Абай афоризмі (жинақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай афоризмі» - 1993 ж. «Қазақстан» баспасынан жарық көрген жинақ.


Авторы - Қ. Өмірәлиев, құрастырып, баспаға әзірлеген - М. Мырзахметов.

Кітап ақынның тәлім-тербиелік мәні зор, адамгершілікке үндейтін, нақылға айналған қанатты сөздерімен ашылады. Ойшыл-ақынның эстетикалық, этикалық, талғам хақындағы, педагогикалық, философиялық, психологиялық, имандылық туралы ойлары жеке-жеке топтастырылған. Жинақтың 2-бөліміне ғалымның Абай шығармалары тақырыбына әр жылдарда жазған зерттеу мақалалары енгізілген. Кітап соңында құрастырушының марқұм Өмірәлиевтің өмірі мен ғалымдық жолына арналған «Екі күймек бір жанға әділет пе?» деген мақаласы берілген.

Жинақ көлемі 6,56 б. т., 55 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}