Абайдың халықтығы мен реализмі (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың халықтығы мен реализмі», («Народность и реализм Абая»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет қазақ тілінде «Коммунизм таңы» газетінің 1954 жылғы 5 қыркүйектегі санында, одан кейін орыс тілінде «Литературная газета» (7. IX. 1954), «Ученые записки КазГУ» (19-т. 1955, 1-6-беттер), «Мысли разных лет» (1961, 205-211-6.), «Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер» (1967, 340-346-6.), «М. Әуезов. Собрание сочинении», (5-т., М., 1975, 291-297-6.), «20 томдық шығармалар жинағы» (19-кітап, 1985, 53-59-6.) басылымдарында жарияланды. Әуезов мақалада ұлы ақын шығармаларының құндылық жақтарын саралайды. Ақын поэзиясының өміршеңдігі - онда халық өмірінің, арман-мұңының, жарқын болашаққа ұмтылысының шынайы бейнелеуінде жатыр. Өз халқының, батыс, шығыс әдебиетінен мол сусындаған Абайдың поэзиясы қазақ халқының асыл қазынасына кәусар бұлақ болып құйылып, бүгінгі заманымызда да рухани игілікке айналып отыр. Абай өлеңдерінің өміршеңдігі оның халықтығы мен реалистігінде жатыр. Қазақ өмірінің әлеуметтік қайшылықтарға толы тұрмыс-тіршілігінің барынша шынайы суреттелуі Абай поэзиясының жаңашылдық сипатын танытады. Өршіл отаншылдықты, гуманистік идеяларды, әділетсіздік пен надандықты барынша әшкерелей шарлаған ұлы Абайды қазақ халқы мақтан тұтады. Мақала қазақ ақынының ұлылық сипаттарын орыс оқырмандарына таныстыру мақсатымен, Абайдың қайтыс болғанына 50 жыл толуына орай жазылған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың халықтығы мен реализмі (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}