Абайдан соңғы ақындар (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдан соңғы ақындар», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет «Абай» журналының 1918 жылғы 5-санында жарияланған. Кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде (1990, 10 тамыз), «Жұлдыз» журналында (1997, №9), шығармаларының 50 томдық толық жинағының 1-томында (1997) басылды. Мақалаға «Екеу» (Ж. Аймауытовпен бірге жазған) деп қол қойған. Мұнда Абайдан соңғы кезеңде әдебиетімізде өлең жазушылардың көбейіп, халықтың сана-сезімі оянып, жаңаша сипат ала бастағаны сөз болады. Оған Үлгі:Start citation «бірінші - Абай, екінші - «Қазақ» газеті, үшінші - жалпы жұрттың ғылымға бет алуы себеп болды» Үлгі:End citation дейді. Абайдың қазақтың қоғамдық тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттеп, мінезін, мінін, сырын терең ашып, халықты ілгері жетектеп, оянуына, ойлануына себепші, түрткі болғандығы туралы «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласындағы ой-пікірлерін жалғастырып, дамыта түседі. Үлгі:Start citation «Бұған жалғас оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған - «Қазақ» газеті. Бұл газет халықтың саяси көзі ашылуына, «жұрттық» деген ойдың кіруіне қандай себеп болса, әдебиеттің гүлденіп, өркендеуіне де сондай себеп болды» Үлгі:End citation деп, қазақ әдебиетінің тақырып, мазмұн, түр жағынан байып, мән-мағынасының тереңдей түсуіне идеялық бағыт-бет нұсқап, жол ашқанын атап көрсетеді. Абайдан соңғы қазақ ақындарын биік талап тұрғысынан саралап, негізгі үш топқа бөліп жіктейді:

  • Бірінші топқа «сезімге эсер берерлік суретті өлеңдер» жазатын сыршыл (лирик) ақындарға: Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт һәм Ахмет Мәметовтерді жатқызып, өлеңдеріне көркемдік талдаулар жасайды.
  • Екінші топтың өкілдері ретінде «халықшыл (народник) ақындар»: Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Бекет Өтетілеуовтерді атайды.

Үлгі:Start citation «Бұлардың өлеңі сырты төгілген сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына, оянуына жеңіл, тәтті» Үлгі:End citation деп, олардың сөзінің алғашқы топтағыларға қарағанда, халыққа бір атасының жақын тұратынын, өлеңінің сезім мен қиялға тәрбие-әсері аз, ақылға азығының мол екенін, олардың әрқайсысының өзіндік өрнектерін қысқаша, дәл сипаттау арқылы ашып көрсетеді.

  • Үшінші топқа «ескі өлең, жыр, тақпақтарға еліктеп, желе жортақтатып, құбажондатып кететін» ескінің сарқыты Омар Қарашевты жатқызады. Бұл аталған ақындардың жетістік жақтарымен қатар кемшілік жайларына да тоқталып, әлі де көп ақындарымыз да шын «ақындықтан» гөрі «өлеңшіліктің» басымдау екенін атап айтады. Өлеңге қойылатын негізгі шарттарды айқындай келіп, ақындық өнері кем кісілердің «өлеңге салынып, бойдағы өзге өнерін жойып алуға мүмкін» екенін ескертеді.

Әдебиеттің күшеюіне өлеңнен өзге түрлерімен де, «қара сөзбен қызмет етуге де болады», «тегінде өр жақты болмай, бірбеткей, сыңар жақ болу да қате деп білеміз» деген түжырым жасайды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдан соңғы ақындар (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}