Айтмұхаммед Бұйдұлдаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтмұхаммед Бұйдұлдаев (1971, Қызылорда қаласы)–телережиссер.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген (1995).

1997 жылы Қызылорда облыстық телевизиясына режиссер болып қабылданып (1997), аға режиссер қызметіне дейін жоғарлаған (2008). Осы жылдар аралығында қызметін аса жауапкершілікпен атқарып, өзін кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде көрсетті. Телеарнадағы шығармашылық топқа жан-жақты бағдар беріп отырған. Бүгінгі телекөрерменнің талабынан шығып, техникалық мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білудің нәтижесінде, оның режиссер ретінде жасаған бірқатар бағдарламалары ұлттық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанған. "Біздің ауыл" ұлттық байқауында (2003) Гран-приді, Қазақ теледидарының 50 жылдығына арналған республикалық "Дидар" фестивалінде (2007), "Шырақ" фильмі бірінші орынды иеленген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}