылды. Ғылыми зерттеулерді автоматтандыру және математикалық пішіндеу факультетаралық зертханасының меңгерушісі болды.
  • 1969 жылы УКСР ҒА жанындағы кибернетика Институтында есептеу математикасы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
  • 1972 жылы оған теориялық және математикалық физика бойынша профессор атағы берілді.
  • 1979 жылы ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, сонымен қатар “математика” мамандығы бойынша ҚР ҰҒА мүшесі болып сайланды (1994 ж.). Математикалық пішіндеу теориясы мен әдістері бойынша ҰҒА комиссия мүшесі, “Электронное моделирование” (Киев қ.) және “Вычислительные технологии” (Новосібір қ.) журналдарының редколлегия мүшесі. <ref>Лукьянов Алексей Тимофеевич</ref>

Ғылыми жұмыстары

  • Негізгі ғылыми еңбектері математика модельдеу әдістерін физика, химия, биология, техника есептерін шешуге қолдануға және дербес туындылы теңдеулерге арналған есептеу техникасы құралдарын жетілдіруге арналған<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>.
  • 500-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 6 монографияның және 70-тен астам өнертабыстың авторы.

Ғылыми еңбектері

  • Лукьянов А.Т., Артюх Л.Ю, Ицкова П.Г. Резонансное равновесие в задачах теории горения. –Алма-Ата: Наука, 1989.
  • Жеребятьев И.Ф., Лукьянов А.Т. Математическое моделирование процессов тепло-и массопереноса с подвижными границами. –Алма-Ата: ҒЫлым, 1992.
  • Лукьянов А.Т., Ицкова П.Г., Вербицкая И.С., Математическое моделирование каталитического окисления газовых смесей. –Аматы: Қазақ университеті, 2000.<ref>Лукьянов Алексей Тимофеевич</ref>

Марапаттары

  • Қолданбалы математика саласына және резонансты құбылыстарды зерттеудегі еңбектері үшін халықаралық “Жыл адамы” (Кембридж, Англия, 1992), (Америка биография институтының, 1993) атағына ие болды.
  • ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы
  • Еңбек Қызыл Ту
  • Парасат ордендерімен.<ref>Математическое моделирование каталитического окисления газовых смесей, А., 2001 (соавт.)</ref>
  • “Жауынгерлік ерлігі үшін”
  • “Киевті қорғағаны үшін”
  • “1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”
  • “Отан қорғаушы”
  • “В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін” медальдарымен
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен.
  • А.Т. Лукьянов есімі IВС және АВІ Энциклопедиялық биографиялық анықтамалыққа енгізілген.<ref>Лукьянов Алексей Тимофеевич</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub