Автомобильді сату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автомобильді сату. Азаматтардың жеке меншігіндегі автомобильді сату тәртібін КСРО Сауда министрлігі бекіткен Типтік ережелер негізінде одақтас республикалардың сауда министрліктері белгілеген.

Автомобильдің несі өзінің қалауы бойынша оны кезкелген азаматқа немесе автомобилі тіркеуге алынған республика территориясында орналасқан комиссиялық магазин арқылы сата алады. Апатқа (аварияға) ұшырағандықтан күрделі жөндеуді қажет ететін автомобильді сол апатқа ұшыраған ауданның өзінде сатуға болады.

Егер машина жүрмейтін, әрі жөндеуді талап ететін болса, оның бағасын белгілеу үшін Товароведті үйіне шақыруына болады. Ондай автомобильдің бағасын магазин товароведі оның иесінің келісімі бойынша қояды. Комиссиялық төлем тағайындалған бағаның 7%-ін құрайды.

Магазин автомобильді комиссиядан өткізуге, несі паспортын немесе оның орнына жүретін документін, сондай-ақ машинаны тіркеуден шығарған Мемлекеттік автоинспекцияның белгісі бар автомобильдің техникалық паспортын ұсынғанда ғана қабылдайды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автомобильді сату|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}