Адам құқықтары жөніндегі пактілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам құқықтары жөніндегі пактілер - адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, адамды кемсітушіліктің барлық түріне тыйым салатын халықаралық құжаттар. 1966 жылы 19 желтоқсанда халықаралық құқықта олардың екеуі қабылданған. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакті мен "Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакті" басшылыққа алынады. "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан" (1948) айырмашылығы бұл халықаралық пактілер заңды тұрғыдан міндетті құжаттар болып табылады.Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде адамның еңбек ету құқы, кәсіпті еркін таңдау құқы, әділ еңбек ақы алу құқы, кәсіподаққа кіру және кәсіпшілдер одағын құру құқы, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулығын сақтау, білім алу құқықтары көзделген. Осы пактіге қосылып, оны мақұлдаушы мемлекет өз халқының бақуатты өмір жайларын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме қабылдайды. Экономикалық және әлеуметтік Кеңес тағайындаған сарапшылар өз еліндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы туралы мемлекеттердің баяндамаларын жүйелі мерзіммен тыңдап отырады. "Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіде" адамның өмір сүру, өзінің бостандығын қамтамасыз ету құқы, негізсіз тұтқындалудан қорғану құқы, әділ сот төрелігіне жүгіну құқы, ойын еркін айтуға, ождан еркіндігіне, еркін жүріп-тұру құқы, соның ішінде еркін эмиграцияға және өз Отанына қайтып оралу құқы, бейбіт жиындар өткізу, т.б. құқықтары көзделген. Осы құжат бойынша "Адам құқықтары жөніндегі комитет" құрылды. Бұл комитетке осы пактіні бекітіп, ресми түрде оған қосылған мемлекеттердің баяндамаларын қарап, талқылау міндеті жүктелген. Комитет осы пактіні бекіткен, бірақ оның нормаларын бұзған мемлекеттерге қатысты басқа мемлекеттердің де шағымын тыңдау құқына ие.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адам құқықтары жөніндегі пактілер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}