Айшагүл Керуенбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айшагүл Керуенбаева (6.3. 1936 ж. т., Мақтаарал ауданы). – Өзбек КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1963). Алматы медициналық институтын бітірген (1960). Еңбек жолын Жетісай қаласындағы ауруханада дәрігер болып бастаған. 1962 жылы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды. Керуенбаева халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға белсене ат салысып, ауылдық жерлерден емханалар ашуға септігін тигізді. 1965 – 1991 жылдары Жетісай ауданы ауруханасының бас дәрігері болып қызмет етті. Бас дәрігер болған кезінде аудандық аурухана жанынан медбикелер дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашты. Екі қабатты поликлиника, балалар емханасы, тіс емдейтін емхана және басқа да аса қажетті емдеу орындарын салдырды. Аудан көлемінде бірнеше дәріханаларашты. Мәскеуде өткен медицина қызметкерлерінің форумына қатысып, Қазақстан халқы атынан сөз сөйлеп, маңызды мәселелер көтерді. "Еңбек Қызыл Ту" орденінің және бірнеше медальдардың иегері. Мақтаарал аудандық әйелдер қоғамының төрайымы.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айшагүл Керуенбаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}