Азот бактериясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азот бактериясы — атмосферадағы азотты биологиялық жолмен топыраққа қайта сіңдіретін микроорганизмдердің бір тобы. Бұларды алғаш рет француз ғалымдары 1882 жылы М.Жоден, 1885 жылы М.Бертло анықтаған. 1893 жылы орыс ғалымы С.Н.Виноградский азот сіңіруші микроорганизмді таза күйінде бөліп алған, ал 1901 жылы Голландия ғалымы М.Бейеринк аэробты бактерияларды тапқан. Азот бактериясы 2 үлкен топқа бөлінеді: жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырында түйнек түзетіндер (қ. Симбиоз); топырақта бос күйінде кездесетіндер. Қазіргі кезде соңғысының 30-дан астам түрі белгілі. Азот бактериясының пішіні таяқша тәрізді, ұзындығы 2-3 мкм, диам. 4-6 мкм. Сырты қабықшамен қоршалған. Кейде бұлардың сыртында қатты қалың қабығы (циста) болады. Азот бактериясының көпшілігі аэробты, яғни ауа бар жерде тіршілік етеді. Аммоний тұздарын, нитриттерді, нитраттарды, амин қышқылдарын қорек етеді. Ауадағы азотты бойына сіңіріп, оны өсімдік тамырларына қажет қосылыстарға айналдырады да, әртүрлі витаминдер, ауксиндер бөліп шығарып, өсімдіктің өсуін жақсартады. Азот бактерияның арасында спора түзетін бактериялар, яғни анаэробтылары да кездеседі. Олардың ұзындығы 1,5-8 мкм. Бұлардың белсенділігі аэробты бактериялармен салыстырғанда төмендеу болады. Ауадағы молекула азоттың басқа химиялық элементтермен әрекеттесуі азот бактериясының клеткаларында ғана жүреді. Өсімдіктердің азотқа тапшылығын табиғи жолмен қамтамасыз ету үшін азот бактериясынан түрлі тыңайтқыштар алынады. Осы тыңайтқыштармен өсімдіктер тұқымын, ағаш қалемшелерін дәрілейді. Соның нәтижесінде өсімдіктердің өсуі жылдамдап, өнімділігі артады.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азот бактериясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}