Александр Михайлович Черепанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Александр Михайлович Черепанов - мемлекеттік қайраткер, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы терағасының хатшылығын меңгерушісі.

Өмірбаяны

Черепанов 1956 жылы 16 қыркүйекте РКФСР-дегі Омбы қаласында туған.

  • Қазақстан ауылшаруашылық институтын (1978), инженер мамандығы бойынша бітірген.
  • 1978 жылдан - Бүкілодақтық «Леспроект» бірлестігінің Қазақ орман жайғастыру кәсіпорнында инженер-таксатор. 1980 жылдан - ҚазКСР Орман және ағаш өңцеу өнеркәсібі министрлігінің өндірістік - технологиялық басқармасында жетекші инженер.
  • 1986 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесінің істері басқармасының халық тұтынатын тауарлар бөлімінде референт, аға маман, жетекші маман. 1991 жылдан - ҚР Президенті Аппаратының Өнеркәсіп салаларын дамыту референтурасының референті, ҚР Президенті Аппараты мен ҚР Министрлер кабинеті өнеркәсіп және халық тұтыну тауарлары бөлімінің референті, аға референті.
  • 1992 жылдан - ҚР Президенті Аппараты және Министрлер кабинеті ұйымдастыру жұмысы мен жергілікті әкімшілік бөлімінің бас инспекторы. 1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру - бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі хатшылығының меңгерушісі.
  • 2002 жылдан – Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ҚР Агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы директоры. 2006 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президент аппараты жетекшісінің орынбасары. 2007 жылдың желтоқсанынан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы терағасының хатшылығын меңгерушісі.

Марапаттары

5 мерейтой медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстарымен ескерілген (2001, 2006).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>