Айша Ғарифқызы Ғалымбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:А. Ғалымбаева.jpg
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29 желтоқсан 1917, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы - 21 сәуір, 2008, Алматы) - қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961), Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші.

Өмірбаяны

  • 1943 ж. Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
  • 1949 ж. Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының мода өнері факультетін бітірген.

Шығармашылығы

Сурет:А. Ғалымбаева Бір кесе қымыз 1967 ж..jpg
А. Ғалымбаева Бір кесе қымыз 1967 ж.

Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Суретшінің кез келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Негізгі еңбектері:

  • «Сәукеле»
  • «Көктем және күз» және т.б.

Шығырмашыық жұмысын:

  • "Махаббат туралы аңыз" (1954)
  • "Шабандоз қыз" (1955)
  • "Бұл Шұғылада болған еді" (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады.

Алғашқы кескіндемелік туыңдылары:

  • "Тоқымашылар" (1951)
  • "Г.Разиеваның портреті" (1952)
  • "Автопортрет" (1956)
  • "Халық таланттары" (1957)
  • "Халық ісмері Б.Бәсенованың портреті" (1958)
  • "Дастархан" (1959).

20 ғасырдың 60-жылдары "Абай әні" кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын ("Билер соты "Үйлену тойы", "Той", "Айтыс", "Кездесу", т.б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. 60-70-жылдар Ғалымбаева шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. Бұл уақытта суретші

  • "Аяққалқан"
  • "Жайлау соқпағы"
  • "Көне көзе"
  • "Қобыз"
  • "Сары алма"
  • "Қызыл апорт", т.б. пейзаждар мен натюрморттар

Қазақ бейнелеу енерінің алтын қорына енген:

  • "Батыр ана" (1966)
  • "Қазақстан әндері" (1962)
  • "Ежелгі керамика" (1966)
  • "Қостанай. Алтын 238 дән пирамидалары" (1971)
  • "Бейбітшілік" триптихи (1975)
  • "Жердің сыйы" (1978)
  • "Береке" (1980), т.б. шығармаларын жазды.

Сәндік-монументтік сарындағы композициядарды салуда Ғалымбаеваның жаңа көркемдік ізденістері төмендегі шығармаларынан айқын байқалады:

  • "Біз заманымызды мақтан етеміз" (1965)
  • "Бір кесе қымыз" (1967; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1972);

Портрет жанрында:

  • "ұлымның портреті" (1964)
  • "Жазушы Ғарифқызы Мұстафиннің портреті" (1965)
  • "К.Байсейітованың портреті" (1974)
  • "Өнер зерттеуші Г. Сарықұлованың портреті" (1975)
  • "Актриса С.Майқанованың Ш.Уалиханов анасының рөліндегі портреті" (1976)
  • "Актриса Х.Бөкееваның "Абай" спектакліндегі Әйгерім реліндегі портреті" (1976)
  • "Оралдық келін" (1978), т.б. шығармалары отандық суретшілердің осы жанрдағы үздік туындылары қатарынан орын алады.

Суретші шығармаларына тән нәзік лиризм оның 20 ғ-дың 90-жылдарындағы

  • "Қызыл раушан гүлдері"
  • "Шұғынық гүлдер"
  • "Жемістер мен гүлдер" туындыларында айқын байқалады.

"Қазақтың ұлттық киімдері" (1958, 1976) альбомының авторлары. Ол Алматы керкемсурет училищесінде және ҚазПИ-де дәріс оқыды.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>