Ізмұқан Мұқашұлы Құрамысов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрамысов Ізмұқан (1896, Орынбор губeрния, Ақбұлак уезі, Томареткел ауылы — 25.2.1938) мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1934 жылы ақпаннан ҚК(б)П Батыс Қазақстан облысы комитеттінің 1-хатшысы. 1937 жылы шілдеден Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаты төрағасыньң 1-орынбасары, сол жылғы тамыздан Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетті терағасының орынбасары, ҚК(б)П ОК мүшесі. 1937 жылы қазан айында «халық жауы» деген айыппен ҚК(б)П ОК мүшелігінен, БК(б)П қатарынан шығарылып, қызметтен босатылып, тұтқындалды. КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының 1938 жылы 25 ақпандағы қаулысымен «контрреволюциялық ұлттық-фашистік ұйым құрып, басқарды» деген айып тағылып, атылды. КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының 1957 жылы 9 маусымдағы ұйғарымымен ақталды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ізмұқан Мұқашұлы Құрамысов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}