http://kk.encyclopedia.kz/api.php?action=feedcontributions&user=BolatbekBot&feedformat=atomҚазақстан Энциклопедиясы - Қатысушы үлестері [kk-kz]2024-03-29T14:09:11ZҚатысушы үлестеріMediaWiki 1.23.15http://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D1%85%D0%B0%D0%BDАхмет хан2012-11-11T15:44:14Z
BolatbekBot: wikify using AWB
{{Мемлекеттік қайраткер
| Қазақша есімі = Ахмет хан
| Шынайы есімі =
| Суреті =
| Сурет ені =
| Атауы =
| Титулы = [[Қазақ хандары|Қазақ ханы]]
| Ту =
| Ту2 =
| Басқара бастады = 1533
| Басқаруын аяқтады = 1535
| Ізашары = [[Тайыр хан]]
| Ізбасары = [[Хақ-Назар хан]]
| Титулы_2 =
| Ту_2 =
| Ту2_2 =
| Реті_2 =
| Басқара бастады_2 =
| Басқаруын аяқтады_2 =
| Ізашары_2 =
| Ізбасары_2 =
| Титулы_3 =
| Ту_3 =
| Ту2_3 =
| Реті_3 =
| Басқара бастады_3 =
| Басқаруын аяқтады_3 =
| Ізашары_3 =
| Ізбасары_3 =
| Титулы_4 =
| Ту_4 =
| Ту2_4 =
| Реті_4 =
| Басқара бастады_4 =
| Басқаруын аяқтады_4 =
| Ізашары_4 =
| Ізбасары_4 =
| Туылған күні =
| Туылған жері =
| Қайтыс болған күні =
| Қайтыс болған жері =
| Жерленді =
| Діні =
| Әкесі = Жаныш сұлтан
| Анасы =
| Жұбайы =
| Балалары =
| Партиясы =
| Білімі =
| Қолтаңбасы =
| Сайты =
| Commons =
| Марапаттары =
'''Ахмет хан''' — ([[1533]]—[[1535]]) [[Сырдария]] маңында билік құрған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Ахмет хан, Қожа Махмуд хан, Махмуд хан — 16 ғасырдың 30-жылдарының 2-жартысында Қазақ хандығының батыс бөлігін билеген хан. Жәнібек ханның немересі, бірақ оның қай ұлынан екені белгісіз.
1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған. Қадырғали Жалайри А. х. туралы: “Узбекияда Ахмад хан деп атайды. Ол дағы біраз уақыт хан болды. Шидақ бекпен болған ұрыста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды”, — деп жазады.
А.П.Чулошников Ахмет ханды 1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан болған, ноғайлармен болған бір ұрыста Орақ мырзадан жеңіліп, өлтірілген деген пікір айтады.<ref>Чулошников А.П., Очерки по истории Казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен, ч.1, Древнее время и средние века, Оренбург, 1924; Қадырғали Жалайри, Шежірелер жинағы, А., 1997; История Казахстана. С древнейших времен до наших дней, А., 1997.</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы, 1 том</ref>
==Дереккөздер==
<references />
{{Қазақ хандары}}
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80_%D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%9B%D0%B8%D1%87%D1%83%D1%82%D0%B8%D0%BDВладимир Владимирович Личутин2012-11-11T15:43:04Z
BolatbekBot: wikify using AWB
'''Владимир Личутин Владимирович''' – орыс, кеңес жазушысы.<ref>
*http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%87%D1%83%D1%82%D0%B8%D0%BD,_%D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80_%D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87
*↑ Казак В. Лексикон русской литературы XX века = Lexikon der russischen Literatur ab 1917 — М.: РИК «Культура», 1996. — 492 с. — 5000 экз. — ISBN 5-8334-0019-8.. — С. 236-237.
*↑ Древо памяти Владимира Личутина | Вечерний Северодвинск от 10 марта 2005 г. | Издательство «Северная неделя»</ref>.
==Өмірбаяны==
[[1940 жыл]]ы 13 наурызда [[Архангельск облысы]]ның [[Мезень]] қаласында дүниеге келген. [[1960 жыл]]ы Орман-техникалық институтын, [[1962 жыл]]ы [[Ленинград университеті]]нің [[журналистика]] факультетін, [[1975 жыл]]ы [[КСРО]] Жазушылар одағының Жоғарғы әдеби курсын бітіреді.
==Шығармашылығы==
Өзінің көптеген шығармаларын Владимир Литучин қаланың сыртында, Часлово ауылында жазғанды ұнатады. Өзінің шығармаларының [[прототип]]тері мен кейіпкерлері ауыл тұрғындары.
==Марапаттары==
*«Беглец из рая» романы үшін [[Ресей]] Жазушылар одағының «Ресейдің үлкен әдебиет» сыйлығының иегері.
==Шығармалары==
*«Иона и Александра»
*«Белая горница»
*«Душа горит»
*«Последний колдун»
*«Скитальцы»
*«Любостай»
*«Душа неизъснимая»
*«Беглец из рая»
*«Река любви».
== Дереккөздер ==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Жазушылар]]
[[Санат:Орыс жазушылары]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%C2%AB%D0%A1%D0%B0%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BD_%D0%B0%D0%B9%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%C2%BB«Сауран айналған»2012-11-11T15:40:56Z
BolatbekBot: wikify using AWB
'''«Сауран айналған»''' - қазақ халқы тарихындағы қасіреттің (1723) аталуы. Ата-баба қонысынан, туған-туысынан, барлық байлық, мал-жанынан айырған 1723 жылғы қасіретті босу, казак халқында [[«Ақтабан шұбырынды»]] аталады. Бүл оқиға Ұлы жүз бен Орта жүзде «Алқакөл сұлама» деп аталса, Кіші жүзде оны [[«Сауран айналған» ауылы]] деп те атайды. Яғни бұл [[Кіші жүз]] руларының басқыншылыкқа ұшырап, соңынан түскен жауды адастыру мақсатында Сауран қаласын айналып өтіп, ауып кетуін білдіреді.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
ISBN 9965-893-73-Х</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%B8-%D3%A9%D0%BB%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83_%D0%BC%D1%83%D0%B7%D0%B5%D0%B9%D1%96Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі2012-11-11T15:40:33Z
BolatbekBot: wikify using AWB
[[Сурет:ALADomAuezova.JPG|thumb|]]
'''Батыс Қазақстан Облыстық Тарихи-Өлкетану Музейі''' - [[Орал]] қаласындағы 1832 жылы негізі қаланған [[тарихи-мәдени мекеме]]. 1920 жылы қалалық реалды училище мен казак-орыс әскерлері музейлерінің негізінде қайта құрылды. [[Музей]] залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған [[қыш құмыралар]], [[ыдыстар]], [[қола]] мен [[темір]]ден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат берсе, XIX ғ. мен XX ғ-дың бас кезінде қолданылған [[әшекей|әшекей бұйымдар]], [[үй жиһаздары]], [[тұрмыстық заттар]], [[ер-тұрман]]дар [[Батыс Қазақстан]] төңірегінде ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің шеберліктерін танытады. Сондай-ақ, музейде XIX ғ-дың соңы - XX ғ-дың бас кезіндегі Орал қаласындағы саяси, әлеуметтік оқиғалар, [[тарихи тұлғалар]] өмірі жайында баяндайтын құнды [[фотосуреттер]], [[құжаттар]], заттық деректер қойылған.
Музей қорындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлері, [[шикізат өнімдері]], еңбек ерлері жайындағы мәліметтер облыстың өндірістік және шаруашылық дамуының тарихын көрсетеді. Музейдің дербес бөлімдері болып табылатын [[Мәншүк Мәметова]]ның мұражайында оның ерлігінен хабар беретін материалдар мен заттық деректер, [[Пугачев]] мұражайында орыс көтерілісшісі Е.А. Пугачевтің [[Орал]]да болуын баяндайтын маңызды құжаттар, соғыс қарулары, табиғат және экология музейінде өлкенің географиялық жер жағдайының кескіндеме-карталары, кен байлықтарының үлгілері, өлкеде кездесетін [[өсімдіктер]] және жан-жануарлардың қатырылған бейнелері қойылған. Сондай-ақ, қалада тарихи-өлкетану музейінің дербес бөлімдері ретінде суретші [[С. Ғұмаров]] және орыс жазушысы [[М. Шолохов]] музейлері жұмыс істейді. Музейде жалпы саны 21930 экспонат сақтаулы. Тұрақты және көшпелі көрмелер, облыстық теледидар және радиодан арнаулы хабарлар ұйымдастырылып тұрады.
== Сыртқы сілтемелер ==
[[Қазақ энциклопедиясы]]
{{wikify}}
[[Санат:Мәдениет]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A8%D1%8B%D2%93%D0%B0%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BD_(%D0%9A%D1%96%D1%88%D1%96_%D0%B6%D2%AF%D0%B7)Шығай хан (Кіші жүз)2012-11-11T15:38:00Z
BolatbekBot: wikify using AWB
'''Шығай''' (туған жылы белгісіз – 14.11.1825) – [[сұлтан]], [[Бөкей Ордасы]]ның билеушісі (1815 – 1825). [[Әбілқайыр хан]]ның немересі, [[Нұралы хан]]ның баласы. Ағасы Бөкей қайтыс болғаннан кейін хан тағының мұрагері [[Жәңгір]] ержеткенше Бөкей Ордасын (Ішкі Орда) уақытша басқарды. 1816 ж. 24 қазанда [[Орал]] қаласында [[Ресей]] патшасына [[ант]] берді. Шығай билік еткен жылдар халық басына түскен ауыр оқиғалармен қатар келді. 1815 – 1816 ж. болған [[жұт]]тан қазақ ауылдарының малы қырылып қалды, біраз рулар хандықтан кетуді ойлады. Қалмақтар мен [[Орал]] казак-орыстары жерге таласып, [[Ішкі Орда]] қазақтарына қысым көрсетті. Дегенмен, орыс көпестерімен сыйлас болған Шығай қол астындағы жұртын жұттан аман алып шықты. Билеуші ретінде ол қарауындағы елді қантөгіске ұшыратпай, бейбіт мәмілегерлік жолмен жер дауын шешу ісіне көп еңбек сіңірді. 1819 ж. малы жұтқа ұшыраған қазақ шаруаларына көмектесуді әрі даулы жерлерді қазақтарға алып беруді өтініп, [[Орынбор губернаторы]]на хат жазды. Қазақтарды отырықшылыққа баулымақ ниетпен 1820 ж. [[Каспий теңізі]]нің жағасынан ағаштан қиылған еңселі үй салды. 1822 ж. [[Орынбор]] шекара комиссиясынан өзін тұрақты хан етіп ресми тағайындауды талап етті. Бірақ Ішкі Ордада оның ағасы Бөкей хандай беделі бола қойған жоқ. 1824 ж. билікті тақтың заңды мирасқоры Жәңгірге беруге мәжбүр болғаннан кейін Шығай ел билеу ісіне араласпай, қалған өмірін тыныш өткізді.
==Сілтемелер==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
{{Kazakh Khans}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:1825 жылы қайтыс болғандар]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A3%D3%99%D0%BB%D0%B8_%D1%85%D0%B0%D0%BDУәли хан2012-11-11T15:37:48Z
BolatbekBot: wikify using AWB
{{Мемлекеттік қайраткер
| Қазақша есімі = Уәли хан
| Шынайы есімі =
| Суреті =
| Сурет ені =
| Атауы =
| Титулы = [[Орта жүз]] ханы
| Ту =
| Ту2 =
| Басқара бастады = 1781
| Басқаруын аяқтады = 1821
| Ізашары =
| Ізбасары =
| Титулы_2 =
| Ту_2 =
| Ту2_2 =
| Реті_2 =
| Басқара бастады_2 =
| Басқаруын аяқтады_2 =
| Ізашары_2 =
| Ізбасары_2 =
| Титулы_3 =
| Ту_3 =
| Ту2_3 =
| Реті_3 =
| Басқара бастады_3 =
| Басқаруын аяқтады_3 =
| Ізашары_3 =
| Ізбасары_3 =
| Титулы_4 =
| Ту_4 =
| Ту2_4 =
| Реті_4 =
| Басқара бастады_4 =
| Басқаруын аяқтады_4 =
| Ізашары_4 =
| Ізбасары_4 =
| Туылған күні =
| Туылған жері =
| Қайтыс болған күні =
| Қайтыс болған жері =
| Жерленді =
| Діні =
| Әкесі = [[Абылай хан]]
| Анасы = Сайман ханым
| Жұбайы =
| Балалары =
| Партиясы =
| Білімі =
| Қолтаңбасы =
| Сайты =
| Commons =
| Марапаттары =
'''Уәли''', '''Уәли хан''' (1738/41 – 1821) – [[Орта жүз]] ханы (1781 – 1821). [[Абылай хан]]ның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Жасынан [[билік]]ке араласып, [[арғын]] тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды.
Абылай қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз өкілдерінің құрылтайында хан сайлау негізінде билікке келді. Таққа отырысымен [[Ресей империясы|Ресей]] және [[Қытай]] билеушілеріне елшілік аттандырды. [[1782]] жылы 25 ақпанда императрица [[Екатерина II|Екатерина ІІ]] Уәлиді Орта жүздің ханы деп танитындықтары жөнінде грамота жіберді. Көп ұзамай Уәлиді билеуші деп танитындықтары жөніндегі осындай грамота [[Цинь Патшалығы|Цин императоры]] тарапынан да келді. Уәли ішкі-сыртқы саясатта әкесі [[Абылай хан|Абылайдың]] ісін әрі қарай жалғастырушы болды. Ол [[Орта жүз]] руларының ішіндегі тұрақтылықты сақтай отырып, сыртқы саясатта Ресей мен Қытайға тең қарым-қатынас жасауға тырысты. Ресей өкіметі өз тарапынан Уәлидің Қытаймен байланыстарына тыйым салуға ұмтылды. Казак әскерлерін жіберіп, хан сарайына келе жатқан Қытай елшілерін орта жолдан қайтарып отырды. Дегенмен, Уәли Қытаймен қарым-қатынасын тоқтатқан жоқ. Орта жүзге ықпалын күшейту үшін патша өкіметі шекаралық шепті қазақ даласының ішіне жылжыта бастады. Ресейдің ықпалын бәсеңдету мақсатында Уәли Қытай үкіметімен және [[Бұхар Хандығы|Бұхар хандығымен]] байланысын күшейтті.
Патша өкіметінің үсті-үстіне жасаған қысымына қарамастан Уәлидің алғашқы он жылдық билігі тыныш жағдайда өтті. Алайда 18 ғасырдың аяғына қарай Уәлидің ішкі саясатына кейбір қазақ рулары тарапынан қарсылық күшейді. Олар 1795 жылы Ресей патшасына ханның үстінен наразылық хат жазды. Сол жылы 2 сұлтан мен 19 би қарамағындағы 120 мыңнан аса адамымен орыс шекарасына жақын жерлерге көшіп барып, өздерінің патша өкіметіне тікелей бағынғылары келетінін мәлімдеді. Бірақ өзінің дипломатиялық шеберлігі арқасында Уәли бұл жанжалды ушықтырмай, өз пайдасына шешті. Дегенмен, ол 1803 – 05 жылы өз қарамағындағы қазақ рулары мен сұлтандарды [[Сырдария]]ға, [[Шығыс Түркістан]]ға көшуге үгіттеді. Патша өкіметі қазақ руларының оңтүстік-шығысқа көшіп кетуіне жол бермеу үшін Уәлимен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.
Уәлидің негізгі қонысы [[Есіл (өзен)|Есіл өзен]] бойында Көкшетау мен Шыңғыстау аралығында орналасты. Бас ордасы Бурабай көлінің маңайында (Ханкөл, Қызыл ағаш), екінші ордасы Көкшетаудың шығысындағы Сырымбет қыстауында болды. Ол ішкі-сыртқы саясатта әкесі Абылайдың ісін жалғастырып, қазақ хандығының дербестігін сақтауға тырысқанымен 19 ғасырдың басында қалыптасқан саяси ахуал оған мүмкіндік бермеді. Ресей өкіметі қазақ даласындағы хандық басқару жүйесін құлату үшін барлық амалдарды қолданды. Нәтижесінде Уәлидің билігі бірте-бірте әлсірей бастады. Уәлидің билігін одан әрі әлсірету үшін патша өкіметі қазақ рулары арасында ішкі қайшылықтарды пайдалану арқылы 1816 жылы Барақтың тұқымы Бөкейді Орта жүздің 2-ханы етіп бекітті. Уәли Ресей, Қытай және [[Орталық Азия]] мемлекеттері толық мойындаған соңғы қазақ ханы болды, ол қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай патша өкіметі Орта жүзде хан сайлауды мүлдем тоқтатты. Уәлидің 2 әйелінен 14 ұлы болған. Оның ішінде мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған [[Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы|Шыңғыс Уәлиханов]] [[Көкшетау]] және [[Құсмұрын]] округтерінің алғашқы аға сұлтандары болып сайланған.
Даңқты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов Уәлидің немересі.
{{Қазақ хандары}}
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%92%D0%B8%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80_%D0%90%D0%B4%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%84%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%91%D0%B0%D1%85%D0%BC%D0%B0%D0%BDВиктор Адольфович Бахман2012-11-11T15:23:51Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Казақ → Қазақ using AWB
'''Виктор Адольфович Бахман''' (30.12.1951, Архангельск облысы, [[РФ]]), [[ҚазКСР]]-інің ЕСЖ-сы [[ҚазКСР]]-інің чемпионы ([[1976]]). Қазақстан құрама командасының [[1984]]-86 ж. аға жаттықтырушысы. ЗХДСШ-ін, 12 СШ-ін дайындады, олардың арасында [[КСРО]] чемпионаты И.Леонова мен С.Руднева бар. И.Леонова Еуропа Гран-При чемпионаты. Қазіргі уақытта Германияның бас жаттықтырушысы, оның әйелдер командасы Атлантадағы ([[1996]]) Олимпиялық ойынар күміс жүлдегері, командалық есепте Әлем чемпионаты ([[1997]]) жеңімпазы.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Спорт]]
[[Санат:Тұлғалар]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D3%A8%D1%82%D0%B5%D0%BF%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B8_%D0%9D%D1%8B%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D2%9A%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B2Өтепқали Нысанбайұлы Құралов2012-11-11T15:23:49Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Казақ → Қазақ (2) using AWB
'''Өтепқали Нысанбайұлы Құралов''' (25.04.[[1934]], Денгиз ауданы, Атырау облысы), [[ҚазКСР]]-інің ЕСЖ- сы. Атырау қалалық спорт комитетінің төрағасы, республикалық спорт комитеті бұқаралық спорт түрлері бөлімінің, Қазақстан кәсіподақтары дене тәрбиесі мен спорт бөлімінің бастығы, [[Қазақстан Компартиясы орталық комитеті]]нің нұсқаушысы.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Спорт]]
[[Санат:Тұлғалар]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%95%D1%80%D1%82%D0%B5_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%80_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%B1%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D2%A3_%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC%D1%8B%D0%B7_%D1%88%D0%B5%D0%B1%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8FЕрте Темір дәуі мен біздің заманымыз шебіндегі антропология2012-11-11T15:17:28Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Қазак → Қазақ (2) using AWB
[[Сурет:Erte2.jpg|thumb|right|300px]]
[[Сурет:Erte3.jpg|thumb|right|300px]]
[[Сурет:Erte4.jpg|thumb|right|300px]]
'''Ерте Темір дәуірі мен біздің заманымыздың шебіндегі антропология'''
==[[Сақтар]]дың антропологиялық кескін-кейпі==
[[Ерте Темір дәуірі]] мен біздің заманымыздың шебінде сақтардың антропологиясы — азын-аулақ храниологиялық белгілері олардың жалпы антропологиялық кескін-кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Олардың бас сүйегі шағын, ми қауашағының бітімі төмен, беті едәуір жалпақ, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді. Бұл [[храниология]]лық белгілер сақтардың дене пішінінің негізіне неғұрлым алдыңғы қола дәуірінің тұрғындарына тән болған андроновтық антропологиялық бітім жатқанын дәлелдейді.
Сонымен бірге қола дәуірімен салыстырғанда сақтардың бірқатар храниологиялық белгілерінде, онша елеулі болмаса да, айрықша ерекшеліктер аңғарылады. Олар ертедегі темір дәуірінде сақ тайпаларының жалпы еуропеоидтік келбетінің неғұрлым көмескіленуіне келіп саяды. Бас сүйек неғұрлым аласа болып, бас сүйек көрсеткіші біршама ұлғаяды, бет әлпетінің жалпақтығы артып, маңдайының тік еңісі өсе түседі, мұрын сүйегінің дөңестігі азайып, көз ұясы шығыңкы бола бастайды. Бұл өзгерістер тізбесінің [[монғолоид]]тік храниологиялық сипаттама жағына ойысуы сақ тайпаларының құрамында аздап монғолоидтық қоспа пайда болған деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Орталық, Солтүстік және Шығыс [[Қазақстан]]дағы [[сақ]] бас сүйектері серияларының морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, бір жағынан, олардың арасындағы [[генетика]]лық тығыз жақындықты көрсетеді. Сонымен бірге монғолоидтік элементгер бас сүйектердің әрбір сериясы ішінде ғана емес, сериялар арасында да біркелкі емес.
Бұл белгілер ол [[Орталық Қазақстан]]ды мекендеушілерге қарағанда, солтүстік және шығыс аймақтардың сақтарында жиірек кездеседі. Бұл айтылғандар араласу үрдісінің біршама жақын уақытта басталғанын дәлелдейді. Оның үстіне ертедегі темір дәуірінде жекелеген монголоидтік немесе сол кезде-ақ белгілі бір дәрежеде араласқан топтар Қазақстан далаларына монғолоидтар мекендеген Орталык Азияның тікелей түкпірінен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның шығысына жапсарлас жатқан неғұрлым жақын жерлерден — нәсілдік жағьшан храниологиялық сериялары неғұрлым алдыңғы кезеңдерде де белгілі Таулы [[Алтай]] мен [[Оңтүстік Сібір]]ден келуі мүмкін. Сақтардың Таулы Алтай тайпаларымен неғұрлым тығыз қарым-қатысына [[Оңтүстік Қазақстан]]нан ([[Түгіскен]], [[Ұйғарақ]], Молалы қорымдарынан) алынған храниологиялық материалдар дәлел болуы мүмкін. Антропологиялық тұрғы- дан алғанда, бұл ескерткіштерден табылған сақтар заманындағы бас сүйектерін жалпы морфологиялық ерекшеліктер біріктіреді. Олар мыналар болып табылады: бет әлпеті өте биік, бұл орайда едәуір жалпақ, оның еуропеоидтермен салыстырғанда көлденеңінен, әсіресе бет әлпетінің жоғарғы бөлігінде толықтығы айқынырақ, көз ұясы жоғары болып келеді, бұған ұйғарақ сериясы қосылмайды. Белгілердің суреттелген шамалары бас сүйектердің қаралып отырған сериялары құрамында монголоидтік элементтер үлесінің едәуір елеулі екенін және Таулы Алтайдын сондай тұрғындарының морфологиялык белгілерімен ұқсастығы бар екенін дәлелдейді51. Молалы сияқты, археологиялық ескерткіштердің бір тобьша жататын [[Шұбарат]] қорымынан алынған бас сүйектердің храниологиялық сериясының физикалық бітімі Қазақстан, Оңтүстік [[Арал]] өңірі далаларының, сондай-ақ [[Тянь-Шань]]ның сақ тайпаларының көпшілігіне тән тұрпатта екенін, бұл орайда монголоидтік қоспа мейлінше әлсіз аңғарылатынын атап өтеміз. Нақ сол кезенде Қазақстанның батысында, археологиялық деректерге қарағанда, алдндағы дәуірдің қимашылары мен андроновтықтардың өзара әсері негізінде қалыптасқан савроматтар тайпалары мекендеген. [[Савромат]]тардың храниологиялық материалдарың зерттеу олардың [[Батыс Қазақстан]]ның қима халқымен генетикалық сабактастығын көрсетті, ал оның құрамында Еділ бойының қима халқына тән андроновтық пішіннің компоненттері ұштасып жатқан. Ертедегі темір дәуірінде батыс аймақ тұрғындарының [[Қазақстан]]ның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерімен қарым- қатынасы, тегінде, бұрынғысынан да күшейе түссе керек. Бұл олардың дене бітіміне едәуір айқын әсер еткен.
Батыс Қазақстанның қима тайпаларымен салыстырғанда, савроматтардың бас сүйектерінде бас сүйек көрсеткіші үлкен, мезокрания жағына ойысқан, онша биік емес және неғұрлым жалпақ, бет әлпетінің пішінделуі қолденеңінен қарағанда онша айқын емес, мұрын сүйектері сәл ғана дөңестеу, кеңсірік үсті онша биік емес, көз ұясы неғұрлым биік болады52. Бұл өзгерістер олардың нәсілдік тұрпатындағы андронов компоненттерінің ұлғаюы жағына қарай болғанын ескерте кеткен жөн. Ол былай тұрсын, соңғы жылдардағы храниологиялық материалдар ішінде савромат- тардың бас сүйек сериялары езінің нәсілдік тұрпаты жағынан Жетісудағы үйсіндердің кейбір серияларына ұқсайды деуге болады.
[[Савромат]]тардың храниологиялық деректерін Қазақстанның батысымен, сондай-ақ Төменгі [[Еділ]] бойын Қазақстанның қалған аумағындағы сақтармен салыстыру нәтижелері, кейбір айырмашылықтарына қарамастан, олардың морфологиялық жағынан өте жақын екендігі туралы тезисті растайды. Бұл жақындықты савроматтар мен сақтардың нәсілдік құрамына енген арғы ататектерінің ортақтығымен ғана емес, сонымен қатар олардьщ ертедегі темір дәуірінде нәсіл болып калыптасу жолдарының да жалпы ортақтығымен түсіндіруге болады.
==[[Үйсіндер]]дің антропологиялық тұрпаты==
Үйсіндердің антропологиялық тұрпаты — Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тұрғындарының өздерінің алдындағы сақ тайпаларымен мәдениет жағынан да, генетикалық жағынан да сабақтастығы үйсісіндер заманында (б. з. б. III ғасыр — б. з. III ғасыр) едәуір айқын аңғарылады. Үйсіндерге бас сүйектін ұзындығы мен биіктігі орташа, бірақ ені үлкен, брахикарлы (езокранияға жақын), мандайының біршама тайқылығы, кенсірігінің шығыңқы және қабақ доғасының орташа дөңес, мұрнының көлемі орташа болуы тән. [[Жетісу]]дан табылған ер адам бас сүйегінің [[М.М. Герасимов]] жасаған пластикалық реконструкциясы үйсіндердің жалпы жинақталған кескінін көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді. Антропологиялық тұрпаты жағынан үйсіндердің бас сүйегі біршама монғолоидтік қоспасы бар еуропеоидтік нәсілге жатады.
==Cавромат-сарматтардың генетикалық сабақтастығы==
[[Cавромат]]-[[сарматтар]]дың — Б. з. б. III ғасырдан бастап сармат тайпаларының Батыс Қазақстан аумағында савроматтардың мирасқоры болып, олармен бірге савромат-сармат этникалық-мәдени қауымын кұрғаны мәлім.
Олардың генетикалық сабақтастығьш палеоантропологиялық материалдар да растайды. Савроматтардың дене бітімінің негізгі сипаттары қандай да болсын елеу- лі өзгерістерге ұшыраған жоқ - Савроматтардағы сияқты сарматтарда да сол аймақ- тағы жалпы еуропалық сарын сақтады, оған андроновтық бітім компоненттері қосылып, ертедегі [[Жерорта теңізі]] [[нәсілі]]нің белгілері әлсірей түсті.
Сонымен бірге олардың антропологиялық құрамында монғолоидтік элементтер өте аз, бірақ ол біртіндеп көбейе берді. Дықылтас қорымынан алынған ер адамның бас сүйегі бойынша жасалған пластикалық реконструкция сарматтардың дене бітімі туралы жалпы түсінік береді.
[[Батыс Қазақстан]] ауқымында савромат-сармат дәуіріндегі дене сипатының өзгеруіндегі белгілі бір әркелкілік аңғарылады. [[Бубенны қорымы]]нан (Батыс Қазақстан облысы) алынған б. з. б. II — біздің заманымыздағы IV ғасырлардағы саны жағынан аз храниологиялық серияда нақ сол аймақтағы қола дәуірінің қима тұрғындарының антропологиялық бітіміне барып тірелетін морфологиялық элементтер сақталған. Алайда Батыс Қазақстанның савромат-сармат тайпаларының антропологиялық құрамындағы аса күрделі өзгерістердің қарқыны мен дәрежесіне неғұрлым негізделген баға беру үшін саны жағынан әлдеқайда қомақты храниологиялық материалдар керек.
Олар өздерінің қоныс аударған жолында ертедегі еуропеоид тектес тұрғындардың жергілікті ұрпақтарымен араласуы әбден мүмкін, ал олардың ұрпақтарында да өз кезегінде сол кездің өзінде ғұндар шапқыншылығының алдындағы дәуірдегі монголоид топтармен көбінесе қан араластыру іздері болған54.
Бұрын ғұндарға телініп келген бас сүйекті әдейі бұзу жөніндегі мәдени дәстүрге келетін болсақ, казіргі уақытта Ферғана алқабындағы б. з. б. V—III ғасырлардағы қорымдардың материалдарынан әлгі құбылыстың ол жерге біздің заманымыз шебінде ғұн тайпаларының келуінен әлде- қайда көп уақыт бұрын пайда болғаны мәлім болып отыр.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
[[Санат:Тарих]]
[[Санат:Ерте Темір дәуірі]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9_%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%AF%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%B3%D1%96%D0%BD%D0%B5_%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B_%D2%B1%D0%BB%D1%82-%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D0%B7%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8BҚазақтардың ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы2012-11-11T14:59:28Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Қазак → Қазақ using AWB
==Ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі ерекшеліктері==
[[Ресей империясы]]ның үстемдігіне қарсы [[қазақ]] халқының ең қуатты қозғалысы 1837—1847 жылдардағы [[көтеріліс]] — өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен [[отаршылдық]]қа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Көтерілісшілердің сан жағынан артықшылығы, батылдығы кейде олардың жазалаушылармен белдесіп күресуі үшін жеткіліксіз болды. [[Қазақстан]]дағы көтерілістердің бір ерекшелігі, міне, осында.
[[Ұлт-азаттық қозғалыс]]тың негізгі мақсаты — ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын [[мемлекет]]тілігін, [[тәуелсіздік|тәуелсіздіг]]ін қалпына келтіру. Ұлт-азаттық қозғалыс тек ұлтты азат етумен шектелмеуі мүмкін, шаруалардың жер үшін, халықтың [[демократия]]лық дамуы үшін болған қозғалысын да осыған қосуға болады. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс көп қырлы. Ал ұлт-азаттық көтеріліс — ұлтазаттық қозғалыстың бір түрі, ол көп халық қатысқан қарулы түрі. Көбіне онша ұзақ болмайтын, белгілі бір нақты аймақты қамтитын бір оқиға аймақтық шеңберден шығып, қамтитын аймағы ұлғайып бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт-азаттық қозғалыс, ұлтазаттық [[революция]] дәрежесіне жетеді.
==Ұлт-азаттық қозғалыстардың кезеңдері==
Қазақстан [[тарих]]шылары кейінгі уақытта бұған дейін жеке-жеке қарастырып келген ұлтазаттық көтерілістер мен қозғалыстарды енді тұтас қарастыратын болды. Шынында да, Ресей [[патша өкіметі]]нің отаршылдық саясатына қарсы алғашқы көтеріліс нышаны XVIII ғасырдың 70-жылдарында байқалса, сондай оқиғалар біріне-бірі жалғасып, бірі басыла бергенде, екіншісі басталып жатпады ма?
[[Академик]] [[М.Қозыбаев]] Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды төмендегідей кезеңдерге бөледі:
===1 кезең===
[[Сібір]] жұртын жаулап алуға қарсы қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың азаттық қозғалысы. Оны [[Ешім]] даласында [[Көшім хан]] басқарды. Сібір халқы шапқыншыларға қарсы 1590—1617 жылдар арасында 30-дан астам қарсылық көрсетті. Көшім хан мен оның балалары [[Ешім]], [[Абылай]], [[Дәулеткерей]] орыс мемлекетінің шапқыншыларымен ұзақ жыл арпалысты. Бүкіл түркі тілді қандас халықтар қазақ елінің сұлтаны Мұртазаның баласы Көшімнің әулетін колдап, қол ұшын берді.
===2 кезең===
Қазақ елінің оңтүстігі — [[Жетісу]], [[Сыр бойы]] жоңғарларға, [[Қоқан]], [[Хиуа]] [[хандық]]тарына тәуелді болды. Ал XVIII ғасырдың бір сәтінде жоңғарлар [[Сарыарқа]]ның бір бөлігі мен [[Алтай]] өңірін, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуды басып алып, халқын бодан етті. Жоңғарлармен соғыс Отан соғысына айналып, ұлт-азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, біріктірді, бүкілхалықтық дәрежеге көтерді.
===3 кезең===
[[Әбілқайыр хан]]ның [[Кіші жүз]]дің бір бөлігімен Ресей қол астына өтуінен басталады. Мұны өте тез әрі тиімді пайдаланған патша өкіметі қазақ жеріне тереңдей ене берді. Осы мақсатта тек қаруды ғана емес неше түрлі қитұрқы саясатты да пайдаланды. Империяның құрығы қанша ұзын болса да, қазақ даласы тұзаққа тез түспеді. Қазақстанды жаулап алу ұзаққа созылды.
===4 кезең===
Қазақ даласы таланып, патша өкіметі мен оның қарулы күші — қазақтар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық-зомбылық мемлекеттік дәрежеде өрбіген кезде ұлт-азаттық қозғалыс та өрши түсті. Бұл кезеңде қазақ сахарасында отарлау саясаты толық қалыптасты. Бүкіл қазақ даласына патша өкіметі өз билігін үстем етті. Хандық билік жойылды. Ен далада жазалаушы отряд сайрандады. Халық тығырыққа тірелді, қазақ мемлекеттігінің соңғы буындары жойылды, шаруалар жерінен айырылып, кұмды, шөлейт далаға ысырылды. Халық басына ауыр күн туды. [[Сырым Датұлы]] мен [[Исатай Тайманұлы]] көтерілістері осындай жағдайға байланысты шықты.
===5 кезең===
[[Хан Кене]] бастаған ұлт-азаттық қозғалыс лаулады. Он жылдан астам уақытқа созылған бұл қозғалыс үш жүздің басын қосып, Ресейге [[протекторат]] негізінде мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталды, оны халықтың көпшілігі қолдады. Жеңілгеніне қарамастан бұл [[Еуропа]]ға даңқы жеткен ең ірі қозғалыстардың бірі еді.
===6 кезең===
XX ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық бағытпен дамытпақ болған [[реформатор]] зиялы қауым бастады. Олар бүкілхалықтық мүддені алға қойды. [[Федеративті Ресей]]дің құрамында демократиялық [[автономия]] алуды көздеген [[Алаш]] елінің [[буржуазия]]лық демократия жолымен даму бағытын ұстады. Қазақ зиялы кауымының бір бөлігі — демократия мен дамудың еуропалық бағытын, ал екінші бөлігі [[социал-демократия]]лық дамудың [[радикал]]ды бағытын ұстады.
1916 жылы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс революцияға ұласты, 1917 жылы Ресейде [[Ақпан революциясы]] басталған сәтте оның құрамдас бөлігіне айналды. 1916 жылдың екінші жартысында отаршылдыққа карсы наразылық Қазақ хандығының негізін қайта калпына келтіруден көрінді. Қазақ даласында хандар сайланды, сардарбектер тағайындалды, әскер құрылды, хан кеңесі, қазылар алқасы, ел бектері, қазынашылар, басқаша айтқанда, билік жүйесі қалыптасты. Міне, осылай қазақ мемлекеттігінің құрамды белгілері қалпына келтірілді. Бұл — Ресейге бодан болғаннан бергі ең ірі қозғалыс. Халық каһарына мініп, өз ерлігін керсеткен 1916 жыл ұлтазаттық қозғалысының ең жоғары шыңы болды.
===7 кезең===
Ұлт-азаттық қозғалыстар мен 1917 жылғы Ақпан революциясы және [[Қазан төңкерісі]] азаматтық қарама-қарсылықтар кезінде дамыды да, үлкен көтеріліске ұласты. Бұл күшпен ұжымдастыру 370-тен астам [[шаруалар]] қарсылығының жеңілісімен аяқталды...<ref>Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық - Алматы: "Мектеп" баспасы, ISBN 9965-36-056-1</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Тарих]]
[[Санат:Қазақ хандығы]]
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%92%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B4%D0%B8%D0%B0%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B0Вариациялық диаграмма2012-11-11T14:50:28Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Қазак → Қазақ using AWB
'''Вариациялық диаграмма''' – өзгермелі мөлшерлер арасындағы байланыстарды ашып көрсететін сызбалы кескін.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4</ref>
'''Вариациялық диаграмма''' - айнымалдардың байланысын графикалық бейнелеу. Мұнда [[абсцисса]]ға таужынысқа өте маңызды элементтің массалық пайызы, ал [[ордината]]ға басқа элементтердің мөлшері көрсетіледі. Осылай жасалған [[қисық]] бойынша әр элементтің басқа бір элементтің мөлшерінің өзгеруіне қарай қалайша өзгеретінін анықтауға болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет.
ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
</ref>
==Дереккөздер==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Геология]]
[[Санат:Геофизика]]
[[Санат:География]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%83%D1%8BҚазақ хандығының құрылуы2012-11-11T14:39:46Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Қазак → Қазақ (5) using AWB
'''Қазақ хандығы''' - [[Қазақстан]] аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен [[Қазақстан экономикасы|экономикалық]] даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде [[Әбілқайыр хан]] [[Сығанақ]] түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. [[Мұхаммед Хайдар Дулати]]дің [[«Тарихи Рашиди»]] кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - [[Шу]] бойы мен [[Қозыбасы]] деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде [[Керей хан|Керейді]] ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен [[Жәнібек хан|Жәнібекке]] келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.
Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. [[Орта Азия хандығы|Орта Азия]], [[Астрахан хандығы|Астрахан]], [[Қазан хандығы|Қазан]], [[Сібір хандығы|Сібір хандықтарымен]], [[Ресей]]мен тығыз байланыс болды. [[Қасым хан]], [[Хақназар хан]], [[Тәуекел хан|Тәуекел]], [[Тәуке хан]]дардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.<ref>АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ:(елтанымдық және тілтанымдық жинақ).
Құрастырған Е.Е.Тілешов, Г.П.Әріпбек. Астана:"Руханият", 2010ж - 264 бет. ISBN 978-601-80133-1-7</ref>
XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудын батыс белігінде әтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында түратьш Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.
Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі. жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуьшен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы калалы әңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - кешпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.
Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалык. мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.
Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.
Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген енбектерінде терендетіле карастырылған.
Сырдарияның ортаңғы және теменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.
Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.
Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.
Орталык Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.
Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.
Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.
Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар.
Қызылкеніш сарайы Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының территориясындағы Кент тауында орналасқан.
Сарай Қызылкеніш сайында, өзеннің оң жағалауында орын тепкен. Ертеден бері жергілікті қазақтар оны «Қыз Әулие» деп атағанымен, зерттеушілер өз жұмыстарында «Кызыл-Кенчский дворец», «Кызыл-Гянчский дворец», «Кзыл-Кенч, «Кызыл-Кенш», «Кызылкентский дворец», "Қызылкеніш сарайы" деп атап келді.
Қызылкеніш сарайы өзінін архитектуралық стилі жағынан (2 қабат, балкон, колонналар), сондай-ақ археологиялық қазба барысында табылған заттарына қарағанда да кейіңгі кезеңде салынған қазақ құрылысына ұқсамайды. Сарайға жүргізілген 3 жылдық зерттеулер көрсеткендей, ескерткіш ғұрыптық құрылыс болып табылады. Соған қарағанда ол ойраттардың 17-ғ. тұрғызған ламаистік ғибадатхана, яғни монастырь (храм) болса керек.
Сарайды өткен ғасырдың 50-жылдарында Республикалық Археологиялық карта құрастыру барысында Қазақстан ҒА экспедициясы зерттеді.
Қызылкеніш сарайына археологиялық казба 1985 ж. басталды. Оны Қазақстан мәдениет Министрлігінің "Казпроектреставрация" Институтының археологиялық отряды жүргізді.
Ескерткіштін бұдан кейінгі зерттелуін 1986-1987 ж. Қарағанды Мемлекеттік университетінін археологиялык экспедициясы жалғастырды (профессор А.К.Әбілов бастамасымен құрылған «Эврика» студенттік отряді).
Зерттеу барысында негізгі сарай 3 жеке кұрылысымен толық аршылып. ескерткіш манында орналасқан қорымнан 10 жерлеу орны қазылды. Қазбаға дейін сарай қирандысы диаметрі 25 м-ге, биіктігі 2,7 м-ге дейін жететін тасты-топырақты төбе түрінде болып келген. Зерттеу барысында үстіне қалың шөп пен итмұрын бұталары өскен оның айналасынан үш жеке құрылыстың қирандысы мен қорым тіркелді. Сарайдың оңтүстік-шығыс жағында, яғни кіре берісінде тереңдігі 2 м-ге жететін сопақ пішінді екі шұңқыр бар.
Қазбадан кейін, тамбуры бар. 4 бөлмеден тұратын негізгі сарай жобада айқыш (крест) тәрізді құрылыс болып шықты. Сарайдың қабырғалары өңделмеген тақта тастардан қаланған. Тақталардың қалыңдығы 0,10 - 0,20 м. Құрылысты салу барысында онын бұрыштарына ұзындықтары 0,6 - 0,7 м, ендері 0,4 - 0,5 м болып келетін үлкен тақта тастар пайдаланылған.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіш өте қыска уакыт өмір сүрген. Адамдардың узақ уақыт өмір сүрген іздерінің жоктығы. тек шамалы гана күл қабаты, жануарлар сүйектерінін аздығы мен табылган олжалардың мардымсыздығы ескерткіштің тұрақты мекен-жайға айналмағандығын меңзейді.
Археологиялық қазба барысында табылған оймышты ағаш әшекейі Монғолияның ламаистік храмдарының әшекейлеріне (өрнектеріне) ұқсас. Оларда бұл өрнектер "фасадтар мен интерьерлерді әшекейлеуде" кеңінен қолданылған [Сонда]. Әсіресе, сарай қирандысының қыш заттары туралы мәліметтері қызықты. Ол жөнінде Н.Коншин өзінің "От Павлодара до Каркаралинска" деген мақаласында былай дейді: "в развалинах дворца находятся вещицы из белой глины в виде конуса с расширенным основанием и закругленной верхушкой. Внутри этих вещиц постоянно оказываются зерна пшеницы". И. Чеканинский бойынша Қызылкеніш сарайының қирандысынан табылған осы заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған. И. Чеканинский оны "цаца" деп санап, оның суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. И.Чеканинский бойынша оның өлшемдері мынадай: "Цацанің" биіктігі 43,0 мм, негізіндегі диаметрі 44,0 мм, беліндегі диаметрі 54,0 мм». «Мүндай "цацалар", -деп жазды И.Чеканинский, «ғұрыптық маңызға ие және олар монастырьлардағы құлпытастарға қойылады». Қазба барысында табылған мыс ақша манжур императоры Сюаиь-Е-нің (1662-1722 жж.) билік құрған кезеңіне жатады.
Ескерткіште адамдар өте қысқа мерзім тұрған. Түрлі себептерге байланысты ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде-ақ қиратылып тасталуы мумкін. Қорымның зерттелген жерлеу құрылыстарының көпшілігі бос. Бірақ, жерлеу құрылысының құрылымы көрсеткендей, олар мұсылмандық ғұрып бойынша салынған. Үстіндегі тас үйінділері, жерленгендердің батыс, солтүстік-батыс тұрақты бағыттары, жерлеу заттарының жоқтығы мұсылмандық жерлеу ғұрпы туралы айтады. Бұл жерде қазақтар өздерінің тумаларын жерлеген деп болжам жасауға негіз бар.
Келтірілген ойларды сәл қорытар болсақ, Қызылкеніш сарайы ламаистік монастырь ретінде XVII ғ. салынған. Тек болжам бойынша, оны XVII ғ. 40-жылдарында хошоуттік Хундулен-Убаши немесе осы ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында Очирту-Цецен-хан салдыруы мүмкін.
Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазақстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық кұрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халкының жоңғар шапкыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазақстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылга созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмактар мен қазақтардың өзара жауластығы калмактардың бір одакқа (1400) бірігуінен баста-лып, оларды қытайлыктардың түгел жойып жі-берген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.
Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарка даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұкар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алуда ерен еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан билікке келген кезеңнен бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және беделді би болды. Бұкар жырау есімі ұрпакка ақылгөй жыршы ретінде белгілі. Өз шығармаларыңда Бұкар жырау үш жүздің бірігіп, мықты мемлекет болуын армандады.<ref>Қазақстан тарихы. - Алматы, 2001.</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%94%D0%BE%D1%81-%D0%B6%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BDДос-жаран2012-11-11T14:39:21Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Қазак → Қазақ using AWB
ДОС-ЖАРАН - сырлас, тату, рухани жақын адамдар. Пікірі мен мақсаты, арман-мүддесі ортақ, жақсы араласа- тын, қиын сәттерде бір-біріне қолүшын беретін, туыстық жагынан алыс болса да, ниеттері жақын, сырлас, сыйлас, шынайы қатынастагы адамдар тобы. Қазақы ортада дос- жар магынасы, ізгі ниетті тілектес, жанашыр жақын адамдар дегенді білдіреді. Халық қагидасы «досыңды үш күн сынама, үш жыл сына» дейді. Ойткені, шынайы дос басқа күн туганда танылады. Сонымен қатар, «Айырылар дос (тамыр) ердің артқы цасын сүрайды» деген мақал орындалуы қиын, ретсіз, жонсіз нэрсеге қолқа салудың достық қарым-қатынастың бүзылуына алып келетіндігін білдіреді.
Ертеде жаугершілік, қиын-қыстау заманда жақсы қарым-катынастагы адамдар кан шыккан жерлерін бір- біріне тигізіп достықтарының мэңгілік екенін эйгілеп, кез-келген қиын-қыстау жагдайда бір-біріне кол үшын беруге дайын екендіктерін білдіріп, ант беріп серттескен. Қазақ дэстүрінде екі азаматтың бір-бірімен серттесіп, достасатыны жонінде П.Е.Маковецкий былай деген еді: «Екі дос адам өзара төс қагыстырып немесе бір-бірінің бас бармацтарын уыстап цысып, цол алысып, ант берісіп, серттескеннен кейін, олар әрдайым бір-біріне көмектесіп, ңолүшын беріп түруга, цалаган заттарын сүрауга және ол үшін араларында есептесу дегеннің бол- мауы тиіс».
Кейбір дерек коздері достасушы екі адамның жалаңаштанган кеуделеріне кылыш қойып, бүл пәниде айырылмасқа серт берісіп, анттасатындықтары туралы да айтылады (толығырақ қ. Ант). Мүндай әрекеттердің семиотикалық мэні бар: қан - туыстықты, жакын болу- ды білдірсе, қылыш - «маган келген жау саган келген жау, саган келген жау маган келген жау» деген үгымды білдіреді. Ата-аналарының достықтары балаларында жалгасын тапса ондай адамдар «атажолдас» делінеді. Тамырдың бүдан басқа да ауыз тамыр, сүйек тамыр де¬ген түрлері болады. Сүйек тамыр бүрыннан келе жатқан үзак жылдарға жалғасқан дэстүрлі ортада айтылатын «сарысүйек құда» екі қауым өкілдерінің қүдандалық байланысын меңзейді. Ауыз тамырда жеке адамдардың мүддесі (алыс-беріс, пайда табу жағы) көзделген бай- ланыс (толығырақ қ. Тамыр). Тәжірибелі билер даулы мәселеге нүкте қою мақсатында көп жағдайда «тамыр» салты аркылы да екі тарапты жақындастыруға әрекет жасаған: би екі жақты қүшақтатып, «дос-тамыр», «жек- жатым» деп айтқызған, қажет болса мәжбүрлеген. Мүндағы мақсат дауласушыларды татуластырып, ортақ бір шешімге келтіріп, дауды аяқтаған. Дос сөзіне қатысты айнымас дос (ниеті түзу, жан-тәнімен берілген дос), ара- сынан цыл өтпейтін дос (өмірлік, сыннан өткен дос) және т.б. ұғымдар бар.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Мәдениет]]
[[Санат:Терминология]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%96%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D1%8B_%D0%B0%D1%82%D1%83Жамбы ату2012-11-11T14:36:35Z
BolatbekBot: wikify, replaced: қазак → қазақ using AWB
'''Жамбы ату''', қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. [[Ат]]пен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар [[ат]]тарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ биатлоны" өмірге келер еді?...<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Uncategorized}}
[[Санат:Спорт]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BDАбылай хан2012-11-11T14:35:33Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ (2) using AWB
{{Мемлекеттік қайраткер
| Қазақша есімі = Абылай хан
| Шынайы есімі =
| Суреті = Есім хан.jpg
| Сурет ені = 250 px
| Атауы =
| Титулы = 18-ші [[Қазақ хандары|Қазақ ханы]]
[[Қазақ хандары|Орта жүздің ханы]]
| Ту = Kazakh Khanate.svg
| Ту2 =
| Басқара бастады = 1733
| Басқаруын аяқтады = 1737
| Ізашары = [[Әбілмәмбет хан]]
| Ізбасары = [[Уәли хан]]
| Титулы_2 =
| Ту_2 =
| Ту2_2 =
| Реті_2 =
| Басқара бастады_2 =
| Басқаруын аяқтады_2 =
| Ізашары_2 =
| Ізбасары_2 =
| Титулы_3 =
| Ту_3 =
| Ту2_3 =
| Реті_3 =
| Басқара бастады_3 =
| Басқаруын аяқтады_3 =
| Ізашары_3 =
| Ізбасары_3 =
| Титулы_4 =
| Ту_4 =
| Ту2_4 =
| Реті_4 =
| Басқара бастады_4 =
| Басқаруын аяқтады_4 =
| Ізашары_4 =
| Ізбасары_4 =
| Туылған күні = 1711
| Туылған жері =
| Қайтыс болған күні = 1781
| Қайтыс болған жері =
| Жерленді = [[Түркістан қаласы|Түркістан]] [[Қожа Ахмет Ясауи кесенесі]]
| Діні =
| Әкесі = Көркем Уәли Сұлтан
| Анасы =
| Жұбайы = Қарашаш
| Балалары = [[Уәли хан]], Қасым сұлтан
| Партиясы =
| Білімі =
| Қолтаңбасы =
| Сайты =
| Commons =
| Марапаттары =
'''Абылай (Әбілмансұр) хан''' — ([[1733]]—[[1737]]) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі [[Жошы хан]], бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның '''бесінші ұрпағы'''. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем ''Уәли'' туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап [[Төле би]] оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «[[Қазақ энциклопедиясы]]», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
== Өмірбаяны ==
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, '''1730-33''' жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. [[Аңырақай шайқасы]]на қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау '''«Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...»''' деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: [[Қаракерей Қабанбай]], [[Қанжығалы Бөгенбай]], [[Шақшақ Жәнібек]], [[Қарақалпақ Қылышбек]], [[Шапырашты Наурызбай]] т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім [[Тәуке хан|Әз-Тәуке ханның]] немересі [[Әбілмәмбет хан]]нан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы [[А.И.Левшин]]: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
== Хан тұсындағы сыртқы саясат ==
[[1738]]-[[1741]] ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. [[1742]] ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен [[Төле би]] бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, [[1743]] ж. 5 [[қыркүйек]]те Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында [[Орта Азия хандықтары]]на қарсы тынымсыз күрес жүргізді. [[1765]] — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.
[[Сурет:KazakhstanP13-100Tenge-1993-donatedoy f.jpg|thumb|right|275px]]
Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі [[1744]]ж. Әбілмәмбеттің [[Түркістан]]ға көшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай [[1745]] ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және [[Барақ сұлтан]] қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. [[1749]]ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
[[Сурет:Stamp of Kazakhstan 543.jpg|right|200px]]
Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. [[1752]]ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. [[1753]]ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың [[шілде]]-[[тамыз]] айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде [[Қалдан Серен]]мен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай [[1755]], [[1765]] жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында [[Орта Азия хандықтары]]на қарсы тынымсыз күрес жүргізді. [[1765]]-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде [[Түркістан]], [[Сайрам]],[[Шымкент]] қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл [[1771]]ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан [[Әбілқайыр хан]]ды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
[[1771]] жылы жасы жеткен [[Әбілмәмбет хан]] дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
[[Сурет:Abylai khan.jpg|right|200px]]
Абылай [[Ресей]] мен [[Қытай империялары]]ның арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, [[Орта Азия]] мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы [[Ахмад Дуррани]]мен келіссөз жүргізді. [[Түркия]]ға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында [[Петропавл]] бекінісіне барудан бас тартты. [[Пугачев соғысы]] кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол ''«Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық»'' т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, [[Арыс өзені]] жағасында қайтыс болды. Сүйегі [[Түркістан қаласы]]ндағы [[Қожа Ахмет Ясауи кесенесі|Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің]] ішінде [[Қабырхана]] мен [[Ақсарай]] арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
== Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!» ==
Абылай хан - 300
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.
Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.
Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы [[Мәскеу мұрағаты]]нан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.
Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, [[Қалдан Серен]] тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.
Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген [[генерал-губернатор]] Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді.
Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.
[[1742]] жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».
1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте».
Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.
Абылай хан Орынборға [[1740]] жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ.
Міне, осындай хаттың бірін [[1745]] жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші [[Иван Неплюев]] Абылай сұлтанға жіберіпті:
«...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.
...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті.
[[1745]] жылы 7 мамырда жүзбасы [[Яков Ерофеев]] арқылы [[полковник Павлуцкий]]ге Абылай хан мынадай хат жіберіпті:
«Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды».
Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.
1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы.
Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті.
Абылай осылайша үш ([[Ресей]], [[Жоңғар]], [[Қытай]]) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.
Қазақ халқының аса көрнекті ақыны [[Мағжан Жұмабаев]] ''«Батыр Баянда»'' Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:
''«Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».''
1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губернаторы, құпия кеңесші Давыдовқа және [[генерал-майор Тевкелев]]ке, Сібір губернаторындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері [[граф Воронцов]]тың жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті.
Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын [[1743]] жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз.
Хаттың 74-бетінде былай депті:
«...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - [[ақ патша]] ханымның атынан биылғы [[1759]] жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың [[Кіші Орда]]сының [[Нұралы хан]]ының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі [[Ноян Шеренде]]ге. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қасиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ.
[[File:Кокшетау.jpg|thumb| left| alt=A.| ''[[Көкшетау]] қаласы Абылай Хан алаңы''.]]
...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отырған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек.
Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ».
Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді.
Осы хаттың жалғасында және былай депті:
«...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мысалындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды».
Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен.
Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.
Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде [[Әбілмәмбет хан]], атақты [[Малайсары бил]]ер Абылайға қысым жасап, ол екеуі [[Лама Дорчжи]]ге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.
Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді [[Санкт-Петербург]]тің орталық кітапханасынан алған [[В.В.Вельяминов-Зернов]]тың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және [[Әбілқайыр хан]] өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «[[Лама Дорчжи]] [[1750]] жылы [[мамыр]] айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.
Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған [[Даваци]] өзінің жиендерімен, [[Амурсана]] мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма?
1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен [[Қашқария]] жерінде (1,0 млн.қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (басқарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мерген батыр - 2000 сарбазбен, [[Көкжал Барақ батыр]] (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; [[Қаракерей Қабанбай|Қаракерей Қабанбай батыр]] - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай батыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты).
1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-майор және Сібірдің шекаралық әскери бас командирі Иван Иовемарнға жазған хатында былай депті:
«19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда [[Зенгор хандығы]]ның жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы [[Қалдан Серен]] Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды».
Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбасшысы, [[полковник Родестен]] генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті:
«...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға дейінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абылай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді.
Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:
... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына байланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді.
Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында [[Қызылжар]], [[Көкшетау]], [[Кереку]], [[Зайсан]], [[Семей]], [[Өскемен]], тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар.
Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. [[Әбілқайыр]] тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті.
Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...
Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор [[Иван Реннедорф]]ке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:
«...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.
Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді.
Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.
Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.
Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті деген мағынада - Б.Н.).
Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады дегенді аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».
Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.
Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық.
«Құпия хат.
Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:
1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша?
2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім?
3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген?
4. Ресейге шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары бар ма? Егер болса, не үшін?
5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша?
6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған жерлері жоқ па?
7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?
8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?
9. Батырларды сыртынан бақылау керек.
10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. [[Ресей]] туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».
Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің айдауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.
Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.
Абылайдың Ресеймен карым-қатынасының сан қырын бір мақалада толық ашып беру мүмкін емес. Сол елдің мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар негізінде құрастырылған менің 2 томдық «Абылай хан» атты кітабымнан, биыл Алла бұйыртса, баспадан шығатын 3-ші томынан Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хаттарымен қалың жұрт танысады деген үміттемін.
Болатбек Нәсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
==Тарихи жыр==
{{main|Абылай хан (жыр)}}
'''Абылай хан''' - тарихи [[жыр]]. Жыр [[Қытай]]дың [[Шыңжаң]] аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны [[Шерияз]]дан Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын "Ұлттар" баспасынан жарық көрген 4 томында ([[1985]]), одан кейін "Абылай хан" атты кітапта (А., [[1993)]], "Казак халык әдебиеті" көптомдығының 1- ші томында ([[1995]]) жарияланды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://abai.kz/content/abylai-khan-eshkandai-baraby-tatarlaryn-estigen-emespin-bilmeimin-zher-bizdiki Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»]
* [http://kokshetau.online.kz/history/abylai.htm/ Абылай хан]
==Дереккөздер==
<references/>
{{Қазақ хандары}}
[[Санат:Қазақ хандары]]
[[Санат:Жәдік әулеті]]
[[Санат:Абылай хан әулеті]]
[[Санат:Қазақ теңгесінде бейнеленген тұлғалар]]
[[ca:Abylai Khan]]
[[de:Ablai (Khan)]]
[[en:Ablai Khan]]
[[ja:アブライ・ハーン]]
[[ru:Абылай хан]]
[[simple:Ablai Khan]]
[[tr:Abılay Han]]
[[uk:Абу аль Мансур Аблай хан]]
[[zh:阿布賚]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%BD%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%8E%D1%8BҚазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы2012-11-11T14:33:19Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
| ''Қазақ хандығының құрылуы"
XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.
Біз қарастырып отырған мезгілде қазақ қоғамына байланысты мұндай міндетті мойнына алғандар — белгілі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілқайыр хан|Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы хан ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып,Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар ''өзбек-қазақ'' деп аталды.Яғни, 1465—1466 (1470—1471) жылдары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері —Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.
===Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөлінуі===
Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі себептерге байланысты бөліне көшуі түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған біраз ұлттың Өзбек ұлысынан жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.
Деректі материалдар [[Өзбек]] ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.
Қара халықтың билеуші топтарының Жәнібек пен Керейге ондай ұсыныспен қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді.
Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс жағындағы көршісі жоңғарлық ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат ([[Қалмақтар|қалмақ]]) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дәрежесін иемденген. Оның [[Мин империясы]]на жасаған бір жорығы тіпті император [[Чжу Ци-Чжэн]]ді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған [[Есен]] тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық
туғыза бастайды.
[[1452]] жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанга басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, [[Сыр]] бойы өңірін, [[Түркістан]], [[Ташкент]], [[Отырар]] сияқты орталықтарды тонап, [[Сығанақ]]қа жақын [[Көккесене]] атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. ''Ойраттардыц бұл жорығы [[1455]] жылы'', яғни ''Есен тайшы өлгеннен'' кейін аяқталады.
Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі [[Моғолстан]]ды билеушісі [[Есенбұға]] ханды да, [[Алаш]] жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да [[Есенбұға]] ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы [[Қозыбасы]]да жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.
Жәнібек пен Керей сүлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың [[билік]]ке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: ''"Алла тағала өлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі"'', — деп жазды.
===Алаш мыңы. Алаш. Қадырғали Қосымұлы деректері===
{{main|Алаш}}
Әрине, енді ғана шаңырақ көтерген хандық өмірінде [[ру]]-[[тайпа]]лық қатынаста сол кезеңге дейін үстемдік құрған дәстүр-салтты есепке алмау мүмкін еместін. Бұл ретте де жаңа пайда болған [[мемлекет]] құрамына енген ру-тайпа басшылары арасында белгілі бір бәтуаның болғандығы сөзсіз. Ондай тәртіпті енді ғана билікке келген [[сұлтан]] мен [[хан]]дардың өз бетінше жоғарыдан орната салмайтындығы, орнатқан күнде де жаңа жүйені қалың бұқараның үн-түнсіз қабылдай коюы екіталай екендігі мәлім.
Айтулының ұлы би жолын иемденген мезгілі Орыс ханның ([[1361]]—[[1376]]/[[1377|77]]жылдары) билік құрған уақытынан кейін болды, яғни [[14 ғ.|XIV ғасырдың]] соңы. Өйткені [[Қадырғали Жалайыр|Қадырғали би]] Айтулы биді ''"Орыс ханның ұрпағы хандығында ұлы әмір болған"'', — дейді. Олай болса, Қараша мен Тоңқа бидің ұлы би жолын алып жүрген мезгілі XV ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысы.
===Қазақ хандығының құрылуы===
{{main|Қазақ хандығының құрылуы}}
Жетісуда Қазақ хандығының шаңырағын көтеру жөніндегі шешімді тек Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қазақ қоғамының ішкі өмірін реттеп отырған ру-тайпа [[ақсүйек]]терінің келісімінсіз қабылдауы, тіпті де мүмкін еместін. Жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі екендігі түсінікті. Жәнібек пен Керейдің "Алаш мыңын" бастап Жетісуға бет алуы, бұл, әрине, тарихи үдерістің сыртқы көрінісі ғана болатын.
Тарихшы Қадырғали бидің шежіресі бойынша, "Алаш мыңы" одағының қалыптасқан мезгілі [[13 ғ.|XIII ғасырдың соңы]] — [[14 ғ.|XIV ғасырдың бас кезі]]. Шамамен, Тоңқа би тұсында "Алаш мыңы" одағы [[Өзбекия]]дан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Яғни, Тоңка би оның соңғы биі. Бұдан былайғы уақытта "Алаш мыңы" одағының бастапқы құрылымы өзінің бұрынғы маңызы мен өзектілігін жоя бастайды. Өйткені өмірге ру-тайпалық құрамы жағынан анағұрлым кең, күрделі әрі жаңа қауымдастық — мемлекеттік ұйым келген еді. Қадырғали би Тоңка биден соң "Алаш мыңының" бас биі болған адам есімін атамайды. Өзі өмір сүрген XVI ғасырда ондай міндетті атқарған тұлға болса, оны тарихшы міндетті түрде атаған болар еді, яғни Қадырғали [[Ресей]]ге аттанған кезде "Алаш мыңы" одағы да, сонымен бірге бас билік мәртебесі де бұрынғы мәнін жоғалта бастаған еді.
Егер бұл тұжырымның тарихи шындыққа жақын екендігін мойындасақ, онда, әрине, "Алаш мыңы" ішіндегі үш сан халықтың кейінірек қазақ болып қалыптаскан ұлттың құрамындағы үш жүздің сол тарихи кезеңдегі көрінісі екендігі күмән тудырмаса керек. Ал бұл одақтың құрамында, ең аз дегенде, қазақ халқының негізін құраған үйсін, дулат, қаңлы, [[арғын]], [[найман]], қыпшақ және [[алшын]] сияқты тайпалық одақтардың болғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады.
Әбілхайыр қазасынан соң ([[1468]] жылы) Өзбек ұлысының ішінде берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас, өзара алауыздық Есенбұғы өлгеннен кейін де ([[1462]] жылы) тоқталған жоқ. Мұның өзі осы кезде Моғолстан және басқа [[Орта Азия|ортаазиялық мемлекеттерге]] де тән құбылыс-тын. Яғни, XV ғасырдың екінші жартысында Жәнібек пен Керей ұлысына сырттан қауіп төндіре алатындай басқа ықпалды мемлекеттер жоқ болатын. Мұндай жағдай өмірге жаңа ғана келген мемлекеттің буынының бекуіне қолайлы жағдай туғызды.
===Қазақ хандығының нығаюы===
{{main|Қазақ хандығының құрылуы}}
Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге [[Сырдария]]ның орта ағысы өңіріне, [[Түркістан]]ға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. [[1470]] жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.
Осы кезден бастап [[Қыпшақ|Шығыс Қыпшақ]] даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар-тын.
Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі [[экономика]]лық, [[Саясат|саяси]] және [[рух]]ани орталық міндетін аткарып келді. Ал [[Ақ Орда (мемлекет)|Ақ Орда]] мен [[Әбілхайыр хандығы]] кезеңінде көшпелі [[мал шаруашылығы]] аудандары мен [[Отырықшылық|отырықшы егіншілік]] жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің [[стратегия]]лық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі [[Отырар]], [[Сығанақ]], [[Сауран]], [[Сайрам]], [[Созақ]] сияқты қалалармен байланыстыруы
толық негізді шешім болатын.
Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы [[Мұхаммед Шайбани]] арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына [[Әмір Темір]] мұрагерлері мен [[Моғолстан мемлекеті|Моғол хандары]] да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан), [[Арқұқ]] және [[Үзгентті]] алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және [[Аққорған]]ды ([[1446]] жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал [[Ташкент]] пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы [[Сұлтан Махмұд]] билік кұрды.
Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, [[Қаратау]]дың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, [[Арал теңізі|Арал]] жағалауын иемденді.
XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл [[күрес]] қазіргі Орталық және Оңтүстік [[Қазақстан]]ның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз [[билік]]теріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да [[Жетісу]], Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.
XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл [[Қазақ хандығы]]ның нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. [[16 ғ.|XVI ғасырдың]] бас кезінде [[Мауераннахр|Мәуереннахрды]] Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан [[Бұрындық хан]] Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.
XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді [[шабуыл]]ына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің [[1503]]—[[1510]] жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан [[Иран]] [[шах]]ымен болған шайқаста қаза табады.
[[1511]] жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген [[Қасым хан]] осы сәтті пайдаланып, [[1513]] жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.<ref>Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4</ref>
==Пайдаланылған әдебиет==
<references/>
:Қазақстан тарихы
{{wikify}}
[[Санат:Оқулық]]
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
[[Санат:Қазақ хандары]]
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%91%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D1%83Бедеу2012-11-11T14:33:10Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
'''Бедеу''' - туу, бала көтеруге қабілетсіз [[әйел]]. [[Мал]]ға ([[бие]]ге) да қатысты айтылады. Құлындамайтын биені бедеу бие дейді. Ер адамның бала таптыру қабілетінің болмауын [[белсіздік]] деп атайды. Байырғы ортада ұста дүкенінде (шеберханада) түнеп шыққан бедеу әйелдер мен жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың дерттен құлантаза айығып кеткені жайлы деректер кездеседі.
== Бедеулікті емдеу==
Ертеде бала көтермеген әйелді [[ішірткі]] беру арқылы емдеген. Бедеу әйелге алғашында емші он күндік ішірткі оқып береді. Он күн ем қабылдап болған соң, тамырын ұстап, әйелдің денсаулығын бақылап, тағы он күнге ішірткі береді. Осылайша он-он күннен бөліп үш рет ішірткі ішкізіп, жалпы отыз күн ем қабылдайды. Осы емделген күндері ерімен қатынас жасауына тыйым салынады. Емді түгел алып болған соң емделуші әйел жуынып-шайынып, ғұсыл дәретімен [[емші]]ге қайта келеді. Емші тағы да әйелдің тамырын ұстап, оның тамыр қағысын бақылайды. Емшінің бақылауынша әйелдің денсаулығы жақсы болса, оның ауруын біржолата тазалау үшін қара қойға көшіреді. Емшінің тапсыруымен қажетті заттардың барлығын емделуші әйел алып келеді. Ауруды көшіруге қажетті заттар: қара қой және әйелдің ескі-құсқы киімдері (көйлегі, бір іш киімі, орамалы), пішінін келтіріп қолдан жасалған жеті қуыршақ (екеуі ұл, бесеуі қыз баланың пішінінде болуы тиіс) әкеледі. Ауруды көшіретін күнді белгілеп, жұма күнге сәйкес келмейтіндей етіп келіседі. Аптаның сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндерін ауруды көшіруге өте колайлы күн деп есептейді. Ауруды кешіру кешқұрым уақытта жүргізіледі. Емші әйелді ертіп, қолына қойды жетектеп, дайындалған жеті қуыршақты бір уысына ұстап, ауылдың сыртына шығып, үлкен жолдың бойына әйелді отырғызады. Емші әйелдің үстінен қара қойды үш рет өткізіп «дертіңді саттың ба?», - деп үш рет сұрайды. Әйел «саттым», - деп үш қайтара жауап береді. Содан соң жеті қуыршақты өртеп, әйелді [[аластау|аластай]] бастайды. Қуыршақпен аластағанда да емші үш рет сұрап, әйел тиісінше жауап береді. Қара қоймен көшіріп, қуыршақпен аластап болғаннан соң емделуші әйел артына қарамастан ешқайда соқпай, өз жолымен кетеді. Егер әйел артына қараса, ауру қайта жабысады деген сенім бар. Емделуші әйел емшінің емін ынтасымен жасап, нақ сеніммен қабылдар болса, әйел ауруынан айығып бала көтереді. Осындай емнен кейін ауруынан айығып бала көтерген әйелдер ел арасында жоқ емес.
Бедеу әйелді емдеуді [[бақсы]]лар, емшілер жүргізген. [[Маңғыстау]] жерінде өмір сүріп, 98 жасында дүниеден озған емші Әбіш емін сәтті күн сәрсенбіде бастаған, дұға оқып үшкіріп, содан соң май шырақ арқылы дауалаған. Әбден қураған бұтақтың басына жұқалап мақта орап, оны ешкі немесе [[сиыр]]дың әбден шыжғырып алынған таза майына шылайды. Бір қарыс шыбықтың түбіне 3 елі мақта орап, бірнеше шырақтар дайындайды. Емдеуді бастайтын алғашқы сәрсенбі күні құм толтырылған ыдысқа екі шырақ, келесі күні үш шырақ, үшінші күні төрт шырақ жағып, осы төртеумен емді он күнге дейін жалғастырады. Емделетін бедеу әйел жалаңаштанып, шырақтың жылуы сыртқа шығып кетпейтіндей көлемді киім бүркеніп, жағылған шырақтың үстіне шырақ жанып біткенше түрегеліп тұрады. Осы он күндік емді қабылдап болғаннан кейін әлгі әйел тағы да тамырын ұстатып, емшіге жағдайын бақылатады.
Сонымен қатар бедеу әйелді емдеу кезінді, әдетте бақсылар ұрғашы түйені бейнелесе, кейде бура болып кісінейді. Мұндай іс-қимыл әркеттің барлығы өсіп-өну, көбею нышандарын бейнелей білдіреді. Қарауыл руынан тарайтын Жылан бақсы бедеу әйелдерді емдеу барысында мынадай өлең жолдарын айтқан:
''Бағың байланған.
''Белің байланған,
''Дерт жайланған
- деген жолдармен емдеу тәсілдерін бастаған.
Этнотілдік ұжымда «Баласыз әйел — байлаусыз бие», «Бедеу қатын - бедерлі түйме», «Бала таппаған әйелден, лақтаған ешкі артық», «Қоспасыз қос бедеу - бір төсектегі екі еркек» деген сөз оралымдары кездеседі. Бедеулік қазақтар арасында сирек кездескен. Бедеуліктен арылу үшін әулие-әнбиелердің басына түнеген, түрлі ем-домдарға жүгінген, емделіп, араға ұзақ жылдар салып балалы болатын жандар да болған.
Баланың кіндігін бедеу әйелге көрсетпей көміп тастайтып болған. Егер бедеу әйелге білдіртпей нәрестенің кіндігін екі-үш тілім етіп кесіп, қуырып, қуырдаққа араластырып жегізсе, бедеулігі босанушы әйелге көшіп, бедеу әйел бала көтереді деген сенім болған. Бұл нәрестенің жолдасы мен кіндігінде оның жанының бір бөлшегі болады деген сенімнен туындаған ырым болса керек.
Бақсылар бала көтермеген бедеу әйелдерді сарын айтып емдеген. Арғыннан шыққан Қайырбек деген бақсы бедеу әйелдерді сарын айтып ойнап емдегенде, аурудың маңайына жиналған елге мынадай бәдік өлең айтқызады екен:
''Би-ағалар, би-ағалар,
''Би-ағалардың көтіне сиза қағылар.
[[Перзент]]сіздікті көне танымда [[Тәңір]]дің қарғысы тигендік деп ұққандықтан, ондай адамдардың әлеуметтік мәртебесі төмен болған. Мәселен, бұрынғы ертегі, жырларда той, жиын үстінде баласы жоқ патшаға немесе байға тіл тиеді де, ол жиынды тастап, Жаратқаннан перзент сұрап, тентіреп кетеді. «Ұлы жоққа отыра тұғын орын жоқ, қызы жоққа қымыз жоқ, бұл тойға келмесін!» деп жар салып тойға шақыру дәстүрден тыс қалыпты фольклорлық мотив екені көрінеді.
«[[Әлібек батыр]]» ертегісінде баласы жоқ бай әулиелерден бала сұрап жүріп, бір тойға тап болады. Тойға барса, оған: «Ұлдыларға орын бар, қыздыларға қымыз бар, ұлы, қызы жоқтардың бұл жиында несі бар?» дейді. Бай кетіп қалады. Ал, «Қорқыт ата» кітабында былай баяндалады: «Байындыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойғызды. Бір жерге ақ отау, бір жерде қызыл отау, бір жерде қара отау құрғызады: «Кімнің ұлы, қызы жоқ, қара отауға қондырғын, астына қара киіз төсегін, қара қойдың етін тартыңдар, жесе жесін, жемесе тұрып кетсін!» — деді. Ұлы барды ақ отауға, қызы барды қызыл отауға қондырғын. Ұлы, қызы болмағанға [[Аллаһ|Аллаһ Тағаланың]] қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі білсін, — деді. Тойға артынып-тартынып келген [[Дерсе хан]] қайтып кетеді».
«[[Айман-Шолпан]]да» Маман бай да «тоғыз нарға тоғыз саба артып», он алтын масатыдан кілем жауып, үлкен асқа келеді. Бірақ оны ешкім ұлың жоқ деп сөкпейді, керісінше, Маманға лайық деп, алтынды үйге кіргізеді. [[Көтібар батыр]] да «тоғыз нарға тоғанақтан қант пен шайын артып», шалғай жерден келгенде, оны «жадағай киіз үйге» сілтейді. Көтібар намыстанып кірмейді, Маман жатқан алтын үйді талап етеді. Екеуі егесіп, іс насырға шабады. Бір қарағанда, Маман мен Көтібардың ерегесі екі адамның болмашыға таласуы, я болмаса екі рудың тартысы болып көрінуі мүмкін. Шындығында олардың жанжалы халықтың ертеден келе жатқан салтын бұзудың салдарынан туған. Ежелгі салт бойынша, ұлы жоқ адам құрметті қонақ та бола алмайды, үйге де кіргізілмейді. Ал ұлы жоқ Маманның алтын үйге орналасқандығы Көтібардың намысына тиеді. Оның малы да бар, баласы да бар. Ас беріп жатқандар «Баласы аса жұрттың мейман келді, Мамеке-ау, кірген үйің бермейсің бе?» деп, Көтібардың атақты ұлы бар екенін айтып, алтын үйге сол кіруі керек деген ойларын айтады. Бірақ Маман өзінің байлығын айтып, Көтібарды кедей деп қорлайды. Маманның бұл мінезі Көтібарды одан әрі ызаландырады. Алтын үй өзіне тиесілі екенін айтып, Көтібар ата салтын бұзған әрі өзін қорлаған Маманды шауып, екі қызын тұтқынға алады.
Мұндай фольклорлық әдеби мәтіндерден байқайтынымыз халық баланы Тәңірдің ерекше сыйы деп бағалаған да, бедеулікті қорлық санаған. Перзентсіз ата-ананы жексұрын көруінің астарынан халықтық осындай түсінікті байқаймыз.
Кейбір мәлімет берушілер қазақ қариялары балалы бола алмай жүрген келінді емдеу үшін санаға сыймайтын ауыр шартты той-жиында әдейі орындатқан дегенді айтады. Мәселен, кей жағдайда ондай келінге қария «Егер балалы болғың келсе, қазір бұтындағы дамбалынды шешіп, жұрттың көзінше көрсет» деп шарт қойған. Бұндай ұятты істерді қорланып, жылап жүріп жасаған келін артынан балалы болған деседі. Осындай деректерден перзентсіз бедеулікті емдеудің магиялық шараларының қатарына қорлау, жылату, қудалау, қара үйге отырғызу, қара қой сойып қара ет беру, бет-жүзіне күйе жағу секілді ауыр жазалар жататынын да байқауға болады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Мәдениет]]
[[Санат:Терминология]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%96%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80_%D1%88%D0%B0%D0%BF%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D0%B0_%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B_%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%BA%D2%AF%D1%80%D0%B5%D1%81Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес2012-11-11T14:31:56Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ (3) using AWB
==Жоңғарлардың шапқыншылықка дайындығы==
XVII ғасырдың бас кезінде [[қазақ]] елінің жағдайы өте ауыр еді. [[Жоңғар]]лар, [[Еділ]] [[қалмақ]]тары, [[Жайық]] қазақтары, [[башқұрттар]] жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын [[Еуропа]] тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді.
==Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.==
1635 жылы [[ойрат]] [[тайпа]]лары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы [[феодал]]дық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, [[Батур қонтайшы]]ның жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы [[Шығыс Түркістан]]ды жаулап алғаннан кейін, бағытын [[Қазақстан]] мен [[Орталық Азия]]ға бұрып, [[Сырдария өзені]]нің аңғары мен [[Жетісу]] өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта [[Жоңғар хандығы]]ның басына [[Қалдан Серен]] келген еді.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы [[Цин империясы]]н Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.
[[Сурет:Zhongar shapkinshikigina karsi kures.png|thumb|center|700px|Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі]]
==Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы==
1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.
Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге [[Самарқан]]нан 20 мың қолмен [[Жалаңтөс батыр]] көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша [[Орбұлақ шайқасы]] ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.
1993 жылы Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы мемлекет көлемінде аталып өтті. Шайқас болған жерге — қазіргі [[Алматы облысы]], [[Жаркент]] ([[Панфилов ауданы]]) ауданындағы Орбұлақ қырқасына [[Қазақстан Республикасы]] үкіметінің шешімімен ескерткіш белгі орнатылды.
==Қарақұмдағы құрылтай==
XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы күшейе түсті. Осыған байланысты қазақ жүздері өкілдерінің бас қосуы қажет болды. Сөйтіп, 1710 жылы [[Қарақұм]]дағы [[қаракесек руы]] жайлаған аймақта [[қазақ сұлтандары]]ның, билерінің, рубасыларының қүрылтайы шақырылады.
Онда, негізінен, Жоңғар хандығымен қарым-қатынас мәселесі қаралды. [[Қанжығалы Бөгенбай]], [[Шақшақұлы Жәнібек]], [[тама Есет]] бастаған атақты батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің қолын жасақтау қажеттігін алға тартты. Пікір екіге бөлінді. Жоңғар мемлекетінің күшті әрі соғыс тәжірибесінің мол екенін ескере келе, жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз шапқыншылықтан әбден қалжырады дегендер де болды. Мұндай пікірді қолдаушылар көбейе бастады. Шешуші кезеңде ортаға шыққан [[Бөгенбай батыр]] қылышын қынабынан суырып алып, ақсақалдардың алдына тастап: «Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз...» — деді. Бұл сөздер жоңғар мәселесіне қойылған нүкте болды. Ақырында, шапқыншылармен қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз деген шешім қабылданды. Шайқастың жаңа жоспары жасалды. Бөгенбай бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Оның ақылшысы [[Тәуке хан]] еді.
==«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»==
1723 жыл қазақ халқының есінде қасіретті кайғыға толы ең ауыр жыл есебінде қалды. Ел қонысынан, мал-мүлкінен айырылды. Ұлан-байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен [[Сыр бойы]]на қарай шұбырған сан мыңдаған халықтың көбі жол-жөнекей ит пен құсқа жем болды. Осылайша қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған жойқын апат басталды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған әйгілі [[«Елім-ай» әні]] дүниеге келді.
Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. Сол кездің өзінде қазақ ішінде суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болды. Бірақ осылардың бәрін біріктіріп, басшылық ететін қайраткер — көсем керек еді.
==Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі==
1723 жылғы қасіретті оқиға салдарынан сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығының қырылуы халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ, қатты ойландырды да. Жұртшылық елдің елдігін сақтау үшін бірігу қажет екенін түсінді. Ел билеген хандар да, оларға ақылшы бола білген билер де осындай түйінге келді. Қиын-қыстау заманда халық өз арасынан елі мен жерін қорғайтын батырларын шығарды. Бұл туралы [[Бұқар жырау]] өзінің толғауында: «Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты», — деп көрсетеді.
[[Шоқан Уәлиханов]]тың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде [[Малайсары]], [[Баян]], [[Байқозы]], [[Оразымбет]], [[Баянбай]], [[Елшібек]], [[Есет]], [[Жаулыбай]], [[Томаша]], [[Үсен]], [[Алтай]] сиякты батырлардың есімдері аталады.
Тарихи деректерге карағанда, қазақ халқының басқыншыларға қарсы бірігуі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін-ақ басталған. Бұған 1725 жылы Әбілқайыр ханның [[Түркістан]] қаласын жоңғарлардан күшпен қайтарып алғаны дәлел. Халық ел қорғау ісін өз қолына алып, әрі батыр, әрі ұйымдастырушылық қабілеті бар ерлердің соңынан ерді.
==1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас==
1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету [[Кіші жүз]] ханы [[Әбілқайыр]]ға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланды. Ұрыс 1927жылы [[Бұланты өзені]] маңындагы [[Қарасиыр]] деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта «[[Қалмаққырылған]]» деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.
Қазақ қолын жеңіске жеткізген тағы бір жағдай — Жоңғарияның ішінде өзара тартыстың күшеюі болды. Себан Рабдан балаларының хан тағына таласуы, одан соң үшінші жоңғар-цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі. Жоңғарларға Цин империясынан өзінің батыс шекарасын қорғауға тура келді.
==Аңырақай шайқасы==
XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.
Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына тағы бір күйрете соққы беруді кездеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара талас-тартысты пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағынан Аңырақай деген жерде ең ірі және соңғы шайқас болды.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, [[Қабанбай]] және [[Райымбек]] батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. [[Аңырақай шайқасы]] жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.
30-жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастардың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен, ақылды әрі тамаша қолбасшы ретінде көзге түскен Абылай Орта жүздің билеушісі әрі бүкіл қазақтың ханы болып саналады. Қазақ халқының мүддесі үшін ол көрші мемлекеттер арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей пайдалана білді және жауларының өзара кырқысуларын одан әрі өршітуге ықпал етті. Мұның бәрі қазақ елінің сыртқы қауіпсіздігін нығайтып, ежелгі жауының күшін әлсіретуге көмектесті.
XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар бастап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.<ref>Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық - Алматы: "Мектеп" баспасы, ISBN 9965-36-056-1</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Тарих]]
[[Санат:Қазақ хандығы]]
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
{{Kz-hist-stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B1%D0%B8Қазыбек би2012-11-11T14:30:59Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Казақ → Қазақ (2), Қазак → Қазақ using AWB
{{Тұлға
|Есімі = Қазыбек би Келдібекұлы
|Шынайы есімі =
|Сурет ені = 220px
|Сурет атауы =
|Туылған кездегі есімі =
|Туылған күні = 1665
|Туылған жері =
|Мансабы = [[би]]
|Азаматтығы =
|Ұлты =
|Қайтыс болған күні = 1765
|Қайтыс болған жері =
|Әкесі =
|Анасы =
|Жұбайы =
|Балалары =
|Марапаттары =
|Сайты =
|Басқалары =
|Commons =
Өмірбаяны
Қаз дауысты '''Қазыбек би''', Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.[1]
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.[2]
A.
Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы. [3]
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. [4][5][6]
[өңдеу] Қосымша ақпараттар
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[7]
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгімелер
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар. Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!" - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек. - Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телкоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп.
- Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді. Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді. Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады.
Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жок" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты. Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдын?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дөмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ө" дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған төқаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып: - Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептесірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датықды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді. Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының өр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондыктан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңкылдап шығады екен, сондыктан сенің атың бүдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Токсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бүдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-кисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жен ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек түр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, колы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мө, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мө, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі: - Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, өлде үрлап алды ма, оны білмеймін, өйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім талтым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: - Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда бал аға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп түр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мөселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып дал ада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, өлеумет, күс үшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді. Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да: - Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, да у төртеу болады" деп, үш ел өр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы үлға лайык! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болЫн шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.[8]
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай: Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ???? Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
==Қосымша ақпараттар==
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) [[Сырдария]] жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын [[Қаратау]], [[Ұлытау]] атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек [[Арғын руы|Арғынның]] Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, [[шешен]] [[би]] көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, -
депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
==Қазыбек би жайлы әңгімелер==
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті.
Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына:
Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
===Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)===
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!" - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек.
- Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телкоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп.
- Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді.
Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді.
Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады.
Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жок" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты.
Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдын?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дөмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ө" дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған төқаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:
- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептесірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датықды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді.
Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының өр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондыктан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңкылдап шығады екен, сондыктан сенің атың бүдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Токсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бүдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-кисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жен ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек түр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, колы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мө, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мө, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
===Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)===
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді.
Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
[[Абылай]] үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан
да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.
===Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)===
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі:
- Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, өлде үрлап алды ма, оны білмеймін, өйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім талтым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда бал аға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп түр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қазыбек пен [[Әйтеке би|Әйтеке]] екеуі бас қосып ақылдысатын бір мәселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып далада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, әлеумет, құс ұшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді.
Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да:
- Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, дау төртеу болады" деп, үш ел әр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы ұлға лайық! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болып шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
[[Жоңғария|Жоңғарлардың]] қолбасшысы [[Сары Манжы]] бастаған отыз мыңдай ойрат [[Сарыарқан]]ы шарлап одан [[Қаратау]] атырабын [[Түркістан]] төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде [[Қалдан Cерен]]нің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, [[Әбілхайыр]], [[Әбілмәмбет хан]]дар, [[Барақ сұлтан]], [[Жәнібек]] батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы [[Ұлытау]]ды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:
Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ????
Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>
== Тағы қараңыз ==
* [[Төле би]]
* [[Әйтеке би]]
== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://adyrna.kz/?p=2423 Арық емес, қатумын]
==Пайдаланылған әдебиет==
<references/>
{{Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия }}
{{wikify}}
[[Санат:Қазақстан тұлғалары]]
[[Санат:Қазақ хандығы]]
[[ru:Казыбек би]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%C2%AB%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%C2%BB«Отанды қорғауда»2012-11-11T14:29:59Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
'''«Отанды қорғауда»''' -әскери газеті. Бірінші нөмірі [[Ұлы Отан соғысы]] кезінде (11.06.1942 жылы) жарық көрді. Бұл - атақты Ленинград коршауының 503 сөткесінің ызғарлы күндердің бірі болатын. «Отанды қорғауда» газетінде негізінен өлім коршауындағы қала тұрғындарының ауыр халі мен қазақ жауынгерлерінің сұрапыл соғыстағы қайтпас қайсарлықтары жазылды. Окопта туындаған бұл жазбаларды қандастарымыздың батылдыктарының тірі жылнамасы деуге болады. Әскери журналистер мүндай сұхбат, интервьюлерін көбіне жаңбырша жауған оқ, бұршақша бораған снаряд астында жүріп алды. Кейде олар тіпті жазуын тоқтатып қойып, тікелей соғысқа кірісіп кетіп отырған. «Отанды қорғауда» газетінің бірінші нөмірі шығару оңайға соқпапты. Әуелі газет шығаратын [[шрифтер]]ді табу керек болды. Қазақ тіліндегі, әсіресе, орыс тілінде кездеспейтін, тоғыз әріп қолдан жасалды. Жауынгерлердің арасынан әріп теруші мамандығына бейімділерін іріктеп, даярлаған. Біраз материалдар орыс тілінен аударылған. Мамандар да тапшы, [[журналист]]ер штаты да мардымсыз. Керекті қағаз, бояуды да өздері тапқан. Осындай батыл қадамды, ауыр жағдайдың өзінде, соғыс аяғына дейін [[Түймебай Әшімбаев]], [[Ақмұқан Сыздықбеков]] пен [[Бисен Жұмағалиев]] сынды идеология майданының қайсар шеберлері іске асырған. Олар - оқып-тоқығаны мол, көзі ашық, көкірегі ояу, өз елінің тарихын жетік білетін және елін сүйген жастар еді. Газеттің ана тілінде жарық көруін, әсіресе, қазақ жауынгерлері қуана қарсы алды. Ол әскери бөлімдерде насихат жұмысын жеңілдетумен бірге, жерлестеріміздің алыста қалған тутан жер, өскен елімен байланысын жалғастыруына себепкер болды. Газет материалдарын жауынгерлер жеке- жеке де, кейде бәрі отырыса қалып, бірігіп оқып, қызу талқыласқан. Орыс тілінде шығатын басылымдарды қазақ жауынгерлерінің бәрі бірдей оқи алмағандықтан, «Отанды қорғауда» газетінің сол жағынан да көмегі болған. Газет беттерінде мыңдаған жерлестеріміздің әртүрлі ерлік пен батылдыққа толы істері үзбей жарияланып тұрған. «Отанды қорғауда» бір нөмірі [[Кеңес Одағының Батыры]] аға сержант [[Сұлтан Баймағамбетов]]тың ерлігіне арналды. Соғыс кезінде қазақ тілінде жарық көрген майданындық 26 газеттің арасында «Отанды қорғауда» ең үздік басылым деп танылды. «Социалистік Қазақстан» газеті сонау сұрапыл соғыс жылдарының өзінде-ақ бұл басылымды негұрлым толық газет деп бағалаған. Басқа газеттер көбінесе жауынгерлік параққа ұқсайтын да және үнемі шығып тұрмайтын делінген. Басылымның ең басты құндылығы - материалдарының соғыстағы өмірдің өзінен алынған шындығында, деректігінде. Әскери журналистер мыңдаған беттік тұтас соғыс [[энциклопедия]]сын жазып шықты. Онымен қоса газет беттерінде жарияланған алты жүз фотосуреттердің әрқайсысы да маңызды әрі тарихи құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
ISBN 9965-893-73-Х</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Газеттер]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%94%D0%B0%D1%83Дау2012-11-11T14:29:20Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
'''Дау''' - қазақы ортада руаралық немесе тайпааралық егестерді және осының өршіген түрі - сан алуан тартыстарды білдіретін ұғым. Сондай-ақ дауға ерекше өршігіп ру-қауым деңгейіне жеткен тұлғааралық дау-дамай да жатқызылады. «[[Жеті жарғы]]» заңдар жинағында көрсетілгендей дауды шешу билер мен [[ақсақал]]дарға жүктелген.
Ертеде қазақы ортада [[даушы|даугерлер]] ел арасындағы құрметті, қадірменді ақсақалдарға жүгініп, дауларын халықтың жөн-жоралғысымен қарап, билік айтуын сұраған. Олардың билігіне разы болмаса, онда даудың әділ шешімін табу үшін халықтың әдет-ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, елге танымал биге барып шағымданған.
Қазақтың тұрмысында, әлеуметтік өмірінде үлкен дау-жанжал көбінесе жерге, [[жесір]]ге, [[мал]]ға, [[құн]]ға қатысты болған. Жер дауы - жайылымдық және шабындық жерлерге қатысты руаралық немесе жеке адамдар арасындағы дау. Жесір дауы - отбасылық-некелік салттың бұзылуына қатысты дау. Қүн дауы - кісі өліміне байланысты, мал дауы - дүние-мүлікке қатысты дау. Дауласушылардың, куәгерлердің қатысуымен өтетін дәстүрлі билер жиынында, негізінен, байырғы ортаның дay мұраты - бітім қағидасы бойынша, екі тарапты татуластыру, бәтуалы бітімге шақыру мақсаты көзделген, яғни қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің негізгі принципі басшылыққа алынған. Онда дауласушы жақтардың сөз ұстаған билері шығып, қамшы тастап, өздерінің дәлелдерін дәйекті түрде жеткізіп отырған. Дауда шешендік, тапқырлық, қарсы жақтың осал жақтарын дәл басатын біліктілік керек. Дауға төбе би төрелік айтады. Төбе бидің шешіміне даугерлер де тоқтауға тиіс.
Ертеректе шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған кісілер ақ және қара қылдан ескен жіп ала барған. Егер дауласқан екі жақ та би шешіміне тоқтаса, билік айтушы айттым - бітті, кестім - үзілді деп, даудың шешілгенін білдіреді де, жіпті қақ ортасынан қияды. Бұл - билік айтқан адамның «аң» пен «караны» ажыратып, қара қылды қақ жарған әділдігін білдіретін семиотикалық таңба. Кейбір деректерге қарағанда, жіпті қарала киінген кемпір кесетін болған. Қазақтар жайлы көптеген маңызды дерек қалдырған [[Янушкевич Адольф|А.Янушкевич]] (1803- 1857) осындай оқиғаның тікелей куәсі болғандығын баяндайды: «Екі қазақ бірдеңеге таласып, әділ төрелігін естуге биге келіп жүгінеді. Ол билік айтқан кезде дауласқандар жіптің екі басын ұстап биге береді. Даудың шешілгендігінің белгісі ретінде ол жіпті екіге бөледі». Бұл ғұрыптың орындалуы - даудың аяқталуын, қарсы жақтардың мәмілеге келуін, қазылыққа ризалығын аңғартады. Егер «ала жіп» кесілмей тарқаса, даугерлер билікке риза болмағанын, жанжалдың шешімі кейінге қалдырылғандығын білдіреді. Билік айтқаны үшін кесілген айыптың (малға есептеп) оннан бірін билерге береді.
Даулы мәселелер өш алу, есе қайтару мақсатымен емес, гуманистік құндылықтар аясында ел тыныштығын, ағайын татулығын сақтау тұрғысынан қаралған. Дау дұрыс шешімін тапқан жағдайда, айыпкер жасаған қылмысының көлеміне қарай ат-тон айыбын төлеп құтылған.
Қазақы ортада руаралық немесе тайпааралық арасындағы талас-тартысты ту ыстық-рулық қатынастардың шежірелік жосынмен негізделген іргелі принциптері мен нормалары арқылы шешіп отырды. Мұндайда Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш деген мақалға негізделген принципке жүгінген.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Мәдениет]]
[[Санат:Терминология]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%9D%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D1%85%D0%B0%D0%BDНұралы хан2012-11-11T14:29:15Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
{{Мемлекеттік қайраткер
| Қазақша есімі = Нұралы хан
| Шынайы есімі =
| Суреті =
| Сурет ені =
| Атауы =
| Титулы = [[Кіші жүз]] [[хан]]ы
| Ту =
| Ту2 =
| Басқара бастады = 1748
| Басқаруын аяқтады = 1786
| Ізашары = [[Әбілқайыр хан]]
| Ізбасары = [[Ералы хан]]
| Титулы_2 =
| Ту_2 =
| Ту2_2 =
| Реті_2 =
| Басқара бастады_2 =
| Басқаруын аяқтады_2 =
| Ізашары_2 =
| Ізбасары_2 =
| Титулы_3 =
| Ту_3 =
| Ту2_3 =
| Реті_3 =
| Басқара бастады_3 =
| Басқаруын аяқтады_3 =
| Ізашары_3 =
| Ізбасары_3 =
| Титулы_4 =
| Ту_4 =
| Ту2_4 =
| Реті_4 =
| Басқара бастады_4 =
| Басқаруын аяқтады_4 =
| Ізашары_4 =
| Ізбасары_4 =
| Туылған күні =
| Туылған жері =
| Қайтыс болған күні =
| Қайтыс болған жері =
| Жерленді =
| Діні =
| Әкесі = [[Әбілқайыр хан]]
| Анасы =
| Жұбайы =
| Балалары =
| Партиясы =
| Білімі =
| Қолтаңбасы =
| Сайты =
| Commons =
| Марапаттары =
'''Нұралы хан''' ([[1748]]-[[1786]]) — билік құрған. [[Әбілқайыр хан]] өлген соң, 1748 жылы [[Кіші жүз]]дегі хандық таққа оның ұлы Нұралы отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы [[Елизавета Петровна]] бекітті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді. Патша үкіметі бұл әрекеті арқылы ендігі уақытта қазақ жұрты хан ретінде мойындаған сұлтанды хандық дәрежеге бекіту немесе бекітпеу өз еркінде екендігін білдіруі еді. Бұл қазақ халқының дербес мемлекеттігін жоюға бағытталған алғашқы қадам, сондай-ақ "Патшалық ішінде патшалықтың болуы мүмкін емес!" деген стратегиялық бағыт көрінісі болатын.
Нұралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел арасындағы ықпалды топтардың қолдауына сүйене алған жоқ. Әкесіне ұқсап ол да алғашқы жылдары жалпықазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді де, бірақ сыртқы істер коллегиясы [[И.И.Неплюев]]тің кеңесі бойынша, Нұралы ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында оның билік ауқымын белгілемей, жай ғана "қазақ ханы" атады. Бұл қазақ коғамын жеке хан билігі арқылы басқарудан бас тарту еді. Нұралы ханға дара қолдау көрсету өз ретінде [[Абылай]], [[Барақ]] және басқа ел арасындағы аса беделді билеушілерді Ресейге қарсы қоюмен тең болды. Осы жағдайды ескере отырып, Петербургтік билік Неплюев ұсынған, қазақ қоғамындағы ықпалды топтардың бірде-бірінің басқалардан ерекше күшейіп кетуіне жол бермей, олардың арасында күштер "тепе- теңдігін" сақтау саясатын ұстануға көшті. Сөйтіп, қазақ саяси элитасын баскарудың ресейлік әдісі осылайша орныға бастаған еді. Ресей үкіметінің бұл саясатының орнығуына қазақ коғамының ішіндегі билеуші топ арасындағы алауыздықтың етек алуы, сондай- ақ Нұралы ханның ел арасында беделінің жоқтығы колайлы жағдай туғызды. Әбілқайыр ханның ескі жауы [[Батыр сұлтан]] Нұралыны хан ретінде мойындаудан бас тартып, Сырдарияның төменгі ағысындағы шекті тайпасының старшындары оны өздеріне хан сайлайды. Сөйтіп, Кіші жүз екі хандыққа бөлініп, солтүстік-батыс бөлігі Нұралы ханға, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Батыр ханға қарады. Егер Нұралы ханның Ресейге тәуелділігі жыл өткен сайын арта түскен болса, Батыр сұлтан өзін Ресейден алысырақ ұстап, Хиуа хандығының қолдауына сүйенуге бейімділік танытады.
Нұралы хан билігінің әлсіреуіне оның көрші халықтармен екі жаққа бірдей тиімді қатынас орнықтыра алмауы да үлкен әсерін тигізді. Оңтүстік шекарада Хиуаға бағынышты түрікмендермен арада бейбіт қатынастың орныға қоймауы салдарынан Нұралы әскері біріккен өзбек-түрікмен қолдарынан қирай жеңіліп, мыңнан аса қазақ жігіттері опат болды. Ханның Еділ мен Жайықтың арасындағы торғауыт қалмақтарымен қатынасы да өзара жаугершілік сипатта болды. 1771 жылы қысында патшалықтың езгісі мен зорлығынан Жоңғар жеріне кашқан торғауыттарды Нұралы хан Ералы және Айшуақ деген інілерімен бірге аяусыз тоналды.
Нұралы ханның саясаты Кіші жүз қазақтарының башқұрт халқымен арақатынасының шиеленісуіне алып келді. 1755 жылы Башқұртстанда Ресей езгісіне қарсы жаңа көтеріліс бұрқ ете калды. Патша әскерінің қуғынынан ығысқан елу мыңға жуық башқұрттар қазақ даласына еніп, қазақтармен біріге орыс шабуылынан қорғанудан үміттенді. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев Нұралы ханға және басқа қазақ билеушілеріне арнайы грамота жолдап, онда башқұрттардың малы мен мүлкін тонап, өздерін құлға айналдыруға шақырды. Бұл үндеу қазақ ауылдары арасында кең қолдау тапқан жоқ. Тіпті орыс билігінен бірігіп корғану мақсатында жетіру тайпасы жерінде қазақ-башқұрт аралас қолдары құрылып, шекара бекіністеріне шабуылдар да жасалынды. Дегенмен Орынбор губернаторының тілегін орындауға кірісіп кеткен Нұралы мен оның інілері башқұрттарды тонап, олардың басшысы Батырша Әлеевті орыстарға ұстап беруге күш салады. Бұл сатқындық әрекеттен қазақ пен башқұрт елдері арасындағы туыстық қатынас бұзылып, өзара жаугершілікке ұласуына жол ашты.
Көршілерімен араздасқан Нұралы хандық ішінен де қолдау таба алмады. Патшалық әкімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен арақатынасы алшақтап кетті. Хандықтың күнделікті өміріне байланысты шақырылып тұратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі тарыла түскенді. Ал Нұралы ханның Жайықтың оң жақ бетіндегі жайылымдарды пайдалануға патшалык әкімшіліктің келісімін ала алмауы, соның салдарынан мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы ханның беделін біржола құлдыратты. 1785 жылы генерал-губернатор О.А.Игельстром [[II Екатерина]] патшайымға: "Рубасылары мен халықтың ханға наразылығы соншалықты зор, тіптен өздерінің берекесі мен тыныштығын алушы ретінде қарайды", — деп жазды.
1772 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының отарлық билік пен хан-сұлтандардың зорлығына қарсы азаттық қозғалысының басында тұрған Сырым батыр өзін қолдаған рубасыларымен біріге отырып, Нұралыны биліктен аластау мәселесін қояды. Генерал-губернатор қозғалыс басшыларының бұл талабын орындап, 1785 жылы Нұралы ханды Орынборға шақыртып алып, оған қызметкерімен бірге тұруға Уфадан жарамды үй бөлдіріп, күнкөріс үшін жылына 5 мың сом қаржы тағайындайды.<ref>Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4</ref>
== Пайдаланылған әдебиет ==
<references/>
{{Қазақ хандары}}
[[ca:Nurali Khan]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%94%D0%B0%D1%80_%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%88%D1%8BДар ағашы2012-11-11T14:26:47Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
'''Дар ағашы''' - өлім [[жаза]]сына кесілген [[қылмыскер]]ді аспақтауға арналған арнайы құрылғы. Жуан бөренеден жасалады. Қылмыскерді дар ағашының астына қойылған дөңбекке шығарған. Әуелі екі қолы артына қайырылып байланған қылмыскердің бетін [[бұл]]мен айналдырып байлайды немесе оның басына арнайы жасалған қап кигізіледі. Мойнына дар ағашына асылып байланған арқанның тұзақталған ұшы кигізіледі. Адамды дарға асып қинап өлтіру, жазаның ең ауыр түрі болды. Көбінесе [[Орта Азия]]ның отырықшы, қалалы, кентті жерлерінде тұрақты сипат алған мұндай жаза түрі байырғы қазақ қоғамында қолданылмаған.
Дәстүрлі қазақы ортада арнайы дар ағашы деген болмады да, бірақ асып өлтіру - шөгерген түйеге жазаға кесілгеннің мойнынан байлап алып, [[түйе]]ні түрегелтіп жіберіп асу тәрізді түрмен атқарылды.. Адамды дарға асып, қинап өлтіру 2 ғасырда Рим империясында қолданыла бастаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жазалаудың мұндай түрінің қолданылғаны туралы дерек жоқтың қасы.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref><ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
ISBN 9965-893-73-Х</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Мәдениет]]
[[Санат:Терминология]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%91%D0%B0%D2%9B%D0%B8_%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5Бақи дүние2012-11-11T14:26:42Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
'''Бақи дүние''' - дәстүрлі қазақы дүниетаным бойынша, аруақтардың мәңгілік мекені, яғни о дүние. Осы ретте ерекше ескерер жайт — күнделікті тілдік байланыста бақи сөзі қолданыла бергенімен негізгі категориялық мәнді ұғым - бақи дүние Бақи сөзінің тұрмыста жиі қолданыла беретіндігін тілдік үдерістегі [[редукционизм]] зандылығымен түсіндіруге болады. Демек бақи сөзі - бақи дүние ұғымының қолданысқа оңтайландырылып, қыскартылған нұсқасы. Бақи ұғымының синонимдері - о дүние және мәңгілік дүние. Күнделікті тіршілікте ана тілімізде жиі кездесетін «мәңгі бақи» сөз тіркесі «бұ дүнне - о дүние» немесе «жалған дүние - мәңгілік дүние» деп келетін өзара [[антиномия]]лық байланыста жұптасқан ұғымдардағы жалған дүниенің немесе бұ дүниенің өтпелілігін (өткінші дүние), яғни жалғандығын дәлелдеуге қолданатын концепт рөлін атқарады (о дүниенің мәңгілігін тікелсй дәлелдеуді қазақ дәстүрі қоспайды). Негізгі аргумент- уәж: бұ дүние адамдардан тұрады. Ондағы әрбір жанның ғұмыры [[қамшы]]ның сабындай қысқа - өте шығады. Адамның бұ дүниедегі тіршілігі - өте шығатын күйкі тіршілік, яғни пендешілік. Сондықтан оның субьектісі - адам бұ дүниеде уақытша қонақтап қана кететін [[пенде]] ғана. Бұ дүниенің жалған, өткінші дүние болатындығы сондықтан. Демек әрбір пенденің мәңгілік тұрағы, мекені - бақи дүние, мәңгілік дүние. Сонда бұ дүниенің жалғандығын дәлелдеу, түптеп келгенде, бақи дүниенің мәңгілігін, яғни абсолюттік ақиқат екендігін әспеттеуге саяды. Қазақтардың дүниетанымында о дүние мен бұ дүииенің қаншалықты маңызды орын алғандығы жөнінде ел аузындағы төмендегідей аңыз іспеттес әңгімені мысал ретінде келтіруге болады. «Қазақ даласын аралап жүрген орыс әкімшілігінің өкілі бірде өзінің бұрыннан танысы қазақтан: Сендердің үйлерің қарапайым, әрі жұпыны, бірақ, молаға тұрғызған күмбездер мен кесенелерің сән-салтанаты тым ерекше ғой. Бұның себебі неліктен? - деп сұрайды. Сонда қазақ қысқа ғана жауап берген екен дейді: Қазіргі біздің және сенің де тіршілігің өткінші жаңбыр сияқты. Өтеді де кетеді. Яңни бұ дүниеңіз - өткінші, алдамшы, жалған дүние. Нағыз мәңгілік өмір о дүниеде басталады. Қазіргі тіршілігіміз о дүниеге жүруге дайындық қана. Анау тұрған [[мола]]лар, оның басындагы салтанатты сарайдай күмбездер о дүниеге кірер есік. Қазақтардың молаларға айырықша ден қоятындықтары сондықтан». Жоғарыда айтылғандай, антиномиялық байланыстағы бақилық дүние мен бұ дүние концептілері қазақы ортада ата-баба жолын ұстануда айрықша рөл атқарады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Мәдениет]]
[[Санат:Терминология]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80_%D0%97%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%9A%D0%B0%D1%86%D0%B5%D0%B2Владимир Заликович Кацев2012-11-11T14:26:40Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Казақ → Қазақ using AWB
'''Владимир Заликович Кацев''' (7.09.1929, РФ, Полтава облылы Кременчуя қаласы.) ҚазКСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі ([[1972]]). [[Қазақ]] циркінің ғимараты (1972), "[[Медеу]]" биік таулы спорт кешені ([[1972]]) секілді спорт құрылыстарын жобалауға қатысты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1975), "Шығыс календары" фонтаны сыйлығының (1979) лауреаты.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Спорт]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A1%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%82_%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%9D%D2%B1%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2Самат Тельманұлы Нұржанов2012-11-11T14:26:31Z
BolatbekBot: wikify, replaced: Казақ → Қазақ using AWB
'''Самат Тельманұлы Нұржанов''' (11.01.1956, Жилянка станциясы, Ақтөбе облысы), [[ҚазКСР]]-інің ЕСЖ- сы (1999), п.ғ.к-ы (1990), профессор (2006). 1982-85 жылдары Мәскеуде дене тәрбиесі орталық мемлекеттік институтының аспирантурасын бітірді. [[1993]]-98 ж. Қазақ ұлттық дене тәрбиесі институтының спорт ойындары кафедрасының меңгерушісі, [[1998]]-[[2002]] ж. осы институттың проректоры, [[2002]]- [[2007]] ж. арасында Қазақ-Британ техникалық университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі. [[1994]]-[[2000]] Апматы қалалық футбол бірлестігінің төрағасы, осы жылдары республикалық футбол ассоциациясының атқару комитетінің мүшесі болды. Нұржанов 50-ден астам ғылыми еңбектердің, бірнеше оқулықтардың авторы.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
[[Санат:Спорт]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D0%B9%D0%BD%D1%8B%D0%BC%D0%B0%D0%BBАйнымал2012-11-11T14:26:27Z
BolatbekBot: wikify, replaced: казақ → қазақ using AWB
'''Айнымал''' - дәмі бұзылған, дұрыс ашымаған татымал [[қымыз]]. Дұрыс тазаланбаған, яғни бабымен ысталмаған [[ыдыс]]та ашытылып, дәмі бұзылған қымызды [[қазақ]] айнымал немесе татымал дейді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Мәдениет]]
[[Санат:Терминология]]
{{stub}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%AD%D1%84%D0%B5%D0%BC_%D0%91%D0%B5%D0%B9_%D0%BC%D0%B5%D1%88%D1%96%D1%82%D1%96Эфем Бей мешіті2012-06-17T18:38:08Z
BolatbekBot: Бот: Санат:Мешіт дегенді түзетті
'''Эфем Бей мешіті''' – [[Албания]] астанасы [[Тиран]]ның орталығында орналасқан.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C_%D0%AD%D1%84%D0%B5%D0%BC_%D0%91%D0%B5%D0%B9 </ref>
Құрылыс жұмыстарын [[1789 жылы]] ''Молла Бей'' бастап, [[1823 жылы]] ұлы Нахчи Эфен Бей аяқтады. Албаниядағы коммунистік жүйе басталғанда мешіт [[1991 жыл]]дың 18 қаңтарға дейін жабық болды. Коммунистік билік арасындағы көтеріліске қарамастан 10 000 адам оны ашты. Осылайша елдегі коммунизмнің құлауы басталды.
==Дереккөздер==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ислам]]
[[Санат:Дін]]
[[Санат:Мешіттер]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A4%D0%B5%D0%B9%D1%81%D0%B0%D0%BB_%D0%BC%D0%B5%D1%88%D1%96%D1%82%D1%96Фейсал мешіті2012-06-17T18:38:06Z
BolatbekBot: Бот: Санат:Мешіт дегенді түзетті
'''Фейсал мешіті''' – [[Пәкістан]] елордасы [[Исламабад]] та орналасқан мешіт.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C_%D0%A4%D0%B5%D0%B9%D1%81%D0%B0%D0%BB
</ref>
[[Ислам әлемі]]ндегі ірі мешіттердің бірі. Мешіт 300 000 адамға арнап салынған. Жоба авторы түрік архитекторы – Ведат Далокай. Мешіт құрылысы [[1976 жылы]] басталған. Жоба 130 миллион сауд риалын (шамамен 120 миллион доллар ) құрады. ''Король Фейсал ибн Абдель Азиз ас-Сауд'' қаржыландыруға көмектесті. [[1975 жылы]] корольдің өлімінен кейін мешіт пен оған апарар жол соның құрметіне аталды. Құрылыс [[1988 жылы]] аяқталып '''Халықаралық Ислам Университетіне''' орын беру үшін қолданылды.
==Дереккөздер==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ислам]]
[[Санат:Дін]]
[[Санат:Мешіттер]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%9B%D1%8F%D0%BB%D1%8F-%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D2%9B_%D0%BC%D0%B5%D1%88%D1%96%D1%82%D1%96Ляля-Қызғалдақ мешіті2012-06-17T18:37:53Z
BolatbekBot: Бот: Санат:Мешіт дегенді түзетті
'''Ляля-Қызғалдақ мешіті''' – [[Уфа]]дағы [[Ислам]]-мәдени білім беру орталығы. Құрылыс жұмыстары 1990-1998 жылдар аралығында жүргізілді. Жобаның авторы – В. Давлетшин. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D1%8F%D0%BB%D1%8F-%D0%A2%D1%8E%D0%BB%D1%8C%D0%BF%D0%B0%D0%BD </ref>
Мешіт [[1998 жылы]] 7 сәуірде ашылды. Ол Комарова № 5 орналасқан. Мешітті ''«Қайта жаңғыру гүлі»'' деп те атайды. Жобаның негізіне көктемдегі қызғалдақтың гүлдеуі алынды. Ол бұрыннан көне түрік халқының нысаны болып табылады. Ал екі мұнара гүлшанақты білдіреді.
Мешіт қайырымдылық қорынан жиналған ақша мен [[Башкирия]] үкіметінің көмегімен салды.
==Дереккөздер==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ислам]]
[[Санат:Дін]]
[[Санат:Мешіттер]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%9C%D0%B5%D1%88%D1%96%D1%82Жаңа Мешіт2012-06-17T18:37:49Z
BolatbekBot: Бот: Санат:Мешіт дегенді түзетті
'''Жаңа Мешіт''' (Ени-Джами) – [[Стамбул]]дағы ірі мешіттердің бірі. <ref> http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%8F_%D0%BC%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C </ref>
Мешіт қаланың көне бөлігіндегі Эминен ауданындағы Галат көпірінде орналасқан. Мешіт жанында ''Египет базары'' бар. Осы базар мешіт құрылысын қаржыландырды. Мешіт 1597-1663 жылдар аралығында салынған. Орталық мұнарасының биіктігі – 36 м, диаметрі – 17,5 м. Жалпы мешітте екі мұнара бар. Ішіне жарық жақсы түседі және еден кілемдермен төселген.
==Дереккөздер==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ислам]]
[[Санат:Дін]]
[[Санат:Мешіттер]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%CE%99%CE%99_%D0%A5%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D0%BD_%D0%BC%D0%B5%D1%88%D1%96%D1%82%D1%96ΙΙ Хассан мешіті2012-06-17T18:37:45Z
BolatbekBot: Бот: Санат:Мешіт дегенді түзетті
'''ΙΙ Хассан мешіті''' немесе '''ΙΙ Хассанның Ұлы мешіті''' – [[Марокко]]дағы [[Касабланка қаласы]]нда орналасқан мешіт.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C_%D0%A5%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0_II</ref>
Ол [[Атлант мұхиты]]ның жағалауында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 1986-1993 жылдар аралығында жүрді. Жоба авторы – Мишель Пинсо. Мешіт 25 000 адамға арналған және қасындағы аймаққа 80 000 адам намаз оқи алады. Жалғыз мұнарасының биіктігі 210 м.
Ол әлемдегі ең биік діни құрылыс болып табылады. Мешітті қайырымдылық қорынан жиналған 800 миллион долларға салды. Мешіт ''ΙΙ Хассан корольдің'' кезінде салынды. Құрылыс жұмысына 2500 құрылысшы және 10 000 жуық суретшімен басқа мамандар шақырылды. Құрылыс материалдардың барлығын қаланың маңындағы аймақтардан әкелінді.
==Дереккөздер==
<references/>
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Ислам]]
[[Санат:Дін]]
[[Санат:Мешіттер]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D3%98%D0%B1%D1%96%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD_(%D0%9A%D1%96%D1%88%D1%96_%D0%B6%D2%AF%D0%B7)Әбілқайыр хан (Кіші жүз)2011-10-28T20:10:52Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
{{Infobox Biography
|subject_name = Әбілқайыр хан
| image_name = Abilkhayr.jpg
| image_size = 200 px
| image_caption = Әбілқайыр хан
| date_of_birth = [[1693]]
| place_of_birth =
| date_of_death = [[1748]]
| place_of_death =
| occupation = Қазақ ханы
| spouse =
[[File:Abulkhair khan.jpg|thumb|Abulkhair khan|thumb|right| alt=A.| ''[[Әбілқайыр хан]]''.]]
'''Әбілқайыр''' ('''Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан''') ([[1693]] — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, [[1718]]—[[1748]] жж. билік құрған [[Кіші жүз]] ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
[[Жошы|Жошының]] бірінші ұлы [[Орда -Ежен|Орда-Еженнен]] тарайтын — Өсеке ұрпағы, [[Қажы сұлтан|Қажы сұлтанның]] баласы.
[[1710]] жылы [[Қарақұм|Қарақұмдағы]] халық жиынында жас Әбілқайыр [[Кіші жүз]] әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты [[Бөгенбай батыр]] тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған [[Сайрам]], [[Түркістан]] және [[Ташкент]] қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар [[жоңғарлар|жоңғарлардың]] қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. [[1718]] жылы [[Аякөз|Аякөзде]] Әбілқайыр мен [[Қайып хан|Қайып]] 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. [[1726]] жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды [[Қазақ хандығы]] әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін [[1736]] жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі [[Джон Кэстль]] былайша түйіндейді:''Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.''
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. [[1728]] жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар [[Ұлытау]] тауларында, Қарасиыр жері мен [[Бұланты]] өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. [[1730]] жылы көктемде [[Балқаш|Балқаштың]] оңтүстік шығысындағы [[Итішпес]] елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. [[Жоңғарлар|Жоңғарларға]] қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор [[Нысанбаев Әбдімәлік|Ә. Нысанбаев]] – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, [[Болат хан|Болат ханның]] жас ұлы [[Әбілмәмбет хан]] сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен [[Кіші жүз|Кіші жүзге]] келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр [[Ресей|Ресейден]] көмек сұрауға мәжбүр болды. [[Ресей|Ресейдің]] қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр [[1730]] жылы күзінде елші жібереді.
1731 жылы Ресей сыртқыістер министрлігінің [[Тевкелев елшілігі|М. Тевкелев]] бастаған елшілігі [[Ырғыз]] өзенінің бойындағы [[Майтөбе]] деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын [[Ресей]] құрамына алу туралы келіссөз жүргізді.
Әбілқайыр [[1731]] жылы қазанның 10 [[Ресей империясы|Ресей империясының]] қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты [[1738]], [[1740]], [[1742]] жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы [[башқұрттар]] мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады.
Алайда [[Ресей]] саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның [[Орынбор]] әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы [[Қожахмет|Қожахметті]] аманаттан қайтарып алудағы [[Ресей]] әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, [[Кіші жүз|Кіші жүзде]] дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы [[Қалдан Серен|Қалдан Серенмен]] (пэренмен) астыртын байланыста болды. [[Жоңғар шапқыншылығы]] әлсіреген сайын [[Ресей|Ресейден]] бойын аулақ салуға тырысты.
[[1740]] жылы [[Хиуа|Хиуаны]] басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ [[Иран|Иранның]] [[Нәдір шах|Нәдір шахынан]] ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан [[Абылай хан|Абылаймен]] әр кезде түсінісе білді. [[Абылай хан|Абылайдың]] бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы.
[[Кіші жүз]] ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған [[Ор|Ор бекінісін]] салуды (1735) өзі ұсынды. [[1737]]—[[1738|38]] жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады.
Солардың бірі — [[Орта жүз|Орта жүздің]] сұлтаны Барақ [[Ор|Ор бекінісінен]] қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.
Әбілқайырдың моласы [[Қабырға]] өзенінің [[Өлкейек|Өлкейекке]] құятын тұсында, [[Торғай]] қаласынан 80 km жерде.Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.
Әбілқайыр хан ескерткіші — Облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған. Тұғырдың биіктігі — 2,8 м, ені — 2,1 м, ұзындығы — 5,8 м. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 6,5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі — 3 м, жерден жалпы биіктігі −12,3 м. Тұғырдың материалы — Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған. Салмағы — 11,2 т. Автор қазақ халқының басына төнген қиын кезеңдегі жоңғарлармен шайкас алдындағы қолбасшы бейнесін бейнелеген.Алға қарай созған қолы Әбілқайыр ханның халқын ынтымаққа, жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Ханның тұлпары бостандыққа құлшындырады. Ескерткіш авторы Ескен Сергебаев — ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері -Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref>
== Шыққан тегі ==
[[Шыңғыс хан]] әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, [[Қажы сұлтан|Қажы сұлтанның]] баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, [[мұрагерлік]] жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710—12.08.1748)<ref> Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8 </ref>. [[1715]] жылы [[Тәуке хан]] өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығына таласты. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы [[Болат хан|Болат бас хан]] сайланды. Әбілқайыр [[қазақ]]-[[Қалмақтар|қалмақ]] қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған [[1716]]—[[1718]] жылы [[Ресей империясы|Ресей империясынан]] көмек алу мақсатымен [[Сібір]] губернаторы [[князь]] [[М.П.Гагарин|М.П.Гагаринге]], [[Уфа]] воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге атсалысты. <ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>
*[[1723]] жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен [[Хиуа]] хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр [[1726]] жылы [[Ордабасы|Ордабасыдағы]] халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өз-нің жағасындағы ([[1728]]), Аңырақайдағы ([[1729]]([[1730|30]])) ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды.
== Саясаты ==
Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта [[Ресей империясы|Ресей]] империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың [[Құндағұлов Сейітқұл]] мен [[Көштаев Құтлымбет]] бастаған елшілігі [[Петербург|Петербургке]] барып (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясының [[М. Тевкелев]] бастаған елшілігі оған келді ([[1731]]). ''( Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі''). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр [[1731]] қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (''Бұл антты [[1738]], [[1740]], [[1742]] қайталады''). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда [[Ресей]] саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр [[Петербург]] сарайы мен оның [[Орынбор]] әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейіннен [[Елизавета Петровна|Елизавета Петровнаның]] талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр, сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы [[Қалдан Серен|Қалдан Серенмен]] (Цэренмен) астыртын байланыста болды.<ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
== Кейінгі жылдары ==
[[Жоңғар]] шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. [[1740]] жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан [[Абылай хан|Абылай]]мен әр кезде түсінісе білді. [[Абылай хан|Абылайдың]] бір әйелі [[Қарашаш]] — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақдаласын отарлаудың плацдармы болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды ([[1735]]). [[1737]]—[[1738|38]] жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен “орысшылдығы”, қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны [[Барақ хан|Барақ]] Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, [[Торғай Уезі|Торғай]] 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара [[Хан моласы]] аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған (қ. Әбілқайыр әулеті)<ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
{{Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия }}
{{Islam-stub}}
{{wikify}}
{{Kazakh Khans}}
[[Санат:1693 жылы туғандар]]
[[Санат:1748 жылы қайтыс болғандар]]
[[Санат:Дін]]
[[Санат:Ислам]]
[[Санат:Тарих]]
[[Санат:Философия]]
[[Санат:Қазақ ұлттық энциклопедиясы]]
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:Қарағанды облысы]]
[[Санат:Қазақстан]]
[[cv:Абулхаир]]
[[en:Abul Khair Khan]]
[[ka:აბულ ხაირ ხანი]]
[[ru:Абулхаир хан]]
[[tk:Abylhaýyr han (gazak)]]
[[zh:阿布勒海爾]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BC_%D1%85%D0%B0%D0%BDҚасым хан2011-10-28T19:57:09Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
'''Қасым хан Жәнібекұлы'''<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref> ([[1445]]—[[1518|18]]) — [[Қазақтар|қазақтың]] ұлы хандарынын бірі, [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығының]] негізін қалаушылардың бірі — [[Әз-Жәнібек хан|Әз-Жәнібек ханның]] ортаншы баласы. Шешесі [[Жаған-бегім]] Шайбани әулетінің атақты ханы [[Мұхаммед Шайбани|Мұхаммед Шайбанидің]] інісі [[Махмұд сұлтан|Махмұд сұлтанның]] шешесінің туған сіңілісі.
== Өмірбаяны ==
Қасым хан (шамамен [[1445 – 1521]] жылдары) – Қазақ хандығының ханы ([[1511 – 1521]]), [[Жәнібек хан|Жәнібек ханның]] ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың [[1570-1590|70 – 90]] жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы [[Керей|Керейдің]] ұлы [[Бұрындық]], қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және [[Жәнібек хан|Жәнібек ханның]] басқа да ұлдары [[Сығанақ]], [[Сауран]], [[Отырар]],[[ Сайрам]] түбінде бірнеше рет [[Шайбани хан]] әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында [[Мауераннахр|Мауераннахрды]] бағындырып, үлкен күшке ие болған [[Мұхаммед Шайбани хан]] [[1506 – 1510|1506 – 10]] жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. [[Бұрындық хан]] Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. [[1510]] жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы [[Ұлытау]] өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. [[1511 – 1513|1511 – 13]] жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. [[1512 – 1513|1512 – 13]] жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі [[Тараз]] жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан [[Ташкент|Ташкентке]] жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. [[1513]] жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы [[Сұлтан Сайд хан]] елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі [[Сүйініш хан|Сүйініш ханға]], жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. [[Сұлтан Сайд хан]] мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. [[1517 – 1521|1517 – 21]] жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара [[Еділ|Еділге]] дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды.
{{Infobox Monarch
| name = Қасым хан
| титулы = Хан
| image =
| caption =
| reign = [[1511]]—[[1518]]
| coronation = [[1511]]
| othertitles =
| full name = Жәнібекұлы Қасым
| predecessor = [[Бұрындық хан]]
| successor = [[Момыш хан]]
| suc-type =
| heir =
| queen =
| consort =
| royal house = [[Орыс хан]] үйі
| royal anthem =
| father = [[Әз-Жәнібек хан]]
| mother = [[Жаған-бегім]]
| date of birth = [[1445]]
| place of birth =
| date of death = [[1518]]¹
| place of death = [[Сарай-Жүк|Сарайшық]]²
| date of burial = [[1518]]
| place of burial = [[Сарай-Жүк|Сарайшық]]²
| notes = ¹[[Тахир Мұхаммед]] [[1523]]—[[1524|24]] жылдарда дейді
²[[Жалайыри, Қадырғали|Қадырғали Жалайыри]] бойынша
== Орнауы ==
[[File:Qasim scheme.svg|thumb|"[[Орналасқан жері]]"]][[Бұрындық хан]] [[Самарқан|Самарқанға]] кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.[[1511]] жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, [[Қазақ хандығы]] Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста [[Сырдария|Сырдарияның]] оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында [[Түркістан]] қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында [[Жетісу|Жетісудың]] солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста [[Ұлытау]] қыраттары мен [[Балқаш]] өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста [[Жайық]] өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
==[[Бөкейханұлы, Әлихан|Әлихан Бөкейханов]] кезінде былай деп жазыпты:==
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш
саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.
Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.
== Қасым ханның қасқа жолы ==
«''Қасқа жол''» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
*Қасым ханның билігі тұсында [[Керей хан|Керей]], [[Әз-Жәнібек хан|Жәнібек]] және [[Бұрындық хан|Бұрындық]] хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
*Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
*Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
*Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
== Қосымша ==
Бізге белгілі, «''Қaсым ханның қасқа жолы''», «''Есім ханның ескі жолы''» және Тәуке ханның «''жеті жарғы|жеті жарғысы''» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «''Тәуке ханның Жеті жарғысы''» («''Жеті жарлығы''») аталып кеткен делінеді.
*Бірінші жарлығы: «''Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін''».
*Екінші жарлығы: «''Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс''».
*Үшінші жарлығы: «''Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады''».
*Төртінші жарлығы: «''Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады''».
*Бесінші жарлығы: «''Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек''».
*Алтыншы жарлығы: «''Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'''».
*Жетінші жарлығы: «''Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді''».
''Н.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» [[1995]] жыл''
==Иранда Қасым хан туралы қолжазба==
[[Тегеран|Тегерандағы]] [[Қажы Хусейн Малек]] кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «[[Тарих-и Сафавие]]» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – [[Исмаил Хусейни Мараши Табризи]]. Ол өз ортасына [[Мир Мулайим Бек]] деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба [[Сефевидтер әулеті|Сефевидтер әулетінің]] (XVI-XVIII ғасыр) тарихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы наста‘лиқ үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше тарихи еңбекке («''Раузат ас-сафа''», «''Тарих-и алам арайи Аббаси''», «''Хабиб ас-сийар''») сүйенгендігін және сондай-ақ шығарманы жазу барысында ауызша жеткен деректер мен әңгімелерді пайдаланғандығын тілге тиек етеді. «''Тарих-и Сафавие''» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды [[Дешті Қыпшақ|Дешті Қыпшақтың]] «ханы» кейде «патшасы» деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады.Қазақ хандығына қатысты дерек Қасым ханның атымен тығыз байланысты. Автор Дешті Қыпшақ ханы Қасым хан мен [[Шахи бек|Шахи бектің]] арасындағы тартысты баяндайды. Шахи бек Бұқара ханы Абдолланың немере інісі болып табылады. Оқиға Иран шахы І Исмаилдің Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға хат жазуынан басталады. Ол Қасым ханға жолдаған хатында Шахи бектің өзінің атына арнайы теңге соқтырғанын хабарлап, оған қарсы әрекет қолданбаса, мәселенің бетін алу қиынға соғатынын ескертеді. Қасым хан Иран шахына жазған жауап хатында Шахи бектің атын өшіріп, оның орнына өзінің атын жаздыртып, теңге соқтыруға бұйрық бергендігін хабарлайды.
Хаттардағы мәліметтерге қарап, Иран шахтарының Қасым ханмен қатты санасып, мәмілеге жүгініп отырғанын байқаймыз. Мұның барлығы Қасым ханның ресми хан көтерілгеніне дейін болған оқиғалар екендігін ескергеніміз абзал. Қасым ханның есімі таққа отырғанға дейін де танымал болғандығын және саяси сахнада беделі жоғары болғандығын осы қолжазбадағы деректер дәлелдеп береді.
Осы уақытқа дейін бұл қолжазба туралы [[Ч.Стори]] «[[Персидская литература]]» каталогында атап көрсеткен, бірақ ол аталмыш қолжазба туралы атап қана өткен. Жалпы, «Тарих-и Сафавие» деген атпен сақталған қолжазбалар көп, бірақ солардың ішінде аталған нұсқа Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады.
Қазақ тарихына қатысты қолжазбалардың бірі Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы ұлттық кітапханадан табылды. [[Мұхаммад Тахир Вахид Қазвини]] жинақтаған [[Аббас шах|Аббас шахтың]] көрші елдердің патшалары мен хандарына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері – «''Муншаат''» жинағында Иран шахтары мен өзбек хандығы арасында жазысқан хаттардың қазақ тарихын зерттеуге қосар үлесі орасан мол. Себебі сол кездегі өзбек хандарының Иран патшаларымен арадағы дипломатиялық хат алмасуларында Хорасан, Самарқанд, Бұқара, Дешті Қыпшақ және Ташкент аймағында орын алған тарихи оқиғалар әңгіме болған. Дәлірек айтқанда, күш алып, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақ хандығы туралы өзбек хандары Иран шахтарына жазған хаттарында баяндап отырған. Мысалы, Абдулмумин ханның Аббас шахқа жазған хатында «Дешті Қыпшақты мекендеген қазақтардың саны күннен-күнге артып, күшейіп келе жатыр, осы жайды ескеру керек» деп жазады.
'''Автор''': ''Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА, филология ғылымының кандидаты, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері''
''Қазақстанның Ирандағы елшілігі ұйымдастырған шығыстанушылардың Тегеранға ғылыми іссапары барысында ел тарихына қатысты қолжазба деректерге қол жетті''
<gallery widths=150 heights=180 caption=>
File:Дерект.jpg
File:Иранда.jpg|[[Қасым хан туралы жазылылған қолжазбаның беті. [[Тегеран]], 14 қазан]]
</gallery>
== Жерленуі ==
[[Дулати, Мұхаммед Хайдар|Мұхаммед Хайдар Дулати]]дың жазбаларына қарағанда, Қасым хан [[1518]] жылы қайтыс болған. Ал [[Тахир Мұхаммед]] өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты [[1523]]—[[1524|24]] жылдар деп көрсетеді.
[[Жалайыри, Қадырғали|Қадырғали Жалайыри]]дың сөзі бойынша, Қасым хан [[Сарай-Жүк|Сарайшық]] қаласында қаза болған. Тарихшы [[Чулошников|А. П. Чулошников[[ Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады.<ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2 </ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 </ref>
== Тағы қараңыз ==
* [[Қазақ Ордасының жылнамасы]]
* [[Сарай-Жүк]]
* [http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_history_kasym_khan_manuscript_iran_malek_library/24178550 Қасым хан туралы жаңадан табылған дерек]
* [http://www.testent.ru/load/ucheniku/istorija/asym_khan_t_synda_y_aza_khandy_y_asym_khanny_os_a_zholy_za_dary/21-1-0-923 Қасым ханның “Қосқа жолы"]
== Сыртқы сілтемелер ==
{{Kazakh Khans}}
==Пайдаланған әдебиет==
“Тараз энциклопедиясы”
"Қазақ энциклопедиясы"
<references/>
{{Bio-stub}}
{{wikify}}
[[Санат:1445 жылы туғандар]]
[[Санат:1518 жылы қайтыс болғандар]]
[[en:Kasym Khan]]
[[ru:Касым-хан]]
[[zh:哈斯木]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B1%D0%B8Қазыбек би2011-10-28T19:53:04Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
{{Infobox Biography
| subject_name = Қазыбек би Келдібекұлы
| image_name = Qazybek_bi.jpeg
| image_size = 180px
| image_caption =
| date_of_birth = [[1665]]
| place_of_birth =
| date_of_death = [[1765]]
| place_of_death =
| occupation = [[би]]
| spouse =
==Өмірбаяны==
'''Қаз дауысты Қазыбек би''', '''Қазыбек Келдібекұлы''' – қазақ халқының [[XVII-ғасыр|XVII]] – [[XVIII-ғасыр|XVIII-ғасырлардағы]] ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. [[Орта жүз]] [[арғын]] тайпасының [[қаракесек]] руына кіретін [[болатқожа]] атасынан шыққан ол [[1667]] жылы [[Сыр]] бойында дүниеге келген. Арғы аталары [[Шаншар абыз]], [[Бұлбұл]], өз әкесі [[Келдібек]] — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін [[Тәуке хан]] Қазыбекті [[Орта жүз|Орта жүздің]] Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, [[Сәмеке]], [[Әбілмәмбет]], [[Абылай]] ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.<ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, [[Жоңғар шапқыншылығы]] үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы [[Цэван Рабдан|Цэван Рабданға]] барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: ''“Дат, тақсыр!”'' деп жұлқынып алға шығады да:
<poem>
:“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
:Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
:Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
:Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
:Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
:Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
:Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
:Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
:Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
:Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.</poem> Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған [[қалмақ]] ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына [[дақ]] түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – [[Жеті жарғы|“Жеті жарғыны”]] жасатып, [[Күлтөбе|Күлтөбенің]] басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.<ref> Валиханов Ч.Ч., Собр. соч. в пяти томах, А-А., 1984 - 85; Қазақстан тарихы, 2-т„ А„ 1998.</ref>
[[File:Kazybek bi.jpg|thumb| left| alt=A.| ]]
Ел “[[Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама]]” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, [[Әбілмәмбет]] хандардың, [[Барақ]], [[Батыр]], [[Абылай]] сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға [[Қытай]] боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген.
Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың [[Қабанбай батыр|Қабанбай батырға]] бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал [[Барақ сұлтан]] қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда [[Кіші жүз]] ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын [[қылмыс]] деп бағалаған.
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, [[Ұлытау]], [[Қарқаралы]] өңірін қоныс қылып, [[Семізбұғы]] тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: ''Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет'' есімді бес ұл, ''Маңқан'' (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы [[Бекболат]], одан кейінгі [[Тіленші]], Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор [[Мәди Бәпиұлы]] да Қазыбек бидің ұрпағы. <ref>Марджани, Мустафат улахбар фи ахвал Қазан ва Булгар, Қ, 1885</ref>
Қазыбек би [[1764]] жылы [[Семізбұғы]] тауының етегіндегі [[Теректі]] қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы [[Қожа Ахмет Иасауи]] кесенесіне апарып жерлеп, басына [[құлпытас]] орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы [[Алексей Левшин]], [[Шоқан Уәлиханов]], [[Шаһабуддин Маржани]], [[Балтабай Адамбаев]], [[Нысанбек Төреқұлов]], т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. [[Қарағанды]] облысында бір ауданға, [[Алматы]], [[Шымкент]] қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – [[Астана|Астанада]] ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. <ref name=”source1”> “Балалар Энциклопедиясы”, V-том </ref><ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref><ref>Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацких, или киргиз-кайсацких, орд и степей, 2 том, 1832</ref>
==Қосымша ақпараттар==
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) [[Сырдария]] жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын [[Қаратау]], [[Ұлытау]] атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек [[Арғын руы|Арғынның]] Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, [[шешен]] [[би]] көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, -
депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 </ref>
==Қазыбек би жайлы әңгімелер==
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті.
Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына:
Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
===Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)===
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!" - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек.
- Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телкоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп.
- Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді.
Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді.
Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады.
Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Казақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жок" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты.
Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдын?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дөмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ө" дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған төқаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:
- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептесірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датықды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді.
Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының өр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондыктан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңкылдап шығады екен, сондыктан сенің атың бүдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Токсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бүдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-кисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жен ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек түр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, колы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мө, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мө, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
===Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)===
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Өр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен өртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді.
Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
[[Абылай]] үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан
да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.
===Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)===
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі:
- Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, өлде үрлап алды ма, оны білмеймін, өйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім талтым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда бал аға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп түр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қазыбек пен [[Әйтеке би|Әйтеке]] екеуі бас қосып ақылдысатын бір мөселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып дал ада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, өлеумет, күс үшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді.
Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да:
- Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, да у төртеу болады" деп, үш ел өр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы үлға лайык! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болЫн шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
[[Жоңғария|Жоңғарлардың]] қолбасшысы [[Сары Манжы]] бастаған отыз мыңдай ойрат [[Сарыарқан|Сарыарқаны]] шарлап одан [[Қаратау]] атырабын [[Түркістан]] төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде [[Қалдан Cерен|Қалдан Cереннің]] батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, [[Әбілхайыр]], [[Әбілмәмбет хан|Әбілмәмбет хандар]], [[Барақ сұлтан]], [[Жәнібек]] батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы [[Ұлытау|Ұлытауды]] жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
===Қазыбек би жайлы әңгіме===
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:
Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ????
Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазакстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>
== Тағы қараңыз ==
* [[Төле би]]
* [[Әйтеке би]]
== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://adyrna.kz/?p=2423 Арық емес, қатумын]
==Пайдаланылған әдебиет==
<references/>
{{Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия }}
{{wikify}}
[[Санат:Қазақстан тұлғалары]]
[[Санат:Қазақ хандығы]]
[[Санат:1665 жылы туғандар]]
[[Санат:1765 жылы қайтыс болғандар]]
[[Санат:Тұлғалар]]
[[ru:Казыбек би]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8BҚазақ хандығы2011-10-28T19:37:46Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
{{Тарихи мемлекеттер
|Аты = Қазақ хандығы
|Байрағы = Kazakh Khanate.svg
|елтаңбасы =
|карта = Қазақ хандығы.png
|описание =
|Құрылғаны = 1456
|Жайылғаны = 1847
|Елордасы = Түркістан
|Тілі = Қазақ тілі
|Өкімет_түрі = Монархия
|династия = Жошы хан әулеті
|діні = Сунна Ислам
|Жер_көлемі = 2,5 млн км2
|Жұрты = 2 млн
|до = Өзбек хандығы
|д3 = Моғұлстан
|после = Ресей империясы
|п2 = Ұлы жүз
|п3 = Орта жүз
|п4 = Кіші жүз
'''Қазақ хандығы''' — [[қазақтар]]дың ұлттық мемлекеті.
== Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.) ==
Қазақ хандығының пайда болуы [[Қазақстан]] жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде [[Әбілхайыр]] хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) [[Жошы]]-[[Шайбан]]- [[Дәулет]]-[[Шайх]] оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. [[1446]] жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — [[Сығанақ]], [[Созақ]], Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) [[Түркістан]] өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан [[Түркістан]] алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны [[Жәнібек]] пен [[Керей]] басқарды.
[[Дешті Қыпшақ]] пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза [[Мұхамед]] хайдар [[Дулати]] [[Қазақ]] хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып[[ Керей]] жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы [[Моғолстан]] ханы [[Есенбұға]] өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер [[Жәнібек]] пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс [[Дешті Қыпшақ|Дешті Қыпшақты]] билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
[[File:Казахское ханство1465.png|thumb| alt=A.| ''[[Қазақ хандығының құрылуы]]''.]]
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе [[Мұхамед Шайбани]] басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға ([[Созақ]], [[Сығанақ]], [[Сауран]]) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. [[Дешті Қыпшақ|Дешті Қыпшақта]] қазақ хандары билігінің орнығуы, [[Мұхаммед Шайбани|Мұхаммед Шайбаниды]] Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
== Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы ==
[[File:Казахское ханство1520.png|thumb| alt=A.| ''[[Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы]]''.]]
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. [[Қасым хан|Қасым ханның]] (1511-1523 жж.) тұсында [[қазақ ]]хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі ([[Шу]], [[Талас]], [[Қаратал]], [[Іле]] өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында [[Орта Азия]],[[ Еділ ]]бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 [[Василий]] (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«[[Қасым хан|Қасым ханның]] қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
==Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы ==
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде [[Қасым]] ханның баласы [[Хақназар]] (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. [[Ноғай]] Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында [[Жетісу]] мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген [[Моғол]] ханы [[Абд- Рашид|Абд- Рашидке]] қарсы ұтымды күрес жүргізілді. [[Хақназар]] өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.
==Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы ==
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
== Есім ханның тұсында Қазақ хандығы ==
[[Есім хан]]
(1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған)
Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы [[Тәуекел]] өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан[[ Ембі]], [[Жайық]], Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен[[ Есім хан]] оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, [[Ташкент]] пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан [[Моғолстан ]]ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «[[Есім]] салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.
Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
[[Ташкент]] қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз [[хан]] болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын [[Мұхаммед хан]] жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен [[Ахметтер]] де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. [[Есім хан]] өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.
Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. [[Есім хан]] мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:
:«Ей, Қатаған хан Тұрсын!
:Кім арамды ант ұрсын.
:Жазықсыз елді жылатып,
:Жер тәңірісің, жатырсың,
:Хан емессің қасқырсың,
:Қара албасты басқырсың!
:Алтын тақта жатсаң да
:Қазаң жетті қапылсың!
:Еңсегей бойлы ер Есім,
:Есігіңе келіп тұр,
:Шашқалы тұр қаныңды,
:Кешікпей содан қатарсың!»
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.
«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
== Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы ==
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
== Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы ==
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:
қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500);
ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой);
егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады);
төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
== Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы ==
Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.
== Қазақ хандығының мәдениеті ==
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
== Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі ==
[[File:Казахское ханство1535.png|thumb| alt=A.| ''[[Қазақ хандыңындағы 1-азаматтық соғыс]]''.]]
16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
== Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі ==
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
== Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама ==
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
== Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы ==
[[File:Abylai khan.jpg|thumb| left| alt=A.| ''[[Абылай хан]]''.]]
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.
Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады.
1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 </ref>
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. <ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.mfa.kz Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі]
* [http://kazakhstan.awd.kz/theme/t10_2.html Қазақ хандығы]
* [http://www.hrono.info/geneal/geanl_ok_2.html Орыс-хан. Қазақ хандығы]
* [http://www.unesco.kz/natcom/turkestan/r07_turkest_cap.htm Түркістан - Қазақ хандығының елордасы]
* [http://www.unesco.kz/heritagenet/kz/content/ Юнеско сайтындағы Қазақстан тарихы]
* <references/>
{{Stub}}
{{wikify}}
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
[[Санат:Қазақстан тарихы]]
[[Санат:Қазақ мемлекеті]]
[[az:Qazax xanlığı]]
[[cs:Kazašský chanát]]
[[de:Kasachen-Khanat]]
[[en:Kazakh Khanate]]
[[fr:Khanat kazakh]]
[[it:Khanato di Kazach]]
[[ja:カザフ・ハン国]]
[[pl:Chanat Kazachski]]
[[pnb:خانان قازاق]]
[[ru:Казахское ханство]]
[[tr:Kazak Hanlığı]]
[[zh:哈萨克汗国]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A5%D0%B0%D2%9B%D0%BD%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BDХақназар хан2011-10-28T19:19:33Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
'''Хақ-Назар хан'''<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref> — ([[1538]]—[[1580]]) билік құрғаны.Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
==Билігі==
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және [[Бұйдаш хан]] тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.[[1523]]—[[1524]] жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «''қазақтар мен қырғыздардың патшасы''» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, [[Моғолстан]] хандарының [[Жетісу]] мен [[Ыстықкөл]] алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп [[1552]] жылы Қазан хандығын, [[1556]] жылы [[Астрахань]] хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, [[Еділ]] мен [[Жайық]] арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
{{Infobox Monarch
| name = Хақ-Назар хан
| title = Хан
| caption =
| reign = [[1538]]—[[1580]]
| coronation = [[1538]]
| othertitles =
| full name = Қасымұлы Хақ-Назар (Ақназар)
| predecessor = [[Бұйдаш хан]]
| successor = [[Шығай хан]]
| suc-type =
| heir =
| queen =
| consort =
| issue =
| royal house = [[Орыс хан]] үйі
| royal anthem =
| father = [[Қасым хан]]
| mother =
| date of birth =
| place of birth =
| date of death =
| place of death =
| date of burial =
| place of burial =
| notes =
==Ноғай ордасы==
Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасын билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. [[Ысмағыл]] мырзаның тобы Москва княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар [[Ноғай]] ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. [[1557]] жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы [[Иван IV]]: «''Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті''» деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «''Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды''» деп хабарлаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «''[[1969]] жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды''» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі [[феодалдық]] қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, [[1569]] жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «''Қырық батыр жыры''» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.
==Өзгерістер==
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. [[1563]] жылы [[Сібір хандығы|Сібір хандығының]] билігін тартып алған [[Көшім хан]] ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «''қастаспай дос болып, өзара көмектесу''» жөнінде «''анттастық шарт''» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.
XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
==Бұхара хандығы==
[[Бұхара]] ханы [[Абдолла ІІ]] ([[1557]]—[[1598]]) тұсында [[Ташкент]] маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. [[1579]] жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына [[Түркістан]], [[Сауран]] қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады. [[1579]] жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы [[1580]] жылы Хақназар ханды өлтірді.
==Аңыз==
Қазақ жүздерінің бөлінуі жөніндегі халық аңыздарының Хақназар есімімен байланысты екенін ғылым да жоққа шығармайды.
Қазақ жүздерінің Хақназар тұсында пайда болғанын ауыз әдебиетіміздің асыл мұраларының бірінде:
"''Алаштан қазақ тараған, Ноғайлыға қараған''.
''Жауға алдырмай ноғайлар, Бір-біріне жараған''.
''Ноғайдан қазақ бөлініп, Үш жүз болып тараған''"—, деген тарихи жолдар дәлелдей түседі. Алғашқы жол қазақтың тегі алты алаштың бірі екенін меңзесе, екінші жол қазақ хандығы ыдырап елді жекелеген сұлтандар бастап қазақтардың Ноғай ордасына қарап кеткен кезін көрсетеді. Шумақтың үшінші, төртінші жолы құлауға айналған хандықтың елін еншілеп, жерін кеңейтіп алуға ұмтылған қырда қалмақтардың, ойда шайбанилықтар мен моғолстандықтардың әрекетінен көрініс береді. Бұл жоғарыда айтылған Хақназар бастаған қазақтардың төрт тарапта майдан ашып жүрген кезіне тұспа-тұс келеді. Және Ноғай ордасының орыс бодандығына қарап, Қазақ хандығынан біржола ірге ажыратқан кезінен хабар береді. Міне, қазақ жүздерінің де пайда болған кезі осы тұсқа келеді. Жырау жырлаған "''Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып тараған''", — деген жолдар осыған куә.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
{{Stub}}
{{wikify}}
{{Kazakh Khans}}
[[ru:Хак-Назар-хан]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A2%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BB_%D1%85%D0%B0%D0%BDТәуекел хан2011-10-28T19:13:16Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
'''Тәуекел хан'''<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref> - ([[1583]]-[[1598]] жылдары билік құрған) [[Шығай хан]]дың ұлы [[1586]]-[[1594]] жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол [[Мәскеу|Мәскеумен]] қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, [[1598]] жылы [[Орта Азия|Орта Азияға]] жаңа [[жорық]] жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде [[Тәуекел]] ауыр жараланып, [[Ташкент|Ташкентте]] қайтыс болды.
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығының]] тарихы [[Шығай|Шығайдың]] [[Абдаллах|Абдаллахқа]] өтіп кетуі, [[Тәуекел|Тәуекелдің]] одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы [[Ташкент]] көтерілісі, [[1594]]-[[1595]] жылдардағы [[Тәуекел]] [[Түркістан|Түркістанды]], [[Ташкент|Ташкентті]], [[Ферғана|Ферғананы]], [[Самарқанд|Самарқандты]] басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың [[Қазақ хандығы]] құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек [[Самарқанд|Қазақ хандығына]] ғана емес, [[Шайбанилік мемлекет|шайбанилік мемлекеттерге]] де елеулі ықпал жасады, өйткені [[Орта Азия|Орта Азиядағы]] әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. [[1582]] жылы [[Шығай хан]] өлгеннен кейін [[Тәуекел хан]] болды. [[Абдаллах|Абдаллахқа]] вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ [[1582]] жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда [[Тәуекел]] өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің [[Дешті Қыпшақ|Дешті Қыпшағына]] кетіп қалды» делінген дерек те бар.[[Тәуекел хан|Тәуекелді]] осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
{{Infobox Monarch
| name = Тәуекел хан
| title = Хан
| caption =
| reign = [[1583]]—[[1598]]
| coronation = [[1583]]
| othertitles =
| full name = Шығайұлы Тәуекел
| predecessor = [[Шығай хан]]
| successor = [[Есім хан]]
| suc-type =
| heir =
| queen =
| consort =
| issue =
| royal house = [[Орыс хан]] үйі
| royal anthem =
| father = [[Шығай хан]]
| mother =
| date of birth =
| place of birth =
| date of death =
| place of death =
| date of burial =
| place of burial =
| notes =
==Ташкент көтерілісі==
[[Тәуекел хан|Тәуекел]] Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, [[1586]] жылы [[Ташкент|Ташкентті]] алуға әрекет жасайды. [[Абдаллах]] ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, [[Тәуекел хан|Тәуекел]] [[Мауараннахр|Мауараннахрдың]] солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы [[Түркістан]], [[Ташкент]], тіпті [[Самарқанд]] сияқты қалаларды талқандады, [[Тәуекел хан|Тәуекел]] шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, [[Тәуекел хан|Тәуекелдің]] [[Ташкент|Ташкентті]] алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.[[Ташкент]] өңірінде болған [[1588]] жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде [[Хафиз Тыныш|Хафиз Тыныштың]] «''Шараф-наме – ий шахи''» және [[Мукими|Мукимидің]] «''Зафар - наме''» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. [[Ташкент]] көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол [[Орта Азия]] – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.Сол кезде қазақ сұлтандары [[Сауран]] билеушісі [[Ишанкелді]] аутаршы мен [[Наурыз би]] құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. [[1588]] жылғы оқиғалар содан кейінгі [[1598]]-[[1599]] жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, [[Шайбани]] әулетін [[Аштархани]] әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.Сонау [[1585]] жылы-ақ [[Абдаллах|Абдаллахқа]] дербес қарсы шыққан [[Тәуекел хан|Тәуекел]] бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. [[Тәуекел хан|Тәуекел]] [[1582]] жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. [[1596]] жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. [[Тәуекел хан|Тәуекелдің]] сол жылғы [[Ташкент|Ташкентті]] шабуын суреттей келіп, [[Ескендір Мұңшы|Ескендір Мұңшының]] өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды.
==Мәскеумен қатынас==
Тәуекелдің хан жағдайын [[1586]] және [[1594]] жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.[[1594]] жылы [[Тәуекел хан|Тәуекел]] өзін бодандығына қабылдауды өтініп, [[Федор патша|Федор патшаға]] [[Құл-Мұхамед|Құл-Мұхамедті]] елші етіп жіберді.Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, [[Құл-Мұхамед]] былай деп хабарлаған: «Ал қазір [[Бұхара]] патшасымен уақытша татумыз, ал [[ноғай|ноғайлармен]] бауырлардай татумыз, [[Тинехмат|Тинехматтың]] балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе [[Тәуекел хан]] «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған [[Орталық Қазақсстан|Орталық]] және [[Солтүстік Қазақсстан|Солтүстік Қазақсстанды]] мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір [[жоңғар]] рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.Сонымен қазақ елшілігінің алдында [[Ораз-Мұхаммед|Ораз-Мұхаммедті]] қайтаруға қол жеткізу және [[Абдаллах|Абдаллахқа]] қарсы күресте [[Мәскеу|Мәскеудің]] көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. [[1595]] жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап [[грамота|грамотасы]] тапсырылды, онда [[Тәуекел хан|Тәуекелге]] қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «''патша мен ханзадаларға оқ ататын қару''» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: [[Тәуекел хан|Тәуекел]] «''біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша [[Бұхара]] патшасымен және бізге опасыздық жасаған [[Cібір|сібір]] патшасы [[Көшім|Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар''».[[Тәуекел хан|Тәуекелдің]] елшілері [[Мәскеу|Мәскеуге]] [[Иран]] шахы [[Абдаллах|Абдаллахқа]] қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін [[Иран]] елшісін өздерімен бірге [[Тәуекел хан|Тәуекелге]] жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.[[Құл-Мұхаммед]] елшілігіне жауап ретінде [[1595]] жылдың наурыз айында [[Мәскеу|Мәскеуден]] [[Тәуекел хан|Тәуекел ханға]] тілмаш [[Вельямин Степанов]] жіберілді.
==Сауда байланысы==
Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. [[Қазақтар]] рынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін апарып отырды. [[Ресей|Ресейден ]] [[Орта Азия]] мен [[Сібір|Сібірге]] апаратын жол [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығының]] аумағы арқылы өтті. [[Тобыл]] қаласынан [[Орта Азия|Орта Азияға]] апаратын сауда жолы [[Ертіс]] өзені арқылы [[Есіл]] өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы [[Түркістан|Түркістанға]] дейін, сонан соң [[Сырдария]] өзені арқылы [[Бұхара|[[Бұхараға]] өтетін еді.
==Жаңа шапқыншылық==
[[1598]] жылы Тәуекел [[Шайбани]] ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді.Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде [[Түркістан|Түркістанды]], [[Ташкент|Ташкентті]], [[Ферғана|Ферғананы]] алды.[[1598]] жылы наурызда [[Абдолла хан]] қайтыс болып, [[Абдылһұмин хан]] болды. [[Иран]] шахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған [[Тәуекел хан]] шапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен [[Мауараннахр|Мауараннахрға]] басып кіріп, [[Ахси]], [[Әндижан]], [[Ташкент]], [[Самарқанд]] қалаларын басып алды. [[Тәуекел хан]] өзінің туысы [[Есім сұлтан|Есім сұлтанды]] 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен [[Бұхара|Бұхараны]] алуға аттанды. Қазақ әскерлері [[Бұхара|Бұхараны]] 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста [[Тәуекел хан]] ауыр жараланып, [[Ташкент|Ташкентке]] қайтып келіп қаза болды.
<ref>[[Қазақ Энциклопедиясы]], 8-том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,
2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
[[Санат: Туған жылы белгісіздер]]
[[Санат: Қайтыс болған жылы белгісіздер]]
{{Bio-stub}}
{{wikify}}
{{Kazakh Khans}}
[[ru:Тауекель-хан]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%BC_%D0%96%D3%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BDСалқам Жәңгір хан2011-10-28T18:47:49Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
{{Infobox Biography
|subject_name = Жәнгір хан
| image_name =
| image_size =
| image_caption =
| date_of_birth = белгісіз
| place_of_birth =
| date_of_death = [[1652]]
| place_of_death =
| occupation = [[Хан]]
| spouse =
'''Салқам Жәңгір''' Туған жылы белгісіз, 1652 жылы өлген. [[Есім хан|Есім ханның]] үлы. Ол хан тағына [[Есім хан]] өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның түсында [[Батыр Қонтайшы|Батыр қонтайшы]] басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығына]] үздіксіз шабуыл жасап түрды. Жөңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы [[Түркістан (қала)|Түркістанға]] таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан [[Бұхар Хандығы|Бүхар хандығымен]] одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға үмтылды. Мүның бөрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде [[Қазақ хандығы |қазақ хандығы]] мен [[Ойраттар|ойрат жоңғарлары]] арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және [[Сырдария|Сырдария өзені]] бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан түсында [[Қазақ хандығы|қазақтар]] мен [[Ойраттар|ойрат жоңғарлары]] арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635 жылы, екіншісі — 1643-1644 жылдары, үшіншісі — 1652 жылы. 1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне [[Батыр Қонтайшы|Батыр қонтайшы]] бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы түрды. Бүл үрыстың нақты нөтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның түтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып қүтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап түрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазак жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды түтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен [[Самарқан]] билеушісі [[Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы|Жалаңтөс Баһадүр]] келеді. [[Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы|Жалаңтөс Баһадүр]] қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бүл шайқаста жеңіске жетеді. [[Батыр Қонтайшы|Батыр қонтайшы]] шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске үшыраған жоңғарлар бүл рыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бүл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бүл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның үлдары [[Тәуке хан|Тәуке]] мен Апақ сүлтандарға жүктелді. 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мүқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, [[Сібір хандығы|Сібірдегі]] орыс қалаларынан кару-жарактар және оқ-дәрілер сатып алады.
1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске үшырап, Жәңгір хан қаза табады.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>
{{Kazakh Khans}}
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
[[Санат: Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
[[Санат: Қазақ хандары]]
{{Bio-stub}}
{{wikify}}
[[ru:Жангир хан]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%9A%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BDКерей хан2011-10-28T17:53:45Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
'''Керей хан'''<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref> Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 15 ғасырдың 70-жылдарының бас кезі) – [[Қазақ хандығы]]ның негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. [[Ақ Орда]] ханы [[Орыстың (Өріс)]] ұрпағы. Орыс ханнан [[Тоқтақия]], одан [[Болат]], одан Керей хан тараған.
[[“Тауарих-и гузида-йи нусратнаме”]] дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. [[Мұхаммед Хайдар Дулати|Мұхаммед Хайдар Дулатидың]] [[ “''Тарих-и Рашиди''”]] атты еңбегінде Керей хан туысы [[Жәнібек хан]]мен бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның [[[[Әбілхайыр]]]] хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы [[Шу]] бойы мен [[Қозыбасы]] өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы [[Жүніс хан]] иеліктерінің арасы болды.
{{Infobox Monarch
| name = Керей хан
| title = Хан
| caption =
| reign = [[1456]]—[[1473]]
| coronation = [[1456]]
| othertitles =
| full name = Болатханұлы, Керей
| predecessor = [[Барақ хан]]
| successor = [[Әз-Жәнібек хан]]
| suc-type =
| heir =
| queen =
| consort =
| issue =
| royal house =[[Орыс хан]] үйі
| royal anthem =
| father =[[Болат сұлтан]]
| notes =
==[[Мұхаммед Хайдар Дулати]] «''Тарих-и Рашиди''» атты еңбегінде былай дейді:==
''Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол [[Жошы]] әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары [[870]] жылдары ([[1465]]-[[1466]]) билей бастады…''
==Билік жылдары==
Соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген аңыз мәліметтері бойынша, Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен [[1457]] жылдың күзінде [[Шу]] өңіріне көшіп келген. Ал [[1458]] жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуімен Көшпелі өзбектер мемлекетінде ыдырау процесі басталады. [[Әбілхайыр хан|Әбілхайыр ханға]] наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді. Керей хан мен [[Жәнібек хан]]ның арқасында [[Есенбұға хан]] ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс [[1461]]-[[1462|62]] жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды. [[1461]]/[[1462|62]] –[[1469]] жылдары Моғолстан ханы [[Досмұхаммед]]тің мәнсіз, мағынасыз жүргізген саясаты салдарынан Керей хан [[Жүніс|Жүніске]] қолдау көрсете бастайды. Ақыры, [[1469]] жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін, [[Моғолстан]]дағы билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді. Керей хан тұсында негізі қаланған [[Қазақ-Моғолстан]] қатынасы 16 ғаысрдың 30-жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан Керей хан мен [[Жәнібек хан]] ықпалының күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде талқандау мақсатымен 1468/69 жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан ауырып, қайтыс болады да, әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайыр ханның қарсыластары – [[Ахмет]] пен [[Махмұт]] хандар, ноғай мырзалары [[Мұса]] мен [[Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ]], шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады. “''Тауарих-и гузида-йи нусратнаме''” дерегінде қазақ хандары ретінде Керей хан мен Жәнібектің есімдері аталса, “''Фатхнама''”, “''Шайбанинаме''” деректерінде тек қана Жәнібек ханның есімі кездеседі. Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет [[1472]] – [[1473|73]] жылдары, [[Жүніс]] хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның шабуыл жасауына байланысты аталады. Соған қарағанда Керей хан [[1470]] жылдың бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.
==Қайтыс болуы==
Керей хан ның қандай жағдайда, қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ. Керей ханның үш баласы болды. Олар: [[Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед]] және [[Сұлтан Әлі]]. Олардың ішінде 30 жылдан астам Қазақ хандығын билеген [[Бұрындық хан]]нан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.
==Дерeктерде кездесуі==
Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет [[1472]]—[[1473|73]] [[Сырдария]] жағасындағы қалалар үшін [[Моғолстан]] ханы [[Жүніс хан|Жүністің]] ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады.
Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы [[Бұрындық хан|Бұрындыққа]] бергені туралы, Керей ханның [[Өзбек ұлысы|Өзбек ұлысын]] басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан [[1472]]—[[1473|73]] жылдары оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.
==Өзгерістер==
[[Әбілқайыр хан]] өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мүрагері [[Шейх-Хайдар]] ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бүдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның түқымдары — Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті, олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де "''Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі''" саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға "''Көшпелі өзбектер мемлекеті''" атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында "қазақтар" деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күресе келе, Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.XV ғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. [[Жәнібек хан]] мен [[Керей хан]] [[Жетісу]] өңірі, [[Шу]] мен [[Талас]] өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет [[1473]] жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
== Шығармалары: ==
*Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ вв. (‘’Извлечение из персидских и тюркских сочинений’’). Составители: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин, А.-А., [[1969]];
*Мирза Мухаммед Хайдар, «Тарих-и Рашиди», Введ., пер. с персидского А. Урунбаева, Р.П.Джалиловой, *Л.М. Епифановой. Таш., [[1996]];
*Султанов Т.И., Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. А., [[2001]];
*Елеуұлы М., Шу өңірі: аңыз бен тарих ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. ғ3.
<ref>[[Тараз Энциклопедиясы]]</ref>
== Пайдаланған әдебиет ==
<references/>
== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.tarih.spring.kz/ru/history/medieval/figures/kerei_zhanibek/ Тарих]
* [http://wap.history1997.f.qip.ru/?1-11-80-00000036-000-0-0/ Керей хан]
{{Kazakh Khans}}
[[Санат:Туған жылы белгісіздер]]
[[Санат:1470 жылдары қайтыс болғандар]]
[[ru:Керей-хан]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%9A%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D1%85%D0%B0%D0%BDКенесары хан2011-10-28T17:52:59Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
{{Infobox writer
| name = Кенесары Қасымұлы
| image = Ulyhanblack.jpg
| caption = Кене хан бейнесі
| birthdate = [[1802]] жылы
| birthplace = [[Көкшетау]] өңірі, [[Қазақстан]]
| deathdate = [[1847]] жылы
| deathplace = [[Жетіжал жотасы]], [[Қырғызстан]]
| occupation =
| genre =
| movement =
| magnum_opus =
| influences =
| influenced =
| website =
| footnotes =
'''Кенесары Қасымұлы''' (1802, [[Көкшетау]] өңірі – 1847, [[Қырғызстан]], [[Жетіжал жотасы|Жетіжал жотасының]] оңтүстік алабындағы [[Кекілік-Сеңгір аңғары]]) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1947 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығының]] соңғы [[хан|ханы]] (1841 – 1947). Кенесары [[Шыңғыс хан|Шыңғыс ханның]] 27-ұрпағы, [[Абылай хан|Абылай ханның]] [[немере|немересі]].
==Балалық шағы==
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында [[Петр І]] билігі кезеңінен басталған [[Ресей]] мен [[Қазақ хандығы]] арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан К. санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты К. Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты.
Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің нұсқауымен К-ның бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза тапты. К. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор ген.-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір ген.-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде К. жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. К-ның қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа, Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б. руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. К-ның жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай шайқасты. Әскери қимылдар 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. К. соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте К. үш жүздің өкілдері жиынында қазақ хал¬қының ханы болып сайланды. Осы жылы К-ның әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі К-ға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. К-ның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау К. сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста К. қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. К. бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан К. мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. К. айуандықпен өлтіріледі. Жау¬лары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков К-ның басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.
==Кенесары туралы ақын-жазушылар шығармалары==
[[Сурет:Eskertkishanga.jpg|Астана қаласындағы Кенесарының ескерткіші|200px|thumb]]
К. қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. К-ның өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 ж. сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғ-дың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 ж. «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан К-ның баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында К-ның күрес жолына іргелі ғыл. зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. К. тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев, т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 ж. К-ның туғанына 200 жыл толуына орай халықар. ғыл. конференция өтті. Астана қ-нда К-ға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көше бар.
''Б. Орынбекұлы''
{{Infobox Biography
|subject_name = Кенесары Қасымұлы
| image_name =
| image_size =
| image_caption =
| date_of_birth = [[1801]]
| place_of_birth =
| date_of_death = [[1847]]
| place_of_death = [[Томақ]]
| occupation = [[Қазақ ханы]]
| spouse =
'''Кене хан''' ('''Кенесары Қасымұлы, Кенесары Қасымов, Кенесары хан, хан Кене''') — Қазақ хандығының ең соңғы ханы. [[1841]]—[[1847|47]] жж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық [[Ресей|Ресейге]], [[Қоқан Хандығы|Қоқан]] және [[Хиуа хандығы|Хиуа]] хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.
Ол өзінің тегі жағынан [[төре]] тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы [[Абылай хан|Абылай]]. Арғы аталары [[Шыңғысхан|Шыңғысханның]] [[Жошы хан|Жошы]] деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянының қызы Топыштан [[Қасым сұлтан]] туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы
1822 жылы Ресей өкіметі [[Кіші жүз]] бен [[Орта жүз|Орта жүздегі]] хандық билікті жойып, [[Аға Сұлтан|аға сұлтан]] мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
== Көтеріліс ==
[[1827]] жылдан бастап [[Абылай хан|Абылайдың]] ұрпақтары қазақ хандығын патшалық [[Ресей]] езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі [[Қасым хан|Қасым]] мен үлкен ағасы [[Саржан Қасымұлы|Саржан]] бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.
Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін [[1838]] жылы көктемінде [[Ақмола]] бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен [[Ақмола]] аумағының [[Аға Сұлтаны|аға сұлтаны]] [[Құдаймендин, Қоңырқұлжа|Қоңырқұлжа Құдаймендин]] төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді [[Торғай|Торғайға]] бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін [[Ресей]] шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты [[1836]]—[[1838|38]] жж. [[Тайманұлы, Исатай|Исатай Тайманұлы]] бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен [[Кіші жүз|Кіші жүзді]] жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды.
== Ақ киізге көтерлуі ==
[[1841]] жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
[[1841]] жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген [[Жүлек]], [[Ақмешіт]], [[Жаңақорған]], [[Созақ]] қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің [[1844]]—[[1845|45]] жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.
[[1846]] жылы [[Ресей]] жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны [[Кіші жүз|Кіші]] және [[Орта жүз|Орта]] жүздер аумағынан ығыстырды.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде {{formatnum:20000}} адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол [[18 ғ.]] соңы мен [[19 ғ.]] басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.
== Хандықтың құлдырауы ==
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. [[1843]] жылы шілденің 27 [[Николай І|І Николай]] империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары [[1843]]—[[1844|44]] жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары [[қырғыздар|қырғыз]] жеріне шекаралас [[Ұлы жүз|Ұлы жүздің]] аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары [[Томақ]] маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
== Сілтемелер ==
* [http://abai.kz/content/ergali-bakash-khan-kenenin-rukhy-askaktagan-k-n Хан Кененiң рухы асқақтаған күн]
{{Kazakh Khans}}
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:1802 жылы туғандар]]
[[Санат:1847 жылы қайтыс болғандар]]
{{Bio-stub}}
{{wikify}}
[[az:Kenesarı xan]]
[[ru:Кенесары Касымов]]
[[uk:Кенесари]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%95%D1%81%D1%96%D0%BC_%D1%85%D0%B0%D0%BDЕсім хан2011-10-28T17:28:16Z
BolatbekBot: Robot: Fixing wiki syntax
{{Infobox Monarch
| name = Есім хан
| title = Хан
| image =
| caption =
| reign = [[1598]]—[[1628]]
| coronation = [[1598]]
| othertitles =
| full name = Шығайұлы Есім
| predecessor = [[Тәуекел хан]]
| successor = [[Есімұлы Жәнібек хан|Жәнібек хан]]
| suc-type =
| heir =
| queen =
| consort =
| issue =
| royal house = [[Орыс хан]] үйі
| royal anthem =
| father = [[Шығай хан]]
| mother =
| date of birth =
| place of birth =
| date of death =
| place of death =
| date of burial =
| place of burial =
| notes =
[[Сурет:Есім хан.jpg|thumb|Есім хан]]
'''''Есім хан'''''<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref> — ([[1598]]—[[1628]]) билік құрған.Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ [[1598]] жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Қазақта "''Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол''" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен [[Әз Жәнібек]] негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, [[Жетісу|Жетісуда]] [[дулаттар]], [[жалайырлар]], албан, суан, наймандар, тағы бсқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына [[Есенбұға]] хан [[Шу]]-[[Ӏле]] тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, [[Шу|Шу бойында]] [[Хантау|Хан тауы]], хандар құс салған [[Cұңқар шыңы]] алыстан ұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтерген [[Қазақ хандығы]] жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында [[Әмір-Темір]] әулеті билеп тұрған [[Сырдария ]] мен [[Әмудария]] арасындағы күшті [[мемлекет]] [[Мауреннахр|Мауреннахрдан]], солтүстігінде [[Сібір хандығы|Сібір хандығынан]] қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.
==Хан болу жолы==
Қалайда [[Керей]] мен [[Жәнібек]] Қазақ хандығының туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң билік Қасым ханның қолына тиді. Ол мұсылман дінінде болғанмен отырықшы елдердегі тәртіп, заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті түрмыс- тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң-тәртіп орнатты. "[[Қасым салған қасқа жол]]" дейтініміз сол. Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту- тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нәтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау [[Жайық]] жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы [[Мұхаммед Шайбани|Мухаммед Шайбаниді]] тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан. Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан.[[1523]] жылы Қасым хан өлгеннен кейін оның мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, [[Хақназар]] тұсында (Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар (Ақназар) "''қазақтар мен қырғыздардың патшасы''" аталған. Сол тұста ыдырай бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен бірге [[Кіші жүз]] — [[Алшын|Алшын одағына]] енген тайпалар түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. Тіпті [[Ноғай ордасы|Ноғай ордасының]] астанасы Сарайшық қаласы да Хақназарға қарағанын айта кету керек. Әйтсе де сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық екені анық. [[Ташкент]] билеушісі [[Баба сұлтан]] астыртын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен қоса өлтіртіп жіберген. Екі жыл өткен соң Баба сұлтанның да басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған.
Тәуекелден кейін тарих сахнасына [[1598]] жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "''Еңсегей бойлы Ер Есім''" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен [[Самаркант|Самаркантты]] билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында [[Бухара]] хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бүған бірнеше себеп бар.
==Билігі==
Хан тағына отырған соң [[Бұхара|Бұхарамен]] бітім-шартын жасасып, [[Орта Азия]] қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «''Есім ханның ескі жолы''» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, [[Түркістан]] қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы [[Яркен]]т хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал [[Тұрсын]] [[Мұхаммед]] хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, [[1627]] жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.
==Тапқырлығы==
Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Европаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар. Әйгілі тарихшы Мүхаммед Хайдар Дулати: "''Қазақ хандығы мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес''" — деп тегін жазбаса керек
==Тұрсын ханның өлуі==
Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан абыройын іштей қызғанып жүретін Тұрсын [[Бұхара]] ханының ниетін тез түсініп, [[Сырдария]] жағасында екеуі астыртын келіссөз жүргізеді де, Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл кезде моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының өзара қырқысуын тыю үшін шығыс аймақтарда жүрген.Тұрсын ханның түп атасы түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мүхаммед- сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім ханның туысы делінген. [[Махмуд Уәли]] "''Бахр Ал-аср''" атты еңбегінде: "''Ол Жалым сұлтанның баласы еді''", — дейді. Жалымды екі ұлымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, Ташкент билеушісі Баба сұлтан өлтірген. Бұл зұлым өзінің қайын атасы, қазақтың ұлы ханы [[Хақназар|Хақназарды]] да екі ұлымен қоса жансыздары арқылы жайратқанын білеміз. Ал Жалым сұлтан қайдан шықты — ол жағы тағы мәлімсіз. Кейбір зерттеушілер [[Әз Жәнібек хан|Әз Жәнібек ханның]] ұлы [[асым хан|Қасым ханның]] баласы болуы мүмкін дегенді айтады. Енді біреулер [[Шығай хан|Шығай ханның]] әрпағы, яғни Есім ханның туысы етіп көрсетеді.Қалай дегенмен Тұрсын сол тұста [[Ташкент|Ташкентті]] билеп, күллі қазаққа хан болуды армандап жүрген. Бірақ жолында Еңсегей бойлы Ер Есім тұр. Тұрсын жалғыз Ташкентте емес, [[Біскент]], [[Түркістан]], кейде [[Сауран]], [[Әндіжан]], [[Шахрухийя]] сияқты үлкенді-кішілі қалаларға да қожалық ететін. Есім ханмен бірігіп соғысқанда өзінен әлденеше рет жеңілген Имамқұли көмектесем деген соң үміт оты жана бастағанды. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы [[Төлеген]] ([[Марқасқа]]) жырау оны мынадай жырмен оятады:
<poem>
''Ей, Қатаған хан Тұрсын!''
''Кім арамды ант ұрсын.''
''Жазықсыз елді жылатып,''
''Жер тәңірісің, жатырсың,''
''Хан емессің қасқырсың,''
''Қара албасты басқырсың!''
''Алтын тақта жатсаң да''
''Қазаң жетті қапылсың!''
''Еңсегей бойлы ер Есім,''
''Есігіңе келіп тұр,''
''Шашқалы тұр қаныңды,''
''Кешікпей содан қатарсың!''
</poem>
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
Бұл туралы болашақ [[Хиуа ханы]] және танымал тарихшы [[Әбілғазы]] былай деп жазады:
''"Мен қазақтардың ішіне бардым. (''Бұл — [[1625]] жыл шамасы''). Түркістандағы Есім ханның сарайында үш ай тұрдым. Бұл кезде қазақтардың үлкен ханы Тұрсын еді. Ол Түркістанға Ташкенттен келді. Есім хан мені үйде қалдырып, Тұрсынмен кездесуге кетті. Тұрсын ханмен сөйлескен соң Есім мені өзімен бірге алып жүріп, ханға таныстырды да, былай деді: "Мынау Жәдігер ханның ұрпағы — Әбілғазы. Бұған дейін бізге ол әулеттен ешкім қонаққа қелмеп еді, ал біздің кісілер бұларға талай барған. Енді сіздің қасыңызда болғаны жөн деп білемін". "Жарайды, — деді Тұрсын хан, — айтқаның болсын". Ол өзімен бірге мені Ташкентке алып жүрді. Ташкентте, Тұрсын ханның жанында екі жыл болдым. Екі жыл өткен соң Есім Тұрсынды өлтіріп, оның қатағандарын қырып тастады. Сонда мен Есім ханға былай дедім: "Мен сіздер жаққа екі ханнан маған қандай пайда тиер екен деп келіп едім, ал өздеріңдегі жағдай мынау. Енді маған Бұхараға, Имамқұли ханға аттануыма рұқсат етіңіз". "Жарайды, — деп жауап берді Есім хан, — жүре бер". Мен Имамқұли ханға қарай аттанып кеттім"''.
==Тарихи деректер==
Қазақ сұлтандарының өзара қырқысы және Тұрсын ханның өлімі жайында Махмуд Уәлидің "Бахр Ал-аср" атты кітабының алтыншы томындағы төртінші бөлімінде мынандай баяндаулар бар: "''Сол жылдары, яғни 1036 хижрада (1626- 27-жылдары) Есім сұлтан қалмақ жұртын шаппақ болды. Ол өз туының астына барша алаштан және ұлыстың басқа да бағынышты тайпаларынан, сондай-ақ, [[Тұрсын сұлтан|Тұрсын сұлтанға]] сүйеу болған қатағандардан да әскер жинап, [[Моңғолстан]] шетіндегі қалмақ мекен-жайларына ойран салды. Сол уақытта өзінің негізгі саяси бақталасын құрту кезегін көздеп жүрген Тұрсын сұлтан Түркістан маңайындағы Есім ордасын ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін әскер жасақтады. Жасақ жауынгерлері ордаға басып кіріп, талай адамды өлтірді. Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын барша жасау-жабдығымен Ташкентке алып кетті. Бұл табысқа масаттанған Тұрсын енді Есім ханның көзін жою қамына кірісті. Мақсаты — күтпеген жерден соқтығып, өзін жол үстінде ұстау. Осындай зұлым оймен ол өз әскерін бастап, Есім сұлтанның алдынан шықты. Екі жақ Сайрам маңайында бетпе-бет келіп, "шайқас отын тұтатты". Тұрсын сұлтанның әскері жеңіліп, Ташкентке қарай шегінді''".Тарихи деректерде [[Ташкент]] түбіндегі екінші шайқаста Тұрсынды өзінің жақындары өлтірді делінген. Есім хан Тұрсынның басын кесіп, [[Имамқұли]] ханға жібереді. Өзінің бақталасы, опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма, өлде Есімханның өзінен қорықты ма — Бұхара ханы оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы қорғаны бар ауыл-мекендерді "сыйлаған".
Тұрсын өлген соң екінші рет ұлы хан болып қайта сайланған Есім сол заманның қатал салты бойынша өзіне қарсы шыққан қатаған тайпасын аямай жазаласа керек. Замандасы [[Махмуд ибн Уәли|Махмуд ибн Уәлидің]] жазуына қарағанда, Есім де көп ұзамай, өз ажалынан өледі.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Денесі [[Қожа Ахмет Йассауидің мешіті]] маңайына жерленген. Кезінде моласының үстіне шағын да болса айрықша кесене орнатылса керек, бүгінде ол жермен-жексен болып жатыр. Егеменді мемлекетіміздің жағдайы жақсарып, қаражат жиналса, Есім сияқты елім деп еңіреген ердің басына орнатылған сол кесенені қалпына келтірген жөн.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 </ref>
{{Kazakh Khans}}
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
{{Bio-stub}}
{{wikify}}
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:1598]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D2%AE%D1%88%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81Үштік байланыс2011-10-14T14:18:40Z
BolatbekBot: Бот: Санат:Термин дегенді түзетті
[[Сурет:Covalent-Ru.svg|thumb|150px|Үштік байланыс]]
'''Үштік байланыс''' — екі [[атом]] арасында үш рет [[электрон]] жұптасуынан пайда болатын химиялық [[ковалентті байланыс]]. Ол бір [[сигма]] (σ) және екі [[пи]] (Π) байланыстан тұрады. Байланысқан екі [[ядро]] арасындағы электрондардың орналасуы [[симметрия|симметриялы]] болады. Химиялық қосылыстардың құрылымдық өрнектеріндегі [[атом|атомдардың]] арасындағы үштік байланыстар үш [[валентті]] сызықшамен белгіленеді: N·N, C·C, C·N. Егер үштік байланысың бір немесе екі байланысы [[донор]]-[[акцептор|акцепторлық]] жолмен түзілсе (А·В, А·В) [[квази]] үштік байланыс деп аталады; қара [[Валенттік]], [[Химиялық байланыс]].
==Сілтемелер==
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
{{wikify}}
[[Санат:Химия]]
[[Санат:Терминология]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D1%80%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%85%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8BАртық Сарыханұлы2011-10-13T20:45:53Z
BolatbekBot: Бот: Санат:А дегеннен аластатты
'''Артық сарыханұлы ''' (шамамен 11 ғ-дың 2-жартысы — 12 ғ-дың 1-жартысы) — қыпшақ ханы, әйгілі қолбасы, батыр. Орыс жылнамаларында “половецтердің Шарухан (Сарыхан) әулетінен шыққан Отрок хан” деп те аталады. Ержүрек қыпшақ жауынгерлерін әлем патшалары өздерінің таңдаулы әскери жасағына айналдыру дәстүрі әбден орныққан заманда Мысыр, Византия, Венгрия, Еуропа мен Азия елдерінің билеушілері қыпшақтарды қалқан етіп ұстап, қаһарлы күш ретінде пайдаланды. Кезінде Батысқа жөңкіген қыпшақтар 1116 ж. Еділді бетке алып ежелгі қонысына қайта жылжығанда А. хан Дөң (Дон) өз. аймағында жауға тосқауыл жасады, Киев князі Вл. Мономахтың әскерімен кескілескен ұрыс жүргізді. 1118 ж. Грузия (Гүржістан)патшасы Давид ІV-нің (Дәуіт, Давид — құрылысшы) арнайы шақыруымен қыпшақ ханы А. 45 мың атты әскермен Қап тауына келіп, Гүржістанды басқыншылардан азат етті. 1112 ж. Дидгори айқасында А-тың 45 мың сарбазы Дәуіттің 15 мың әскерімен бірігіп, 300 мыңдық парсы қолына соққы берді. Грузиндер тарихында айрықша орын алған осы шайқастың нәтижесінде Грузия ұлттық тәуелсіздік алды. А. Тұрантоқты атты қызын Дәуітке берді. А. хан Қап тауында 8 жыл тұрып Дешті Қыпшаққа қайтты. “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деген сөз А-тан қалғандығы жөнінде деректер бар. А-тың баласы Қоншақ орыстың “Игорь полкы туралы жырындағы” басты тұлғалардың бірі. Әдеб.: Гамсахурдиа К., Давид строитель, Тбилиси, 1974; Сүлейменов О., АЗИЯ. Ізгі ниетті оқырман кітабы, А., 1992; Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1993.
[[Санат:Қазақ ұлттық энциклопедиясы]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D1%80%D1%8B%D0%BD%D2%93%D0%B0%D0%B7%D1%8B_%D1%85%D0%B0%D0%BDАрынғазы хан2011-10-13T19:30:47Z
BolatbekBot: Бот: Санат:А дегеннен аластатты
'''Арынғазы Абылғазыұлы''' (1785 — 1833) - [[Кіші жүз]] ханы, [[Қайып хан|Қайып ханның]] немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін [[шекті]], [[жаппас]], [[арғын]], [[Алтын руы|алтын]], т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған. Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. [[Шерғазы|Шерғазымен]] тайталасып, оны хаңдықтан ығыыстыруға ұмтылған. [[Хиуа]] ханы [[Мұхамед-Рахым|Мұхамед-Рахыммен]] тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті ньгғайту, [[Орта жүз]] бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған [[ислам діні|ислам дінін]], мұсылмандық құқықты, [[шариғат|шариғатты]] тірек ету. Сөйтіп, ол [[би|билер]] мен [[старшын|старшындарды]] ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріққен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтынды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен. Шерғазының соңынан [[Петербург|Петербургқа]] барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан оз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын кеңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, [[Деулеткерей]], т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті. «Арынғазы» күйі облыс домбырашыларының репертуарында кең орын алған. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>
==Пайдаланған әдебиттер==
*Тереньтев М.А., История Средней Азии. т. 1. СПб, 1906
*Крафт И., Сборник узаконий о киргизах степных областей, Оренбург, 1898
<references>
{{stub}}
{{wikify}}
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BDАбылай хан2011-10-13T17:50:32Z
BolatbekBot: Бот: Санат:А дегеннен аластатты
{{Infobox Biography
|subject_name = Абылай хан
| image_name = Abylai.jpg
| image_size = 400 px
| image_caption = Абылай хан
| date_of_birth = 1711
| place_of_birth =
| date_of_death = 1781
| place_of_death =
| occupation = Қазақ ханы
| spouse =
'''Абылай (Әбілмансұр) хан''' — ([[1533]]—[[1537]]) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның '''бесінші ұрпағы'''. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем ''Уәли'' туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
== Өмірбаяны ==
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, '''1730-33''' жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. [[Аңырақай шайқасы|Аңырақай шайқасына]] қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау '''«Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...»''' деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: [[Қаракерей Қабанбай]], [[Қанжығалы Бөгенбай]], [[Шақшақ Жәнібек]], [[Қарақалпақ Қылышбек]], [[Шапырашты Наурызбай]] т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім [[Тәуке хан|Әз-Тәуке ханның]] немересі [[Әбілмәмбет хан|Әбілмәмбет ханнан]] өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы [[А.И.Левшин]]: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
[[Сурет:Абылай Хан.jpg|right|300px]]
== Хан тұсындағы сыртқы саясат ==
[[1738]]-[[1741]] ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. [[1742]] ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен [[Төле би]] бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, [[1743]] ж. 5 [[Қыркүйек|қыркүйекте]] Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында [[Орта Азия хандықтары|Орта Азия хандықтарына]] қарсы тынымсыз күрес жүргізді. [[1765]] — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.
[[Сурет:KazakhstanP13-100Tenge-1993-donatedoy f.jpg|thumb|right|275px]]
Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі [[1744]]ж. Әбілмәмбеттің [[Түркістан|Түркістанға]] көшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай [[1745]] ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және [[Барақ сұлтан]] қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. [[1749]]ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
[[Сурет:Stamp of Kazakhstan 543.jpg|right|200px]]
Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. [[1752]]ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. [[1753]]ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың [[шілде]]-[[тамыз]] айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде [[Қалдан Серен|Қалдан Серенмен]] бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай [[1755]], [[1765]] жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында [[Орта Азия хандықтары|Орта Азия хандықтарына]] қарсы тынымсыз күрес жүргізді. [[1765]]-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде [[Түркістан]], [[Сайрам]],[[ Шымкент]] қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл [[1771]]ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан [[Әбілқайыр хан|Әбілқайыр ханды]] өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
[[1771]] жылы жасы жеткен [[Әбілмәмбет хан]] дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
[[Сурет:Abylai khan.jpg|right|200px]]
Абылай [[Ресей]] мен [[Қытай империялары|Қытай империяларының]] арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, [[Орта Азия]] мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы [[Ахмад Дуррани|Ахмад Дурранимен]] келіссөз жүргізді. [[Түркия|Түркияға]] елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында [[Петропавл]] бекінісіне барудан бас тартты. [[Пугачев соғысы]] кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол ''«Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық»'' т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, [[Арыс өзені]] жағасында қайтыс болды. Сүйегі [[Түркістан қаласы|Түркістан қаласындағы]] [[Қожа Ахмет Иасауи кесенесі|Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің]] ішінде [[Қабырхана]] мен [[Ақсарай]] арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
== Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!» ==
Абылай хан - 300
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.
Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.
Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы [[Мәскеу мұрағаты|Мәскеу мұрағатынан]] табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.
Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, [[Қалдан Серен]] тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.
Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген [[генерал-губернатор]] Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді.
Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.
[[1742]] жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».
1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте».
Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.
Абылай хан Орынборға [[1740]] жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ.
Міне, осындай хаттың бірін [[1745]] жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші [[Иван Неплюев]] Абылай сұлтанға жіберіпті:
«...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.
...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті.
[[1745]] жылы 7 мамырда жүзбасы [[Яков Ерофеев]] арқылы [[полковник Павлуцкий|полковник Павлуцкийге]] Абылай хан мынадай хат жіберіпті:
«Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды».
Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.
1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы.
Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті.
Абылай осылайша үш ([[Ресей]], [[Жоңғар]], [[Қытай]]) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.
Қазақ халқының аса көрнекті ақыны [[Мағжан Жұмабаев]] ''«Батыр Баянда»'' Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:
''«Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».''
1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губернаторы, құпия кеңесші Давыдовқа және [[генерал-майор Тевкелев|генерал-майор Тевкелевке]], Сібір губернаторындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері [[граф Воронцов|граф Воронцовтың]] жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті.
Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын [[1743]] жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз.
Хаттың 74-бетінде былай депті:
«...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - [[ақ патша]] ханымның атынан биылғы [[1759]] жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың [[Кіші Орда|Кіші Ордасының]] [[Нұралы хан|Нұралы ханының]] жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі [[Ноян Шеренде|Ноян Шерендеге]]. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қасиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ.
[[File:Кокшетау.jpg|thumb| left| alt=A.| ''[[Көкшетау]] қаласы [[Абылай Хан]] алаңы''.]]
...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отырған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек.
Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ».
Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді.
Осы хаттың жалғасында және былай депті:
«...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мысалындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды».
Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен.
Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.
Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде [[Әбілмәмбет хан]], атақты [[Малайсары бил|Малайсары билер]] Абылайға қысым жасап, ол екеуі [[Лама Дорчжи|Лама Дорчжиге]] қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.
Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді [[Санкт-Петербург|Санкт-Петербургтің]] орталық кітапханасынан алған [[В.В.Вельяминов-Зернов|В.В.Вельяминов-Зерновтың]]: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және [[Әбілқайыр хан]] өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «[[Лама Дорчжи]] [[1750]] жылы [[мамыр]] айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.
Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған [[Даваци]] өзінің жиендерімен, [[Амурсана]] мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма?
1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен [[ Қашқария]] жерінде (1,0 млн.қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (басқарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мерген батыр - 2000 сарбазбен, [[Көкжал Барақ батыр]] (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; [[Қаракерей Қабанбай|Қаракерей Қабанбай батыр]] - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай батыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты).
1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-майор және Сібірдің шекаралық әскери бас командирі Иван Иовемарнға жазған хатында былай депті:
«19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда [[Зенгор хандығы|Зенгор хандығының]] жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы [[Қалдан Серен]] Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды».
Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбасшысы, [[полковник Родестен]] генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті:
«...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға дейінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абылай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді.
Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:
... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына байланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді.
Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында [[Қызылжар]], [[Көкшетау]], [[Кереку]], [[Зайсан]], [[Семей]], [[Өскемен]], тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар.
Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. [[Әбілқайыр]] тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті.
Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...
Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор [[Иван Реннедорф]]ке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:
«...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.
Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді.
Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.
Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.
Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті деген мағынада - Б.Н.).
Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады дегенді аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».
Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.
Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық.
«Құпия хат.
Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:
1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша?
2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім?
3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген?
4. Ресейге шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары бар ма? Егер болса, не үшін?
5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша?
6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған жерлері жоқ па?
7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?
8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?
9. Батырларды сыртынан бақылау керек.
10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. [[Ресей]] туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».
Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің айдауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.
Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.
Абылайдың Ресеймен карым-қатынасының сан қырын бір мақалада толық ашып беру мүмкін емес. Сол елдің мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар негізінде құрастырылған менің 2 томдық «Абылай хан» атты кітабымнан, биыл Алла бұйыртса, баспадан шығатын 3-ші томынан Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хаттарымен қалың жұрт танысады деген үміттемін.
Болатбек Нәсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
==Тарихи жыр==
'''Абылай хан''' - тарихи [[жыр]]. Жыр [[Қытай|Қытайдың]] [[Шыңжаң]] аймағында тұратын казақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны [[Шерияз|Шерияздан]] Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын "Ұлттар" баспасынан жарық көрген 4 томында ([[1985]]), одан кейін "Абылай хан" атты кітапта (А., [[1993)]], "Казак халык әдебиеті" көптомдығының 1- ші томында ([[1995]]) жарияланды.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3 </ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://abai.kz/content/abylai-khan-eshkandai-baraby-tatarlaryn-estigen-emespin-bilmeimin-zher-bizdiki Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»]
* [http://kokshetau.online.kz/history/abylai.htm/ Абылай хан]
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
{{Stub}}
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]]
{{Kazakh Khans}}
{{wikify}}
[[Санат:Саясат]]
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:1711 жылы туғандар]]
[[Санат:1781 жылы қайтыс болғандар]]
[[Санат:Ислам]]
[[de:Ablai (Khan)]]
[[en:Ablai Khan]]
[[ja:アブライ・ハーン]]
[[ru:Абылай хан]]
[[simple:Ablai Khan]]
[[uk:Абу аль Мансур Аблай хан]]
[[zh:阿布賚]]
BolatbekBothttp://kk.encyclopedia.kz/index.php/%D0%9A%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D1%85%D0%B0%D0%BDКенесары хан2011-09-28T22:48:22Z
BolatbekBot: Bot myna ulgini ozgertti:Infobox Writer
{{Infobox writer
| name = Кенесары Қасымұлы
| image = Ulyhanblack.jpg
| caption = Кене хан бейнесі
| birthdate = [[1802]] жылы
| birthplace = [[Көкшетау]] өңірі, [[Қазақстан]]
| deathdate = [[1847]] жылы
| deathplace = [[Жетіжал жотасы]], [[Қырғызстан]]
| occupation =
| genre =
| movement =
| magnum_opus =
| influences =
| influenced =
| website =
| footnotes =
'''Кенесары Қасымұлы''' (1802, [[Көкшетау]] өңірі – 1847, [[Қырғызстан]], [[Жетіжал жотасы|Жетіжал жотасының]] оңтүстік алабындағы [[Кекілік-Сеңгір аңғары]]) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1947 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығының]] соңғы [[хан|ханы]] (1841 – 1947). Кенесары [[Шыңғыс хан|Шыңғыс ханның]] 27-ұрпағы, [[Абылай хан|Абылай ханның]] [[немере|немересі]].
==Балалық шағы==
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында [[Петр І]] билігі кезеңінен басталған [[Ресей]] мен [[Қазақ хандығы]] арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан К. санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты К. Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты.
Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің нұсқауымен К-ның бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза тапты. К. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор ген.-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір ген.-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде К. жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. К-ның қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа, Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б. руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. К-ның жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай шайқасты. Әскери қимылдар 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. К. соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте К. үш жүздің өкілдері жиынында қазақ хал¬қының ханы болып сайланды. Осы жылы К-ның әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі К-ға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. К-ның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау К. сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста К. қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. К. бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан К. мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. К. айуандықпен өлтіріледі. Жау¬лары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков К-ның басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.
==Кенесары туралы ақын-жазушылар шығармалары==
[[Сурет:Eskertkishanga.jpg|Астана қаласындағы Кенесарының ескерткіші|200px|thumb]]
К. қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. К-ның өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 ж. сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғ-дың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 ж. «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан К-ның баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында К-ның күрес жолына іргелі ғыл. зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. К. тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев, т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 ж. К-ның туғанына 200 жыл толуына орай халықар. ғыл. конференция өтті. Астана қ-нда К-ға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көше бар.
''Б. Орынбекұлы''
{{Infobox Biography
|subject_name = Кенесары Қасымұлы
| image_name =
| image_size =
| image_caption =
| date_of_birth = [[1801]]
| place_of_birth =
| date_of_death = [[1847]]
| place_of_death = [[Томақ]]
| occupation = [[Қазақ ханы]]
| spouse =
'''Кене хан''' ('''Кенесары Қасымұлы, Кенесары Қасымов, Кенесары хан, хан Кене''') — Қазақ хандығының ең соңғы ханы. [[1841]]—[[1847|47]] жж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық [[Ресей|Ресейге]], [[Қоқан Хандығы|Қоқан]] және [[Хиуа хандығы|Хиуа]] хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.
Ол өзінің тегі жағынан [[төре]] тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы [[Абылай хан|Абылай]]. Арғы аталары [[Шыңғысхан|Шыңғысханның]] [[Жошы хан|Жошы]] деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянының қызы Топыштан [[Қасым сұлтан]] туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы
1822 жылы Ресей өкіметі [[Кіші жүз]] бен [[Орта жүз|Орта жүздегі]] хандық билікті жойып, [[Аға Сұлтан|аға сұлтан]] мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
== Көтеріліс ==
[[1827]] жылдан бастап [[Абылай хан|Абылайдың]] ұрпақтары қазақ хандығын патшалық [[Ресей]] езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі [[Қасым хан|Қасым]] мен үлкен ағасы [[Саржан Қасымұлы|Саржан]] бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.
Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін [[1838]] жылы көктемінде [[Ақмола]] бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен [[Ақмола]] аумағының [[Аға Сұлтаны|аға сұлтаны]] [[Құдаймендин, Қоңырқұлжа|Қоңырқұлжа Құдаймендин]] төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді [[Торғай|Торғайға]] бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін [[Ресей]] шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты [[1836]]—[[1838|38]] жж. [[Тайманұлы, Исатай|Исатай Тайманұлы]] бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен [[Кіші жүз|Кіші жүзді]] жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды.
== Ақ киізге көтерлуі ==
[[1841]] жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
[[1841]] жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген [[Жүлек]], [[Ақмешіт]], [[Жаңақорған]], [[Созақ]] қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің [[1844]]—[[1845|45]] жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.
[[1846]] жылы [[Ресей]] жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны [[Кіші жүз|Кіші]] және [[Орта жүз|Орта]] жүздер аумағынан ығыстырды.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде {{formatnum:20000}} адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол [[18 ғ.]] соңы мен [[19 ғ.]] басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.
== Хандықтың құлдырауы ==
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. [[1843]] жылы шілденің 27 [[Николай І|І Николай]] империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары [[1843]]—[[1844|44]] жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары [[қырғыздар|қырғыз]] жеріне шекаралас [[Ұлы жүз|Ұлы жүздің]] аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары [[Томақ]] маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2 </ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
== Сілтемелер ==
* [http://abai.kz/content/ergali-bakash-khan-kenenin-rukhy-askaktagan-k-n Хан Кененiң рухы асқақтаған күн]
{{Kazakh Khans}}
[[Санат:Тұлғалар]]
[[Санат:1802 жылы туғандар]]
[[Санат:1847 жылы қайтыс болғандар]]
{{Bio-stub}}
{{wikify}}
[[az:Kenesarı xan]]
[[ru:Кенесары Хан]]
[[uk:Кенесари]]
BolatbekBot