Абайдың Жидебайдағы қорығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абайдың Жидебайдағы қорығы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref> – Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер.

Жидебайды 18 ғасырдың 80-жылдары мен 19 ғасырдың 50-жылдары шамасында тобықты руының Мамай, Жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғасырдың ортасына таман Жидебай (Мамай батырдан тараған Еламанның бір ұрпағы), Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған.

  • 1850 жылы Құнанбай Жидебайдың солтүстігінде 15 км жердегі күзеуден, Ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан.
  • 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан.
  • 1885 – 92 жылдар аралығында Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген.
  • 1892 жылы (ескіше 1 мамырда) інісі Оспан дүние салған соң Абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен.
  • Жидебай 20 ғасырдың соңында тарихи-мемориалдық, экологиялық қорыққа айналды.
  • 1990 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысымен Жидебай қорығының жалпы аумағы 64 км2. Мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енген тарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемлекеттік қорғауға алынды.

Қорық құрамына Абайдың мемориалдық мұражай-үйі, Абай – Оспан және Шәкерім – Ахат ескерткіштер кешені, Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукенбай, Еркежан бейіті басындағы белгілер, Кеңгірбай бидің бейіті, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұд қорасы, Орыс қорасы, Зұлғарыш қорасы, Ырыздыбай қорасы, Тұрағұл қорасы енеді.

Абай атауы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне берілген.

Жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер:</span>

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}