Александр Николаевич Щукин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кәсіпкер

Александр Николаевич Щукин - мұнайшы, өрт сөндіруші жəне кəсіпкер.

Өмірбаяны

1978 жылы 21 ақпанда Маңғыстау облысының Ерәлиев кентінде туған. Орыс.

  • ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтының «Өрт қауіпсіздігі» факультетін (2001) өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша; Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Газ-мұнай қүбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, құру және пайдалану» факультетін (2006) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
  • 1998 жылдан - ҚР ТЖМ Алматы қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, 2000 жылдан – өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
  • 2001 жылдан - Ақтау қаласының пластмасса зауытында апат құтқару бөлімі бастығының орынбасары.
  • 2003 жылдан - «Валекс» ӨК директорының орынбасары (Ақтау қ.).
  • 2006 жылдан бері - «Полихим» ЖШС бас директоры (Ақтау қ.). Маңғыстау облысының аңшылық-шаруашылық қызмет қоғамының мүшесі (2000 жылдан бері). ҚР ТЖМ ішкі қызмет капитаны.

Жеке өмірі

  • Хоббиі - аңшылық, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - психология.

Отбасы

  • Әкесі - Щукин Николай Александрович, пластикалық массалар зауытының бас техникалық жетекшісі. Анасы - Щукина Галина Федоровна, шаштараз.
  • Үйленген. Жұбайы - Щукина Надежда Анатольевна (1978 ж. т.), үй шаруасымен айналысады. Қызы – Щукина Алена Апександровна (2000 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}