Айғыржалы кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айғыржалы кесенесі — ХІХ ғасырдың кесенесісі болып табылады. Ескерткіш Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 106 шақырым жерде (азимут 68°), Сарысу өзенінің сағасындағы жайпақ төбелердің бірінің үстінде орналасқан. Айғыржалының әкесі - Сырдарияның төменгі ағысы қоқандықтардың иелігінде болған кездегі би болған. Сондықтан кесене ХІХ ғ. екінші жартысына жатады деп саналады. Үлгі:Coord

Кесененің сипаты

Өлшемдері кішігірім мемориалдық құрылыстар тобына жататын ескерткіш қам кесектерден тұрғызылып, күйдірілген кірпіштермен (8×14×30 см, 10 қатар + 10 жым = 0,95 м) қапталған. Негізі қасбеттегі қабырғаның ұзындығы 4,40 м, сақталған биіктігі 2,30 м. Ескерткіш өте қатты қираған, тек негізгі қасбеттің кіреберіс ойығы бар қабырғасы ғана сақталған.

Кесененің кіреберіс бөлігі жетілдірілген бір камералы. Жоспарында шаршы пішінді болып келген негізі күмбез асты барабаны жоқ күмбезден жабылған. Оңтүстік-батыс қасбеттің ортасына салынған кіреберіс есігі сәулелі кескіндегі аркамен безендірілген. Негізгі қасбетте бетше босағаның болғандығын білдіретін кіреберіс ойығын қапталдап тұрған екі қабырғаның қалдықтары бар Ескерткіштің негізгі аумағы кірпіш таспасы түріндегі ернеумен көмкерілген. Кірпіштер ұзына бойы орналасқан толқын тәрізді жолақтар түріндегі екі бедерлі өрнектермен әсемделген.

Іргесі шығыңқы болып келген ескерткіштің жоғары бөлігін кірпіштің екі таспасынан тұратын ернеу көмкеріп тұр. Қабырға қаландылары ашық және қоңырқай түсті кірпіштермен көзтатарлық шахмат түрінде безендірілген.

Камерада қабырғалық жауырыншаларға (пилястрлерге) тірелген сегіз арка болған, олардың төртеуі бұрыштарында, қалған төртеуі- қабырғалар бойында орналасқан. Аркалар жарты циркуль кесінді болып келген, бұрыштық аркалардың қуыстары арка табанының биіктігінен басталатын кірпіш қаландыларының қатарымен толтырылған.

Күмбезі , төменгі бөлігі кіреберіс ойықтың үстінде сақталған, жалған қаландылармен қаланған. Қабір үсті ескерткіштерінің іздері байқалмайды.<ref>Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы, Қызылорда облысы, Алматы: Аруна баспасы , 2011</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер