Айтбай Сәулебектегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтбай Сәулебектеті (1959 ж. т.), журналист.

ҚазМУ-ді бітірген (1982). Қарағанды облысы телерадио комитетінде редактор, аға редактор болды. 1989 жылдан республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), 1996-1997 ж. халықаралық «Қазақ елі» газетінің Орталық Қазақстан өңірі бойынша меншікті тілшісі, «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, 1997 жылдан республикалық «Азия-Транзит» газетінің, 2000-2001 ж. осы аттас журналдың бас редакторы. 2001 жылдан «Жас алаш» газетінің Қарағанды және Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі.

Қазақстан Журналистер одағы (2003), БҰҰ Қазақстандағы сыйлығының (2002) лауреаты. 1993 ж . Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты (2009). Елбасы Н.Назарбаев Жарлығымен "Құрмет" орденімен (2010), "Астанаға 10 жыл" (2008), "Тәуелсіздікке 20 жыл (2011) медалдерімен марапатталған.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтың ғарыш сапары туралы екі тілде «Ғарышта -қазақ !»-«Айналайын ,Земля!» кітабын шығарды. «Қасиетті қала» (1994), «Қожахмет әулеті» (1998),«Ақ пен қара» (2001), «Махаббатым менің» (2003), "Жүректегі қызғалдақ"(2009), "Тәуелсіздік нұры"(2011), "Елбасының алтын бесігі" ("Золотая колыбель Президента", 2011) кітаптарының авторы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}