Авель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Monreale cain and abel.jpg
Каин Авельді өлтіруде

Авель ((қазақ халқында "Əбіл" есімімен белгілі) мұсылман діні мифологиясынада) – Таурат мифінде (Көне өсиетте) Адам мен Еваның (Адам ата мен һауа ананың) екінші ұлы, малшы. Оны іші тар, қызғаншақ ағасы – егінші Каин (Қабыл) өлтіреді. Бұл аңызда Палестинаның көне заманғы егінші, малшы еврей тайпаларының арасындағы күресінің елесі бар. Аңыз әлемге кең тарап, көптеген жазушылар мен суретшілердің шығармаларына тақырып болған (Байронның «Каин» мистерийі т. б.). Барлық жерде Авель қызғаншақтықтың, опасыздықтың үлесі ретінде бейнеленеді.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер