Аймақтық қақтығыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аймақтық қақтығыстар -бір аймақта екі немесе бірнеше елдердің қатысы бар саяси-әскери дау- жанжалдар және қарулы шиеленістер. Олардың шығу себептері әртүрлі: шекара мәселесі, жерге, суға талас, халықтардың тәуелсіздікке үмтылысы, идеологиялық, стратегиялық мақсаттар және т.б. "Қырғи-қабақ соғыс" жылдарында адуын мемлекеттер әлем елдеріне өз ықпалдарын жүргізу мақсатында қақтығысушы елдерді өз жақтарына тартуға тырысып, ол аудандарды әскери техника, қару-жарақ, әскер күштерімен қамтамасыз етіп, өз барлаушыларын жіберіп оларды реттеудің орнына шиеленістіре түсті. Соның нәтижесін¬де өшпенділік өрши түсіп, қарулы қақтығыс созылмалы сипат алды (мысалы, Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир мәселесі, Сомали мен Эфиопия арасындағы Африка мүйізіндегі жер мәселесі және т.б.). Отарлық жүйе жойылып, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен аймақтық қақтығыстар өрши түсті. Ұлттық бірігу, ұлттық мемлекет құру, ұлттардың өз тағдырын өзі шешу заңдылығы БҰҰ-ның Жарғысында белгіленгенімен, шын мәнісінде түрлі геостратегиялық, идеологиялық, экономикалық, шекаралық қайшылықтар аймақтық қақтығыстар туғызды. Аймақтық қақтығыстар өршуіне ірі мемлекеттердің басқа елдердің ішкі істеріне қол сұғып, озбырлық саясат жүргізуі себеп болды. Шет елдердің астыртын әрекеттерінің арқасында Кавказда Ингушетия-Осетия, Грузия-Абхазия, Әзірбайжан-Армения арасындағы, Балқанда Босния мен Герцеговина, Косоводағы, Орта Азияда Тәжікстандағы аймақтық қақтығыстар болғаны белгілі. Кейбір аймақтық қақтығыстар асқынып, оған қатысушы елдер саны ұлғайып, бара-бара халықаралық дағдарысқа айналуы ықтимал (мысалы, Таяу Шығыстағы Палестина-Израиль, Үндіқытайдағы, Ауғанстандағы, Парсы бұғазындағы, Югославиядағы қақтығыстар). Бүгінгі таңда халықаралық қауымдастықтың негізгі мақсаты, жұмыла көтеретін жүгі - Аймақтық қақтығыстар болдырмау, алдын алу шараларын жүргізу, себептерін анықтау, әділ жолмен саралап, шешім айту, күш қолданбай бейбіт реттеу, ірі мемлекеттердің астыртын өз мүдделерін көздеуінен аластау, арағайындық жасау болып табылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аймақтық қақтығыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}