Айтмұхамед Абдоллаұлы Лидулин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтмұхамед Абдоллаұлы Лидулин (29.11.1924, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – өлген жылы белгісіз ) – Қаныш Сәтбаевтың әріптес шәкірті, ғылым доктары (1971), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1979), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982). II дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.

Қазақстан Ғылым Академиясының қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында аспирант, зертханашы, инженер, кіші, аға ғылым қызметкері, зертхана меңгерушісі, ғалым-хатшы (1953-64), институт директорының орынбасары (1964-74), директоры (1974-95) әрі 1987 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының академик-хатшысы. 1988 жылдан вице-президенті. 1995 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының құрметті директоры болып қызмет атқарды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты - жалпы және аймақтық геология, тектоника, металлогения, мұнай және газ геологиясы. Айтмұхамед Орталық Қазақстанда алтын, мыс, турмалин кендерін зерттеумен шұғылданды. Мұғалжар кешенді экспедициясын басқарды. Бірнеше кен орындарын (Самар алтын-мыс кені, Құмкөл, Арысқұм, Нұралы мұнай кендері, тағы басқалары) ашты. Айтмұхамедтің тапқан нақты мәліметтері бойынша республиканың тектоникалық картасы жасалды. Орал, Тянь-Шань және Орталық Қазақстанның тектоникалық құрылымдарының байланысы жөніндегі теориялық мәселелер жаңа тұрғыдан шешілді, геологиялық дамуының ерекшеліктері айқындалды.

Айтмұхамед Қазақ КСР Мемлекеттік (1978) және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының (1985) лауреаты, Қазан революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Халықаралық геологиялық конгрестің алтын белгісімен, академик С.И.Вавилов медалімен марапатталған. Сәтбаевты ұстаз тұтқан Айтмұхамед ол туралы «Халықтың ұлы перзенті» («Жетісу», 1989, 12 сәуір), «Аса көрнекті ғалым, ғылым мен өндіріс ұйымдастырушысы» («Қазақстан Ғылым Академиясының хабаршысы». 1999, №2), «Сәтбаев және Геологиялық ғылымдар институты» (Академик Қаныш Сәтбаев. Жинақ. «Ғылым», 1965), тағы басқалары мақалалар жазып, Сәтбаевты «Қазақстан геологиясының атасы» деп атады. «Ұстаз» деген мақаласында: «Соғыстың каһарлы жылдарында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесіне Қаныш Сәтбаевтың келуі ғылымның жедел дамуына себеп болды.

Қазақ даласының еліміздің алып индустриялы орталығының біріне айналуына Қаныш Сәтбаев зор үлес қосты» деп жазды. Ол Сәтбаевты Орта Азия мен Қазақстан ғұламаларының Әл-Фараби - Ұлықбек - Шоқан Уәлиханов - Қаныш Сәтбаев тізбегінің ең соңғы өкілі деп бағалады. Айтмұхамед кейіннен Сәтбаев құрған геологиялық ғылымдар институтында басшылық қызмет атқарған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айтмұхамед Абдоллаұлы Лидулин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}