Айсұлтан Әбділлаұлы Қалыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЛЫБАЕВ Айсұлтан Әбділлаұлы (25.1.1947 жылы туған, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай кенті) – ғалым, физика-математика ғылым докторы(1989), профессор (1990). ҚазҰУ-ді бітірген (1969). 1971 – 73 жылы КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Математика институтында стажер-зерттеуші, 1973 – 76 жылы Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында аспирант, 1976 – 86 жылы Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1986 – 90 жылы Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер. 1991 – 92 жылы Қазақстан ғылым академиясының Механика және машинатану институты директорының орынбасары, сонымен қатар “Жер қойнауы” ғылыми-инжинер орталықтың бас директоры. 1992 – 94 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық аэроғарыштық агенттігі бас директорының орынбасары, бас директоры (1994 – 98). 1999 жылдан Қазақстан – Ресей “Индустриалдық технология” ғылыми өндірістік бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы. Ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыты – аспан механикасы және ғарышқа ұшу динамикасы. Ол Жер полюсінің ғасырлық қозғалысын зерттеді (Қазақстан комсомол сыйл., 1977). Оның “Жер айналысының жалпы теориясы” атты еңбегі (М., 1984; Ж.С. Ержановпен бірге) Халықаралық астрономдар одақтың шешімімен (Лондон, 1987) барлық астрон. бақылаулар түріне (жерден, мұхиттардан және ғарыштан) редукциялық түзетулер енгізудің Халықар. стандарты болып қабылданды. Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану бағытындағы зерттеу жұмыстары үшін С.П. Королев атынд. алтын медальмен (1996) марапатталды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айсұлтан Әбділлаұлы Қалыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}