Айжігіт Асанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айжігіт Асанов (1957. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Тасты ауылы) - тележурналист, композитор, таукен инженері. Кентау қаласындағы №2 мектеп-интернаттың 1974 жылғы түлегі. Қазақ политехникалық институтын бітірген (1980). 1980-1984 жылдары Сарышаған сынақ полигонында инженерлік қызметте, 1984-1990 жылдары оқытушылық қызметте, 1990 жылдан бастап ҚР ТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы телерадиокомпаниясында, кейін филиалында директордың орынбасары.Қазақстан журналистер одағының мүшесі.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.

Композитор-орындаушы Асанов Айжiгiт Қалмырзаұлының қысқаша шығармашылық өмірбаяны:

1. 2006ж. Республикалық Шардара қаласына арналған жаңа әндер байқауының БАС жүлдегері («Шағалалы Шардара» әні).

2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2007 жылғы ЕҢ ҮЗДІК “Димаш аға» әнінің авторы;

3. Шымкент қаласының ән ұранына айналған «Шымкент» әнінің авторы;

4. 2009 ж. VI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының лауреаты («Қазақстан сарбаздары» әні). Астана қ.;

5. 2009ж. Мұқан Төлебаев атындағы Республикалық жаңа әндер байқауының лауреаты («Димаш аға» әні). Талдықорған қаласы.;

6. ОҚО бойынша 2011 жылдың «Үздік композиторы» номинациясының иегері.

7. 2012 ж. ОҚО 80 жылдығына арналған жаңа әндердің Республикалық байқауындағы «ең үздік» болып танылған «Оңтүстігім киелі» әнінің авторы, Шәмші Қалдаяқов атындағы жүлденің иегері;

8. 2013 жыл. IV-ші «Тәуелсіздік толғауы» Республикалық конкурстың лауреаты. 2-ші орын, Астана қаласы.

9. 2014 ж. Бірінші халықаралық «Южный ветер» авторлық әндер байқауының «Композитор» номинациясы бойынша ІІ-дәрежелі лауреаты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}