Абай Құнанбаев (Қазақстан баспасы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай Құнанбаев» - «Қазақстан» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде 1965 ж. жарық көрген библиографиялық көрсеткіш. Құрастырғандар: М. Мырзахметов, Б. Қ. Қойшыбаева, Ф. И. Эльконина. Кітапқа көрсеткіштің ғылыми кеңесшісі профессор Қ. Жұмалиев алғысөз жазып, Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. Абайтану тарихында 1889-1964 ж. аралығында жарық көрген Абай шығармаларының қазақ және басқа тілдердегі басылымдары, ақынның өмірі мен мұрасы жөнінде жазылған 3 мыңнан астам монографиялық еңбектер, зерттеу мақалалар, өнер туындылары туралы мәліметтер топтастырылған. Абай жөніндегі архив материалдары, түрлі қоғамдар мен экспедициялардың жазбалары, патша әкімшілігі құжаттарының тізімдері берілген. Көрсеткіш мәліметтері атаулық-әріптік жүйеге түсіріліп, ғылыми-анықтамалық пен қамтамасыз етілген. Көлемі 25 баспа табақ, 5 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай Құнанбаев (Қазақстан баспасы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}