Алексей Алексеевич Агафонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алексей Алексеевич Агафонов (23 тамыз, 1947 жылы туған, Ресей, Түмен қаласы) — әскери қайраткер, генерал-майор (29.10.1987).

Өмірбаяны

  • Санкт-Петербургтегі Жоғары жалпыәскерлік командалық училищені (1970) бітірген.
  • Мәскеудегі Фрунзе атындағы Әскери (1977) және Бас штаб Академиясын (1985) бітірген.
  • Мотоатқыштар взводы, рота, батальон командирі, полк командирінің орынбасары, мотоатқыштар полкының командирі, дивизия штабының бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі, штаб бастығы — жалпыәскерлік армия қолбасшысының орынбасары, ТМД елдері біріккен Қарулы Күштері штаб бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 1992 жылғы 30 қарашадан бері Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Бас штабы бастығының орынбасары.
  • ТМД мемлекеттерінің бірлескен әскери істерін үйлестіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мәскеудегі өкілі.

Марапаттары

  • “Отанға қызмет еткені үшін” (3-дәрежелі) орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}