Айтбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтбай (1830, қазіргі Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1916, сонда) - халық әншісі, сазгер, суырыпсалма ақын.


Айтбай әншілік, ақындық әрі сазгерлік өнерімен Орт. Кдзақстанға кеңінен танылған. Оның Ғаббас, Үсайын, Қадыс, Мүқан деген балалары да әнші болған. Айтбайдың әндері сыршыл сазды болып келеді. Оның әншілік-орындаушылық өнері балаларына, сол өңірдің әншілеріне елеулі әсер еткен. Айтбайдың "Айтбай", "Кәлләм", "Перизат", "Раушан", т.б. әндерін А.В.Затаевич Айтбайдың балаларынан жазып алып, нотаға түсірғен. Е.Г. Брусиловский Айтбайдың "Раушан" әнін "Қыз Жібек" операсына пайдаланды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}