Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев (15 тамыз, 1913 жыл., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) – биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961).

Өмірбаяны

  • Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
  • Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–1936).
  • 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
  • Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–1949)
  • инстиут директоры (1949–1953)
  • Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–1959)
  • Қазақстан ғылым академиясының Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–1970) болды.
  • 1970 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаника бағында қызмет істеді. Ол 1970–1980 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды.
  • 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген.

Марапаттары

  • 2-дәрежелі Отан соғысы
  • 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}