Айғожа ишан күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айғожа ишан күмбезі (18 – 19 ғ.) – сәулет өнері ескерткіші. Жаңақорған ауданындағы Бесарық станциясының оңтүстігінде 6 км қашықтықта орналасқан.

Күмбезді ишан қабірінің басына үлкен ұлы Ибадулла бұхаралық Хамит деген шеберге орнаттырған, кірпішін жергілікті халық құйған. Айғожа халыққа білім беріп, имандылыққа тәрбиелеген. 1778 – 1858 ж. аралығында өмір сүрген.

Күмбез шаршы пішіндес, ауданы 9х9 м, биікт. 8 м, күйдірілген кірпіштен қаланған. Қабырғалары геометриялық және шырмауықты ою-өрнекпен безендірілген, 8 қырлы барабанды күмбезінде жарық түсетін 4 терезесі бар. Маңдайшасын бөренеден қиған. Ішіне сағана түрінде құлпытас жасалып, үстіне арқардың мүйізі қойылған. Қабырғалары сыртынан тепкішекті қалаумен бекітілген, ірге тасының биіктігі 4 м. 1989 ж. жергілікті тұрғындардың күшімен қайта жөндеуден өткізілді. Айғожа ишан күмбезіне қатысты құжаттар Алматыдағы «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институты мұражайында сақтаулы. Күмбез республикалық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне алынған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер