Айша Меңлібаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айша Меңлібаева (1912, Сырдария ауданы 11-ауыл қазіргі Қызылорда облысы Бірінші май ауылдық кеңес) – шопан, еңбек ардагері, «Қазақ КСР социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебер», Социалистік Еңбек Ері (1958), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 65). Еңбекке 18 жастан (1930) араласқан. 1941 жылы майданға аттанған ерінің орнына аға шопан болды. 1957 жылы 100 саулықтан 139-дан қозы өсіріп, әр қойдан 3,1 кг-нан жүн қырықты, қаракөл елтірісінің 73%-ын бірінші сортпен өткізді. 1963 жылы 1 май атындағы ұжымшар «Первомайский» кеңшарының құрамына енген кезде Меңлібаева Ірілендірілген шопандар бригадасын ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді, оны облыс жастары қызу қостады. Көп ұзамай бұл бастама республиканың барлық түкпірлерінде қолдау тапты. Ленин орденімен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

  • МЕҢЛІБАЕВА АЙША// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айша Меңлібаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}