Алексей Ильич Бортников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алексей Ильич Бортников (25.2.1909, Қызылорда облысы Қармақшы кенті — 2.5.1989, Ресей, Санкт-Петербург) — суретші.

Алғашқы ұстаздары — Н.Г. Хлудов пен А.С. Пономарев.

  • 1932 ж Одесса көркемөнер институтының сурет факультетін бітірген.
  • Геологиялық экспедиция құрамында Бетпақдала мен Орталық Тянь-Шаньда болып, КСРО ҒА Геологиялық музейінің (Санкт-Петербург) тапсырмасы бойынша “Орталық Тянь-Шань тауларының панорамасын” және “Хан Тәңірі шыңын” бейнелеген.
  • 1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
  • Бортников — бейнелеу өнеріндегі Қазақстан тарихына қатысты бірнеше туындылардың авторы
    • “Жалау қасында тұрған қазақтың комсомол қызы”
    • “Жазалаушы отряд”
    • “Фурмановтың Верныйдағы көтерілісшілер митингісінде сөз сөйлеуі”
    • “Ә. Молдағұлованың портреті”, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}