Əнуар Молдабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Əнуар Абыханұлы Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол колхозы - 1985) — Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртісі (1970 жыл), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қызмет жолы

1961 жылы Қазақ театр студиясын бітірді. 1961 - 1965 жылдары Қарағандының С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында қызмет етті. 1965 жылдан Қазақтың М.О.Əуезов атындағы драма театрында актер.

Сомдаған рөлдері

  • Тұңғыш ойнаған рөлі - М.Əуезов пен Ə.Əбішевтің "Намыс гвардиясындағы" Бақытжан (1961)
  • Қобыланды (М.Əуезовтың "Қара қыпшақ Қобыландысында")
  • Сəкен Сейфуллин (Мұқановтың осы аттас драмасында)
  • Керім (Əуезов пен Соболевтың "Абайында")
  • Жантық (Мүсіреповтың "Қозы - Көрпеш-Баян Сұлуында")
  • Тəңірберген (Нұрпейісов пен Мəмбетовтің "Қан мен терінде")
  • Арбенин (Лермантовтың "Масқарасында")
  • Асанов (Мұқышевтың "Партоганында")

Марапаттамалары

  • 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты <ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Алматы баспасы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер