Айналма қалақты турбина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айналма қалақты турбина (Поворотнолопастная турбина) — реактивті турбина класының: радиальды — осьті, пропеллерлі және айналма қалақты болып, үш жүйеге бөлінуі. Айналма қалақты турбина 3—80 м арын кезінде пайдаланылады. Оның негізгі ерекшелігі — жұмыс доңғалағы қалақтарының бұрыштық орналасуы автоматты түрде бағыттаушы аппараттың қалақшасымен айналу кезінде бірге өзгеруінде. Бұл автоматты реттеудің жалпы жүйесі арқылы іске асырылады. Турбинаның білігі және жұмыс доңғалағының қорабы қуыс етіп жасалынады: біліктің ішіне қысыммен жіберілген май қорап ішінде орналасқан сервомоторды жұмысқа қосып, оның айналмалы жұмыс доңғалағының шетмойыны қалақшасын айналдырады. Турбинаның реттелуі кезінде бағыттаушы аппараттың қалақшасын айналдыру есебінен А және С жылдамдық векторы өзгереді, осыған байланысты реттеу кезінде су соққысыз қалақшаға құйылып С1{ жылдамдығы сақталады. Әрбір арынға берілетін ең жоғары п.о.к болады, оның комбинаторлық байланысы бойынша анықталады, мұндағы р — жұмыс доңғалағы қалақшаларының белгілі бір жағдайда орналасуы.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}